292
3) ақпараттардың ауыспалы тасымалдаушыларында, резервтік
көшірмелері
жоқ маңызды файлдарды сақтау;
4) вирустарды жою үшін антивирустық құралдарды пайда-
лану жəне файлдарды, жад аймақтарын қалпына келтіру. Есеп-
теу жүйелерінің жұмыс қабілеттілігіне бақылау жүргізу сияқты
тізбекте технологиялық əрекеттерді орындауы қажет.
5) егер ЭЕМ-нің жұмыс қабілеттілігі қалпына келтірілмесе,
онда толық өшіруді жəне алмалы емес сыртқы жадта сақтайтын
құрылғыларды форматтауды жүзеге асыруы керек.
БЭЕМ-де бұл
үшін MS DOS FDISK жəне FORMAT бағдарламалары пайдала-
нылуы мүмкін. FORMAT форматтау бағдарламасы, жүктеу ви-
русы болуы мүмкін, қатты дискідегі басты жүктеу жазуын жой-
майды. Сондықтан MBR құжаттамалмаған параметрмен FDISK
бағдарламасын орындау осы бағдарламаның көмегімен бөлім-
дер мен қатты дискіде логикалық дискілер жасау қажет. Содан
кейін бүкіл логикалық дискілер үшін
FORMAT бағдарламасы
орындалады.
6) операциялық жүйелерді, өзге бағдарламалық жүйелерді
жəне вирус жұқтырғанға дейін жасалған резервтік көшірмелер
мен дистрибутивтер файлдарын қалпына келтіру;
7) вирус жұқтырғаны анықталғаннан кейін сақталған файл-
дарды мұқият тексеру жəне қажет болған кезде вирустарды жою
жəне файлдарды қалпына келтіру қажет;
8) пайдаланушының иелігіндегі бүкіл
антивирустық құрал-
дардың көмегімен ЭЕМ-ді жан-жақты тексеру жолымен ақпа-
раттарды қалпына келтіруді аяқтау.
Компьютерлік вирустар жұқтырудың алдын алу бойынша
ұсынымдарды орындау кезінде, сондай-ақ вирустар жұқтарған
жағдайда епті жəне уақытылы əрекет еткенде коммуникациялық
жүйелердің ақпараттық қорларына келтірілетін нұсқан да əлде
қайда аз болады.
Достарыңызбен бөлісу: