8 1-тақырып. АҚПАРАТТЫ ЕНГІЗУ, ШЫҒАРУ, БЕРУ, ӨҢДЕУ ЖƏНЕ САҚТАУ АҚПАРАТТЫҚ ҮДЕРІСТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ Дəрістің мəн-мəтіні Мақсаты: Қорғау объектілерінің, əртүрлі ақпарат тасымал-
дағыштарда қорғау элементтерінің жіктелуін, дискілерді қорғау əдістерін зерделеу
Дəріс жоспары 1. Қорғау нысандарын сыныптау
2. Ақпаратты қорғауға бағытталған шаралар
3. Дискілерді қорғау əдістері. Қорғаудың қарапайым тетіктері.
Жетілдірілген жəне күрделі қорғау тетіктері
4. Windows амалдық жүйесі қауіпсіздік жүйесінің жұмыс
істеуі
Негізгі түсініктер: Қорғау нысандары, ақпарат тасымалда-
ғыштары, қорғау тетіктері, қауіпсіздік жүйесі
Тақырыптың мазмұны: Ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі – бұл компьютерлік жүйеде қалыпты қызметістеуді немесе аза-
маттардың,кəсіпорындардың жəне мемлекеттің ақпаратты ие-
лену құқығын бұзатын оқиғаларды, əрекеттерді болдырмауға ба-
ғытталған ұйымдастыру жəне техникалық шаралар жүйесі болып
табылады.