11
сондай-ақ жүйедегі адам факторының қарама-қайшылығын еске-
ру қажет. Қызмет көрсететін персонал мен пайдаланушылар
объ екті, сол сияқты ақпаратқа рұқсатсыз əсер ету көзі де болуы
мүмкін.
«Қорғау объектісі» немесе «объект» ұғымы жиі түрде не-
ғұрлым кең мағынада түсіндіріледі. Шоғырландырылған АЖ
немесе бөлінген жүйелер элементтері үшін «объект» ұғымына
ақпараттық қорлар (ресурстар), ақпараттық, бағдарламалық құ-
ралдар, қызмет көрсететін персонал, пайдаланушылар ғана емес,
сонымен қатар тұрғынжай, ғимарат жəне тіпті, ғимараттың төңі-
регіндегі аумақ та кіреді.
«Ақпараттар қауіпсіздігі» жəне «қорғалған есептеу жүйелері»
ұғымы ақпараттарды қорғау теориясының негізгі ұғымдарының
бірі болып саналады. «АЖ-дегі ақпараттар қауіпсіздігі (қорға-
лушылығы) – бұл, мүмкін қауіп-қатерлерден ақпаратты қажетті
деңгейде қорғау қамтамасыз етілетін, есептеу жүйелерінің бүкіл
құраушысының осындай жай-күйі. Ақпараттар қауіпсіздігі қам-
тамасыз етілетін есептеу жүйелері,
қорғалған деп аталады.
АЖ-дегі ақпараттар қауіпсіздігі (ақпараттық қауіпсіздік)
мемлекеттің, салалардың, ведомстволардың, мемлекеттік ұйым-
дардың немесе жеке фирмалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету-
дің негізгі бағыттарының бірі болып саналады.
Қабылданған қауіпсіздік саясатына сəйкес АЖ-дегі ақпарат-
тардың қорғалушылығын қамтамасыз ететін, құқықтық норма-
лардың, ұйымдық іс-шаралардың, техникалық, бағдарламалық
жə не криптографиялық құралдардың бірыңғай кешені
АЖ-дегі
Достарыңызбен бөлісу: