120
тəсілмен дискінің форматталған, форматталмағанына қарамай
көшірмесін алуға болады.
Биттік көшірмешілерден қорғану үшін кейбір қызық тəсілдер
қолданылады. Мысалы, қорғау биттерін енгізу, олар əр уақытта
əртүрлі оқылады, сөйтіп көшірулер верифилаторына оралғы бо-
лады немесе бастапқы көшірмені стандарттан төмен жылдамдық
пен жазу, бұл жазба тығыздығын көбейтеді. Бұл жағдайда стан-
дарттық жылдамдықпен басқа дискіге көшіру жазба ұзындығын
өсіреді, демек жолдың басы бүлінеді.
Бағдарламаны қорғау үшін
аппаратураның арнайы сипат-
тамаларын пайдалану əрқашан өте қуатты деп қарастырылады,
бірақ өте қымбат болады. Бірегей диск идеясы практикалық
қы зығушылық тудырады, өйткені оны тарату құны өте төмен.
Мұндағы принцип, жолдың кейбір секцияларына ақпаратты жа-
зуға болмайтындай дискінің магниттік бетін бірегейлеу болып
табылады. Алғашқыда, оған беттегі элементтерді механикалық
түрде өшіру арқылы қол жеткізіледі, кейіннен лазерлік шоғырлар
пайдаланылады. Сонымен, əр дискінің қажетті форматы бірегей
болады. Бұл əртүрлі дискілердің оқу жылдамдықтарын салы-
стыра отырып, түпнұсқалы дискіні оның көшірмесінен айыруға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: