289
• компьютерді осы заманғы антивирустық бағдарламалармен
жабдықтау, мысалы Aidstest, Doctor Web жəне ұдайы олардың
нұсқаларын жаңарту;
• басқа компьютерде ақпарат жазылған дискеталарды оқудың
алдында өз компьютеріндегі антивирустық бағдарламаларды іске
қосып, ылғи бұл дискеталарда вирустың барлығын тексеру;
• мұрағатталған түрдегі файлдарды өз компьютеріне ауыс-
тырғанда, қатты дискіні мұрағаттан шығарысымен тексеру, мұнда
тек жаңа жазылған файлдардың аймағымен шектеп тексереді;
• алдын ала амалдық жүйені жазбадан қорғалған жүйелік
дискетамен жүктеп, файлдарды, жадты жəне жазбадан қор-
ғалған дискетті дискілердің жүйелік аймағын тестілеу үшін анти-
вирустық бағдарламаларды іске қоса отырып, компьютердің
қатты дискілерінде вирустардың барлығын əрқашан тексеру;
• егер дискетада ақпарат жазу жүргізілмесе, онда басқа ком-
пьютерде жұмыс істегенде оларды əрқашан жазудан қорғау;
• бағалы ақпараттық мұрағаттың көшірмесін дискетада
міндетті түрде өзіңе жасау;
• компьютерде жүктеуші вирустардың жұғуын болдырмау
үшін, оны қосқанда немесе амалдық жүйені қайта жүктегенде
А дискжетегінің қалтасында дискета қалдырмау;
• компьютерлік желілерден алынған барлық орындалатын
файлдардың енгізілуін бақылау үшін антивирустық бағдар
ла-
маларды пайдалану,
• Aidstest жəне Doctor Web қолдану жоғары қауіпсіздігін
қамтамасыздандыру үшін Adinf диск тексерушіні күнделікті пай-
даланумен қиюластыру қажет.
Тəжірибеде мақұлданған жəне өзінің жоғары тиімділігін
көрсеткен бірқатар ережелерді сақтау коммуникациялық жүйе-
лерде қауіпсіз жұмыс жасаудың басты шарты болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: