Техникалық əдістер ақпаратты қорғау мен жағдайды бақы-
лауда арнайы техникалық құралдарды қолдануға негізделген
жəне заңсыз техникалық құралдармен ақпаратты іздеп табуда
кри миногендік элементтердің іс-қимылына байланысты ақпарат
қауіпсіздігіне төнген қауіпті жоюда орасан тиімділік көрсетеді.
Сонымен бірге, кейбір əдістер, мысалы, құралдар мен байланыс
арналарын резервте сақтау нақты техногендік факторларда тиімді
болады.
Бағдарламалық – аппараттық əдістер көбінесе, тікелей
ақпаратты өңдеу жəне жіберу үдерісімен байланысты қауіптерді
жоюға бағытталған. Бұл əдістерсіз ақпараттық қауіпсіздіктің то-
лық кешенді жүйесін құру мүмкін болмайды.
Ақпаратты қорғаудың кешенді жүйесін жасаудың негізгі
принциптерінің бірі ең жоғары достық принципі болуы ке-
рек. Басқаша айтқанда, өтіп кетуге мүмкіндік болса, тыйым-
ды енгізбеу керек, ал егер шек қою қажет болса, онда қалай
пайдаланушыға өте аз ыңғайсыздық жасауға болатындығын əуелі
ойлану қажет. Сонымен қоса корпоративтік желінің амалдық
жəне бағдарламалық-аппараттық құрылымын жəне фирманың
қалыптасқан дəстүрлерін пайдаланып құрастыратын қорғаудың
кешенді жүйесінің үйлесімді болуын ескеру керек.