107
болады. Екі тайталасушы жақтар қарама-қарсы мақсатты қатаң
көздейді. Бірмəнділік емес жəне үдерісті алдын ала болжауы жəне
екі жақтың мақсатты жедел өзгерту мүмкіндігі нашар болған
жағдайда қақтығыс өрістейді. Қақтығыс теориясы ойындар тео-
риясының жетілуі болып табылады. Ойындар теориясының:
• есепті құрылымдау, көз жетерлік түрге келтіру, сандық ба-
ғалау аймағын, реттелуін, артықшылығын табу, егер бар болса,
басымдылық стратегиясын анықтау;
• стохастикалық модельдермен сипаттап есепті соңына дейін
шешу сияқты мүмкіндіктері бар.
Ойындар теориясы оңтайлы немесе орта рационал шешімді
табуға мүмкіндік береді. Ол орта тəуекелдікті азайту принципінен
шығады.Мұндай келіс əрбіреуі өзінше бірегей болатын нақты
қақтығыс жақтарының іс-қимылын толық лайықты көрсете ал-
майды. Қақтығыстар теориясында осы ойындар теориясының
кемшіліктерін жеңуге талпыныс жасалған. Қақтығыстар теория-
сы күрделі жүйелерді зерттеудің бірнеше практикалық есептерін
шешуге мүмкіндік береді. Бірақ ол əлі кеңінен таралған жоқ, əрі
қарай дамуда.
Достарыңызбен бөлісу: