232 • бағдарламалық-аппараттық əдістер.
Ұйымдастыру əдістері негізінен қызметшілермен жұмысқа,
корпоративтік желі нысандарының орнын таңдауға жəне орна-
ластыруға, физикалық жəне өртке қарсы қорғау жүйелерін
ұйым дастыруға, қабылданған шаралардың орындалуын бақы-
лауды жүзеге асыруға, қорғау шараларының орындалуына жеке
жауапкершілік жүктеуге бағытталған.
Инженерлік-техникалық əдістер ақпарат қауіпсіздігі талап-
тарын есепке алуға, инженерлік коммуникациялардың оңтайлы
желілерін құруға байланысты. Бұл өте қымбат шешім, бірақ, олар
əдетте, нысанды салу немесе қайта қалпына келтіру кезеңінде
жүзеге асырылады, жалпы беріктігін жақсартуға мүмкіндік ту-
ғызады жəне кейбір ақпарат қауіпсіздігі қатерлерін жойғанда
жоғары тиімділік береді. Кейбір қауіп көздері, мысалы, стихиялық
апаттардан немесе техногендік факторлардан туындаған басқа
тəсілдермен жалпы түрде айтқанда жойылмайды.