Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет17/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   158
Әдіснаманың  философиялық  деңгейі,  оның  мазмұны  танымның  жалпы 
принциптері  мен  ғылымның  категориялық  құрылымынан  тұрады. 
Философиялық  білім  жүйесі  әдіснамалық  міндетті  атқарады.  Бұл  жағдайда 
философиялық  деңгей  кез-келген  әдіснамалық  білімнің  мазмұндық  негізі 
ретінде қарастырлады.  
Әдіснаманың  жалпы  ғылымилық  деңгейі  барлық  немесе  көптеген 
ғылыми пәндерде (салаларда) қолданылатын теориялық тұжырымдама болып 
табылады. 
Әдіснаманың  нақты  ғылымилық  деңгейі  кез-келген  арнайы  ғылыми 
пәнде  (салада)  қолданылатын  зерттеу  әдістері,  принциптері  және 
шараларының 
жиынтығы. 
Педагогиканың 
әдіснамасы 
дегеніміз 
педагогикалық шынайылықты көрсететін педагогикалық теорияның негіздері 
мен  құрылымдары,  білім  алудың  жолдары  және  көзқарастарының 
принциптері туралы білім жүйесі, сонымен қатар осындай білім алудың және 


34 
 
зерттеу  жұмыстарының  бағдарламасын,  логикасын,  әдістерін,  сапасын 
бағалауды негіздеу әрекетінің жүйесі. 
Әдіснаманың  технологиялық  деңгейі  (зерттеу  әдіснамасы)  зерттеудің 
әдістемесі  мен  техникасынан  тұрады,  яғни  кейін  ғылыми  білім  қорына 
енгізілетін  эмпирикалық  материалды  алуды  және  оның  бастапқы  өңдеуді 
қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы.  
Чехтың  педагог-зерттеушісі  Яна  Скалкова  былай  деп  тұжырымдайды: 
«Педагогика  әдіснамасы  педагогикалық  теорияның  негізі  мен  құрылымы 
туралы  білім  беру  жүйесін  ұсынады».  Мұндай  педагогика  әдіснамасының 
ұсынысы  толық  бола  алмайды.  Мәнін  ашып  түсіндіру  үшін  педагогика 
әдіснамасының қандай қызмет атқаратынына көп көңіл бөлуіміз керек. 
М.  А.  Данилов  ұсынған  педагогика  әдіснамасының  анықтамасы 
мынадай:  «Педагогика  әдіснамасы  дамып  келе  жатқан  қоғам  жағдайында 
үздіксіз  өзгеріп  отыратын  педагогикалық  ақиқатты  дұрыс  көрсететін 
педагогикалық  теорияның  бастапқы  ережелері,  оның  негіздемесі  мен 
құрылымы  туралы,  білім  алудың  тәсілдері  мен  әдістерінің  принциптері 
туралы білімдер жүйесі».  
В. И. Загвязинский берген анықтама әдіснаманың қазіргі анықтамасына 
көбірек  жуықтайды:  «Педагогикалық  әдіснама  –  ғылыми-техникалық 
зерттеудің  бастапқы  (басты)  ережелер,  құрылымы,  функциялары  және 
әдістері туралы ілім». 
Әдіснаманы  түсіндірудің  әр  түрлі  нұсқаларын  талдай  келіп  А.  М. 
Новиков  былай  деп  жазды:    «Әдіснама  дегеніміз  іс-әрекетті  ұйымдастыру 
туралы 
ілім». 
Мұндай 
анықтама 
әдіснаманың 
пәнін 
іс-әрекетті 
ұйымдастыруды заңдастырады. 
Іс-әрекетті ұйымдастыру дегеніміз оны логикалық құрылымының нақты 
белгіленген сипаттамаларымен және оны жүзеге асыру үдерісімен бірге тұтас 
жүйеге келтіру деген сөз. 
Логикалық  құрылым:  субьект,  обьект,  пән,  нысандар,  құралдар,  қызмет 
әдістері, оның нәтижелері сияқты көптеген компоненттерді қамтиды. 
Қазіргі  ғылымтануда  әдіснаманы  ең  алдымен,  ғылыми  танымдық 
қызметтің  нысандары  мен  әдістері,  құру  принциптері  туралы  ілім  ретінде 
таниды.  Ғылым  әдіснамасы  зерттеу  компоненттерінің  сипаттамасын  –  оның 
обьектісін  талдау  пәнін,  зерттеу  міндеттерін,  оны  шешуге  қажетті  зерттеу 
құралдарының  жиынтығын  береді,  сондай-ақ  зерттеу  міндеттерін  шешу 
үдерісіндегі 
қимыл-қозғалыстардың 
дәйектілігі 
туралы 
түсінікті 
қалыптастырады. 
Осыған 
байланысты 
педагогикада 
әдіснаманы 
педагогикалық  таным  және  болмысты  қайта  құру  туралы  теориялық 
ережелердің жиынтығы ретінде қараған жөн. 
Г.П.  Щедровицкийге  сенсек,  әдіснаманы  іс-әрекетті  ұйымдастыру 
туралы  ілім  ретінде  қарап,  осы  заманғы  әдіснаманың  негіздеу  жүйесін 
құрайтын мынадай үш негізгі функцияны бөле жарып айтуға болады: 
1.  Іс-әрекеттің философиялық-психологиялық теориясы 


35 
 
2.  Зерттеу  әдістерінің  немесе  күрделі  жүйелерді  жобалау,  іздеу, 
жоспарлау  және  мәселелерді  жоюға  арналған  өзгерістерді  іске  асыру  жүйесі 
туралы ілімді жүйелі түрде талдау. 
3.  Ғылымтану, 
ғылым  теориясы.  Бірінші  кезекте,  әдіснамаға 
ғылымтанудың  гносеология  (таным  теориясы)  және  семиотика  (белгілер 
туралы ғылым) сияқты тарауларының қатысы бар. 
  Әдіснама 
іс-әрекетті 
ұйымдастыру 
туралы 
ілім 
ретінде 
қаралатындықтан,  ең  алдымен  іс-әрекет  туралы  негізгі  ұғымдарға  жүгіну 
қажет.  
  Іс-әрекет  –  адамның  айналадағы  өмірмен  белсенді  қарым-қатынасқа 
түсуі.  Оның  барысында  адам  обьектіге  мақсатты  түрде  әсер  етеді  және 
сонысымен  өзінің  қажеттіліктерін  қанағаттандыратын  субьект  ретінде 
танылады.  
  Ғылыми  ортада  іс-әрекетті  түсіндіруде,  екі  көзқарас,  екі  тәсіл 
қалыптасқан:  психологиялық  (А.  Н.  Леонтьев)  және  әдіснамалық  (Г.  П. 
Щедровицкий). Оның алғашқысында іс-әрекетті субьект жүзеге асырады деп 
есептелінеді.  Екіншісінде,  іс-әрекет,  өздігінен  алғанда,  тұлғаны  еліктіріп 
әкетіп,  ұдайы  жаңарып  отыратын  түп  негіз  болып  табылады.  Жеке  адамға 
бағдарланған және мәдениетке ден қойған білім беру үдерісі үшін аталған екі 
көзқарасты  біріктірген  жөн:  яғни  оқушының  ішкі  жан  дүние  байлығын 
меңгеруден мәдени-тарихи жетістіктерді игеруге көшуі. 
  Жүйелік  талдау,  пәнаралық  немесе  пәннен  жоғары  ережелер  арқылы 
ерекшелене  отырып,  және  қолданбалы  диалектика  ретінде  іс-әрекетті  саяси, 
әлеуметтік,  экономикалық,  техникалық  т.с.с  сипаттағы  мәселелерді  шешуге  
дайындауға, негіздеуге бағытталған күрделі жүйе ретінде қарайды.  
  Іс-әрекетке 
жүйелік 
құрылымдық 
талдау 
жасай 
келіп, 
Г.П:Щедровицкий: «адам-дамушы іс-әрекет жүйесінің ішіндегі шағын ұйым» 
деген оғаштау қорытындыға келеді.  
  Педагогика  ғылымның  әдіснамасы,  біріншіден,  жалпы  әдіснама 
ғылымынан  туындайды,  екіншіден,  қоғамдық  ғылыми  жүйенің  даму 
тенденциясын  оқып  үйренумен  және  зерттеумен  байланысты  болады, 
үшіншіден,  педагогикалық  құбылыстардың  жағдайлары  туралы  теориялық 
қағидалармен,  оларды  зерттеу  әдістерін  қарастырады,  төртіншіден,  жаңадан 
алған  білімдерді  тәрбие,  оқыту,  білім  беру  тәжірибесіне  ендірумен 
анықталады. 
  Педагогика 
ғылымының 
әдіснамалық 
мәселесін 
қарастыруда 
ғалымдардың интеграциялық даму тенденциясын ескеру, зерттеу қажеттілігі 
күн  тәртібінде  тұр.  Тәрбие  мен  білім  берудің  көптеген  аспектілерін 
педагогика  ғылымы  ғана  емес,  басқа  да  бірнеше  ғылымдар  зерттейді.  Бұл 
жағдайда  зерттеу  мәселесін,  мазмұнын,  идеясын,  пәнін  т.б.  ғылыми 
аппаратын  бірлікте,  тұтастықта  шешу  үшін  анық,  әрі  дәл  әдіснамалық  негіз 
қажет.  Сонымен  қатар,  қазіргі  кезде  көптеген  әлемдік  мәселелерді  шешуге 
педагогика  ғылымының  да  айтарлықтай  үлесі  бар.  Солардың  ішінде 
педагогиканың  әдіснамалық  педагогиканың  ғылым  ретіндегі  пәнін  анықтау 
басты  мәселе.  Қоғамдық  өмірдің  барлық  саласындағы  саяси,  әлеуметтік, 


