336 ҚОРЫТЫНДЫ • Шифр абсолют тұрақты болатын, яғни х мəтінді ешқашанда
табу мүмкін болмайтын жағдайды қарастырамыз. Клод Шеннон
осындай шифрға арнадған шартты тұжырымдады. Бұл шарт,
жалпы түрде айтқанда, қарсыластың кейбір мəтінін ұстап алған
кезде берілген х туралы ешқандай ақпарат алмауға тиіс екендігі
тұрғысынан аса қисынды саналады.
• Коммутатитвтік топтық операциялардың көмегі жағдайында
жалғанкездейсоқ тізбектілік шифрлары үшін бір кілтті бір
рет жəне одан көп əртүрлі мəтіндер үшін пайдалануға рұқсат
етілмейді. Жалғанкездейсоқ тізбектілік үлкен кезеңге ие болуы
тиіс. Тізбектілікте белгілердің кездесушілік ықтималдығы ша-
мамен бірдей болуы тиіс. Жалғанкездейсоқ тізбектілік, кез кел-
ген кескінді бойынша оны алдына болжауға (ұйғаруға) жəне кері
анықтауға қиын болуы тиіс.
• Жалпы түрде айтқанда, қорытындылай келе, егер қарсылас,
бүкіл мүмкін жиынан шифрмəтінді шамамен тең ықтималдықта
алатын болса, онда Шеннон шарты жоғары дəлдік дəрежесі-
мен орындалады деп айтуға болады. Шеннон шартын сандық
тұрғыдан бағалау аса қиын екенін көру оңай, екіншіден дешиф-
рлау үшін, негізінен, шифрланатын түрлендіруге өте тəуелді,
нақты алгоритм пайдаланылады. Осымен байланысты, нақты ал-
горитм үшін ашық мəтінді немесе кілтті табудың қандай да бір
міндеттерін шешу үшін қажет операциялардағы тұрақтылығын
бағалау қисынды болған болар еді.
• Шифрлейтін түрлендірудің тұрақтылығы - бұл k кілтін
түрлендіру параметрін немесе кез келген шарт бойынша х мə тінін
табу есебінің еңбекті сиымдылығы. Еңбек сиымдылығы түсінігі
алгоритм түсінігімен байланысты, яғни к кілтін табу үшін белгілі
бір алгоритм құрылады жəне тұрақтылық оның еңбек сиым-
дылығымен бағаланады. Егер X мəтінін табу ешқашан мүм кін
болмаса, онда шифр абсолюттік тұрақты болады.
• Пайдаланатын кілттер санына қарай криптографиялық əдіс-
тер біркілттік (симметриялық) жəне екікілттік (ассиметриялық)
болып бөлінеді. Біркілттік əдіс шифрлеу мен дешифрлеуге бір
кілтті пайдаланады, қорғау сенімділігі кілттің құпиялылығына
кепілдік береді.