319
валында, шифрланған өзіндік шебер-кілттермен желілер бойын-
ша жіберіледі. Олардың өмір сүру уақыты хабар беретін бір сеан-
стан аспайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
• Криптография ақпараттың құпиялылығы мен тұтастығын
қамтамасыз ету мақсатында оны жасыру деп түсіндіріледі. Крип-
тография əдістері ақпаратты жіберуде де жəне оны жадта сақтауда
да қолданылады.
• Криптография аймағындағы ең жаңа жетістіктердің біріне
цифрлік сигнатура – хабарға арнайы қасиет қосу арқылы тұ-
тастығын қамтамасыз ету, мұнда хабар авторына меншіктелген
ашық кілт белгілі болса ғана тексеруге болады.
• Криптографиялық əдістер ақпараттың құпиялылығын, тұ-
тастығы мен нақтылығын тексеруді қамтамасыз ету үшін пайда-
ланылады.
• Ақпаратты жасыру үшін кодтау жəне шифрлау қолданылады.
• Кодтау – кодтық кітаптар немесе кестелердің пайдаланылуы.
Əр сөзтіркестеріне кодтық сөздер сəйкестеніп, көбінесе, цифлар
жиынымен беріледі қайтадан анықтау үшін сондай кодтық кітап
пайдаланылады.
• Шифрлау – символдарды анықтауға болмайтын мəтінге
түрлендіретін процедура. Процедураны қорғаудың айтарлықтай
маңызы бар.
Достарыңызбен бөлісу: