Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет14/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   158
2.2 
Педагогикалық 
зерттеулердің 
деңгейлері 
әдістемелік, 
шығармашылық, эмпирикалық болып үшке бөлінеді. 
Әдістемелік  –  тәжірибелік  және  теориялық  зерттеулер  негізінде 
педагогикалық  құбылыстарды  зерттеудің  жалпы  қағидалары  мен  әдістері, 
теория құрылымы қалыптастырылады. 
Әдістемелік белгілері: 
 
мақсатқа бағыттылығы; 
 
нақтылығы; 
 
анықтылығы; 
 
көлемінің шағындылығы. 
Әдістемелер  машықтандыру  (практикалық)  жұмыстарға  керекті 
әдістемелік оқу құралдарын, нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар, құралдар т.б. 
беруге бағытталған. 


27 
 
Әдістемелік  зерттеу  –  зерттеу  нәтижелерін  тәжірибеге  енгізуге 
бағытталған.  
Эмпирикалық  - педагогика ғылымында жаңа деректер белгіленіп, соның 
негізінде  заңдылықтар  анықталады.  Практикалық  зерттеудің  алынған 
педагогикалық  деректерін  жинақтау,  таңдау,  салыстыру,  ойша  талдау  және 
жинақтау, сандық және сапалық тұрғыдан өңдеу. 
Шығармашылық  субьекті  мәселені  өзі  талқылап,  өзі  шешеді.  Мәселені 
шешудің  тың  жолдарын  іздестіруге  деген  ұмтылыс.  Кейбір  зерттеушілер 
шығармашылықты  –интуитивтік  процесс,  екіншілері  –  алгоритм  идеялары, 
үшіншілері – эвристикалық көрініс ретінде түсіндіреді. 
Интуиция  –  алдын-ала  сезу,  әрекет  нәтижесін  білу,  алған  білімі  мен 
тәжірибе негізінде жаңаны табу, шындықты білу қасиеті. 
  интуиция: 
  орасан зор білім қорының жиналуы; 
  білімді меңгерудегі сезімдік «дайындығы»; 
  стандартты  емес  тапсырмаларды  шешу  білігінің  нәтижесі  ретінде 
көрінеді. 
 
Алгоритм  –  берілген  мәліметтерді  пайдаланып  көздеген  нәтижеге 
жеткізетін  әрекеттер  тізбегін  көрсететеін ереже.  Алгоритм  ғылыми  ізденісте 
статистикалық  және  динамикалық  сипаттамаларды  талдауда,  модельдеуде, 
зерттеу пәні мен құбылыс жүйесін дұрыс бағалауда қолданылады. 
 
Зерттеуші  ғылыми  ізденісте  өзінің  әрекетін  жалпы  эвристикалық 
ізденіс ережелерімен сәйкес құрып, мынадай элементтерді енгізеді: 
  педагогикалық жағдайға талдау (диагноз); 
  бастапқы  мәліметтерді  нәтижемен  салыстыра  отырып  жобалау, 
болжау; 
  оқу-тәрбие үдерісін жүзеге асыру; 
  алынған мәліметтерді бағалау; 
  жаңа міндеттерді қалыптастыру. 
 
Мұндай  эвристикалық  ойды  қалыптастыру  үшін  ғылыми  теориялар, 
идеялар  мен  ұстанымдар  негізінде  жасалатын  соңғы  ғылыми  білім  жүйесін 
игеруі тиіс.  
 
В. Бурцеляның пікірінше, ғылыми-нәтижелі ізденіс мынадай белгілер 
бойынша сипатталады: 
  ізденімпаздық, шығармашылық; 
  болашақ мамандығына ғылыми тұрғыдан жақындығы; 
  білімін тереңдетуге және жеке дамуына мән беру. 
Ғылыми  қызығушылық  көбінесе  ғылыми  білікке  құмарлық,  ғылыми 
еңбектен қанағат алу немесе «жаңалық ашуға ұмтылуға» байланысты.  
 
Шығармашылық  тынымсыз  ізденістің  нәтижесі.  Шығармашылық 
дербестік,  өзіндік  жұмыс  істеу  шеберлігі  мен  дағдылары  өзінен-өзі  пайда 
болмайды,  ол  мақсатты  оқу  қызметінің  нәтижесі  және  өз  кезегінде 
шығармашылық,  тәжірибелік  сипаттағы  әр  түрлі  тапсырмаларды  орындау 
процесінде қалыптасады. 
 
Шығармашылық  шаралар (процедура): 


28 
 
  бұрын меңгерілген білімін және білігін жаңа жағдайға бейімдеу; 
  таныс жағдайдағы мәселені көре білу; 
  нысананың құрылымын анықтау; 
  шешімнің немесе оның әдістерінің баламасын көре білу; 
  бұрын  меңгерілген  қызмет  тәсілдерін  пайда  болған  проблемаға 
үйлесімді қолдану; 
Шығармашылық  –  адамның  танымға  және  шындықты  түрлендіруге 
бағытталған саналы, мақсатты, белсенді іс-әрекеті.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет