Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 2


Есептеу жүйесінің құрамындағы қорғау құралдары



Pdf көрінісі
бет92/257
Дата02.02.2022
өлшемі1,47 Mb.
#24735
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   257
Байланысты:
2-дәріс

Есептеу жүйесінің құрамындағы қорғау құралдары дис-
кілер мен аппаратураны, қорғау құлыбын, штаттық құрыл ғылар 
қызметтерінің өзгерісін қорғайды. Мұндай құралдарды пай-
даланғанда есептеу жүйесінің амалдық ортасы штаттық режим-
ге қарағанда, тұрақты түрде өзгеріп отырады, өйткені бағдар-
ламаның орындалуы белгілі іс-қимылдарға, арнайы сақтық шара-
ларына жəне қорғауға кепілдік беретін шарттарға тəуелді болады. 
Есептеу жүйесі құрамындағы қорғау құралдарын мына түрде бе-
руге болады (9-сурет).
Магниттік дискілерді қорғау əртүрлі тəсілдермен орындала-
ды. Мұның негізгі техникасы дискіні арнайы тəсілмен форматтау, 
ол амалдық жүйені көшіруден сақтайды. Бұл – деректер немесе 
каталогтар форматтарын стандартсыз анықтау, секторлар мөлше-


119
рін өзгерту, синхрондалатын биттер санын көбейту, ақпараттық 
тақырыптаманы ауыстыру. Секторларға қатынасу уақыты əр-
түрлі келгендіктен секторларды оқығанда кешігу уақытын бағ-
дарламалық тəсілмен анықтауға болады, ал стандарттық DOS 
көмегімен көшіргенде секторлардың орналасуы өзгеретіндіктен 
кешігу, бастапқы көшірменің кешігулеріне онша сəйкес келмейді.
Аталған əдістер биттік көшіру жүйесін пайдаланғанда тиімді 
болмайды. Биттік көшірме – бұл электрондық көшіру жүйесі, 
мұнда биттер бірінен кейін бірі тікелей ақпарат оқиды. Осы 
9-сурет. Есептеу жүйесін қорғау құралдары


120
тəсілмен дискінің форматталған, форматталмағанына қарамай 
көшірмесін алуға болады.
Биттік көшірмешілерден қорғану үшін кейбір қызық тəсілдер 
қолданылады. Мысалы, қорғау биттерін енгізу, олар əр уақытта 
əртүрлі оқылады, сөйтіп көшірулер верифилаторына оралғы бо-
лады немесе бастапқы көшірмені стандарттан төмен жылдамдық 
пен жазу, бұл жазба тығыздығын көбейтеді. Бұл жағдайда стан-
дарттық жылдамдықпен басқа дискіге көшіру жазба ұзындығын 
өсіреді, демек жолдың басы бүлінеді.
Бағдарламаны қорғау үшін аппаратураның арнайы сипат-
тамаларын пайдалану əрқашан өте қуатты деп қарастырылады, 
бірақ өте қымбат болады. Бірегей диск идеясы практикалық 
қы зығушылық тудырады, өйткені оны тарату құны өте төмен. 
Мұндағы принцип, жолдың кейбір секцияларына ақпаратты жа-
зуға болмайтындай дискінің магниттік бетін бірегейлеу болып 
табылады. Алғашқыда, оған беттегі элементтерді механикалық 
түрде өшіру арқылы қол жеткізіледі, кейіннен лазерлік шоғырлар 
пайдаланылады. Сонымен, əр дискінің қажетті форматы бірегей 
болады. Бұл əртүрлі дискілердің оқу жылдамдықтарын салы-
стыра отырып, түпнұсқалы дискіні оның көшірмесінен айыруға 
мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет