280 Вирустардыдетектрлеу сапасының келесі пунктте тұру
себебі толық табиғи, өйткені антивирустық бағдарламалардың ан-
тивирус деп аталуы олардың тікелей міндеті – вирустарды ұстау
жəне емдеу болып табылады. Кез келген өз мүмкіндігі бойынша
ең «мықты» антивирус, егер ол вирусты ұстауға шамасы келмесе
немесе оны онша сапалы жасамаса пайдасыз болады. Сондықтан
вирустарды детектрлеу сапасы антивирустық бағдарламаның ма-
ңыздылығы жағынан, тіпті, көпплатформалыққа, əртүрлі сер ви-
сінің болуына жəне тағы басқаларға қарағанда, екінші критерийі
болып табылады. Бірақ бұнда егер вирустарды детектрлеу сапасы
аса жоғары антивирус өте көп жалған əбігерлік туғызатын бол-
са, онда оның пайдалылық деңгейі аса төмендейді, өйткені пай-
даланушы сау файлдарды жоюға мəжбүр болады немесе күдікті
файлдарды өзіндік талдау жасайды немесе жалған дабылдарға
дағдыланады – антивирус хабарына көңіл аудармайды, осының
нəтижесінде нақты вирус туралы хабарды жіберіп алады.
Антивирустың көпплатформалығы тізімдегі келесі пунктке
жатады, өйткені тек нақты амалдық жүйеге есептелген бағдарлама
ғана жүйенің бұл қызметін толық пайдалана алады. «Өгей» анти-
вирустар жиі түрде жұмыс істеуге қабілетсіз болады, ал кейде,
тіпті, бүлдіріп тастайды.