36 
 
экономикалық,  рухани  ағартуда  жүріп  жатқан  іргелі  жаңарулар  сайып 
келгенде адам проблемасына келіп тіреледі. 
  Педагогикалық  зерттеулердің  әдіснамалық  мәселелері:  ғылымның  пәні 
мен  сол  ғылыми  құбылыстардың  танымдық  логикасын  анықтау,  жалпы 
зерттеудің  ерекшеліктері,  сол  ғылым  төңірегіндегі  зерттеушінің  зерттеу 
жұмысына дайындығы, сын және өзара сын. 
  Әдіснаманың  теориялық  жағы:  негізгі  педагогикалық  заңдылықтарды 
белгілеу  (установление),  ғылыми  ізденістің  алғышарттары  және  дүниеге 
көзқарастарын  анықтау,  яғни  қандай  философиялық,  ғылыми-танымдық, 
биологиялық  және  психологиялық  идеялар  негізінде  педагогикалық 
зерттеулер  құрылды,  күтілген  нәтижелер  түсіндіріледі  және  қорытынды 
жасалады.  
  Әдіснаманың  нормативтік  қыры:  педагогикалық  нысан  жалпы 
ұстанымдар  тұрғысынан  зерттеу.  Зерттеудің  жалпы,  жеке  ғылыми-
педагогикалық әдістері мен тәсілдер жүйесін зерттеу. 
  Ең өзекті әдіснамалық мәселелер: 
1.  Педагогикалық іс-әрекеттің, тәрбие мен білім берудің мәнін ашу; 
2.  Үздіксіз білім беру мен тәрбиенің диалектикалық байланысы; 
3.  Білім  беру  мазмұнының  әлеуметтік,  философиялық,  психологиялық 
және педагогикалық негізі; 
4.  Педагогикалық тұрғыдан ойлау, оның диалектикасы мен логикасы; 
5.  Әлеуметтік-педагогикалық  қарама-қайшылықты    қозғаушы  күш 
екендігі.  
  Кез-келген  ғылымның  әдіснамалық  обьектісі  бүкіл  ғылыми-танымдық 
іс-әрекет болып табылады. 
Ғылыми әдіснаманың пәні – білім, оны іс жүзінде пайдалану әдіс-тәсілі. 
Педагогика  ғылымының  әдіснамасы  –  білім,  тәрбие  және  жеке  тұлға 
дамуының таным үдерісі. 
Педагогиканың  әдіснамалық  обьектісі  –  тәрбие,  білім  және  жеке  тұлға 
дамуының  танымдық  құбылыстары,  ал  пәні  жан-жақты  жетілген,  ізгілікті, 
адамгершілікті жеке тұлғаны қалыптастыру процесінің заңдылықтары. 
Педагогикалық зерттеулердің негізгі мақсаты  оқу үдерісінің, тәрбиенің, 
жеке  тұлға  дамуының  обьективті  заңдылықтарын  анықтау,  ашу,  оны  оқу-
тәрбие жұмысында мақсатты түрде, саналы түрде қолдана білу.  
Әдіснамалық  зерттеу  –  педагогикалық  зерттеулер  сапасын  арттырудың 
ұстанымдарын, түсінік құрамы мен әдістерін талдау, педагогика ғылымының 
даму  бағыттары  мен  оның  практикамен  байланысын  және  оның  сапасын 
негіздеу 
үшін 
әдіснамалық 
білімді 
пайдалану 
дегенді 
білдіреді 
(В.В.Краевский). 
Айтылғандарды жинақтай келе, классикаға айналған В. В. Краевскийдің 
әдіснамаға  берген  анықтамасымен  «әдіснама  –  педагогикалық  теория 
құрылымы  амалдар  ұстанымдары  және  педагогикалық  шынайылықты 
бейнелейтін  білімді  іздеу  тәсілдері,  сол  секілді  қызмет  жүйелері  бойынша 
білім  алу,  бағдарламаларды,  логиканы,  зерттеу  жұмыстарының  сапасын 
негіздеу жөніндегі білім жүйесі» қорытындылаймыз.  


37 
 
В.  В.  Краевксий анықтамасында,  педагогикалық теория  жөніндегі  білім 
жүйесімен  қоса,  зерттеушінің  қызметтер  жүйесін  айқындайды.  Демек, 
әдіснама  ғылыми  таным  саласы  ретінде  білімдер  жүйесі,  ғылыми  зерттеу 
қызметтер  жүйесі  деген  екі  бағытта  қарастыралады.  Яғни,  әдіснамалық 
зерттеу, әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету. 
 
Педагогиканың әдіснамасы (методологиясы) 
Педагогикалық 
білімдер  жүйесі  (нені 
зерттейді?) 
 
Педагогиканың 
пәні 
 
Педагогиканың 
категориялары 
(ұғымдары) 
 
Педагогикалық 
ғылымдар  жүйесі,  оның 
салалары, 
құрылымы 
мен 
қызметі, 
өзге 
ғылымдармен 
байланысы. 
 
Педагогикалық 
ғылымның  негізгі  даму 
бағыттары  
Ғылыми 
таным 
үдерісі (қалай зерттейді? 
Қалай оқып үйренеді?) 
 
Ғылыми-
педагогикалық  зерттеу 
әдістері  және  олардың 
өзара байланысы  
 
Педагогикалық 
зерттеудің  эмпирикалық 
(іс-тәжірибелік) 
және 
теориялық деңгейі 
Педагогикалық 
білімдерді 
пайдалану, 
қолдану  үдерісі  (қалай 
пайдалану, 
қолдану 
керек) 
 
Тәрбиенің  мақсаты 
мен  міндетін  нақтылау, 
педагогикалық үдерістің 
заңдары 
мен 
заңдылықтарын 
анықтау. 
 
Педагогикалық 
процестердің 
принциптерін  айқындау, 
белгілеу.  Білім  берумен 
тәрбиелеу 
мазмұнын 
белгілеу.  Оқыту  мен 
тәрбиелеуді 
ұйымдастыру  формасын 
анықтау.  Оқыту  мен 
тәрбиелеудің 
әдіс-
тәсілдерін анықтау. 
 
2.5  Әдіснамалық  білім  беру  студенттердің  оқу  үдерісіндегі  белсенді 
өзіндік  іс-әрекет  етуі  үшін  қажет  құрал  және  шарт  әрі  алдағы  кәсіби 
қызметінде жүзеге асыратын  әрекеттің мақсаты мен нәтижесі. 
Студенттердің  оқу  және  зерттеу  үдерісіндегі  саналы  оқу  әрекетінің 
шешуші әдістемесі ретінде қарастырылады. Оны игерген студент: 
 
өз іс-әрекетінің әдіс-тәсілдерін біледі; 
 
мақсаттарға,  шарттарға  және  пәнге  бара-бар  әдісті  таңдауды, 
модификациялауды, құрылымдауды және құрастыруды біледі; 
 
оны  өзінің  зерттеу  ісіндегі  белгілі  мақсаттарға  пайдалануға 
даярлығы. 
  Әдіснамалық білім беру үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар: 
1.  Әдіснамалық  білім  беру  элементтерін  меңгеріп  оларды  тәжірибеде 
қолдануы қажет. 


38 
 
2.  Әдіснамалық  білім  беру  үдерісін  студенттердің  ғылымды  жұмыс 
құралы  ретінде  меңгеруімен,  дамуымен  және  қолдануымен  тығыз 
байланыстыру қажет. 
3.  Студенттерге  оқу  үдерісіндегі    жүйелі  әдіснамалық  білім  беру  үшін 
ғылыми  қызметтің  негізгі  түрлеріне  және  кәсіби  іс-әрекетін  одан  әрі 
жетілдіруге  бағытталған  үнемі  артып  отыратын  талаптар  жүйесін  дайындау 
қажет. 
  Әдіснамалық білім беру мәселелерін шешу үшін: 
  студенттердің 
тарихи-диалектикалық 
әдістерді 
меңгеруге 
қызығушылығын ояту; 
  студенттерді  әр  ғылымға  тән  жалпы  және  ерекше  әдістерді 
меңгеруге  және  өзіндік  ғылыми  қызметінде  оларды  сабақтастыра  қолдануға 
үйрету; 
  әдіснамалық  білім  беруді  жалпы  тәрбие  және  білім  беру  үдерісіне 
бөлмей,  шығармашыл  тұлғаны  қалыптастырудың  кең  үдерісіне  қосып 
қарастыру қажет. 
Студенттердің  белсенділігі  мен  дербестігін,  сол  сияқты  ғылымға 
белсенді шығармашылық қатынасын арттыруға қажет басты жағдайлар:  
  студенттердің ғылыми-әдіснамалық білімі; 
  оқытушы  мен  студенттің  оқу  мен  ғылымда  сыйластық  пен  сенімнің 
жоғары деңгейімен ерекшеленетін бірлескен қызмет стилін қалыптастыру; 
  студенттердің  өзіндік  оқуы мен ғылыми әрекетіне деген оң ынтасын 
(мотивациясын) арттыру. 
Э.  Г.  Юдин  әдіснамалық  білім  құрылымын  философиялық,  жалпы 
ғылыми, нақты ғылыми және технологиялық деңгейлерге жіктейді.  
  Философиялық  деңгей  мазмұны  әдіснаманың  жалпы  категори  ялық 
құрылысын және танымдық ұстанымдарын құрайды. 
Философиялық білім жүйесінің барлығы әдіснамалық қызмет атқарады. 
  Жалпы  ғылыми  деңгей  барлық  ғылыми  пәндерге  тән  теориялық 
тұжырымдарды біріктіреді. 
  Нақты  ғылыми  деңгей  арнайы  ғылыми  пәндерге  қатысты 
пайдаланылатын  зерттеу  ұстанымдарының,  рәсімдерінің,  әдістерінің 
жиынтығы. 
  Технологиялық деңгейді зерттеу техникасы мен әдістемесі құрайды. 
Барлық деңгейлер өзара байланысты белгілі бір жүйеге бағындырылған. 
Педагогика әдіснамасының жүзеге асыру аймағы: 
1.  Ғылыми-педагогикалық білімдер жүйесі  
  педагогиканың пәні, функциясы және міндеттері; 
  педагогиканың адам туралы ғылым жүйесіндегі орны; 
  педагогика пәндерінің жалпы және өзіне тән міндеттері; 
  педагогиканың терминологиялық жүйесі. 
2.  Педагогикалық құбылыстың ғылыми үрдісі 
  зерттеу әдістерін таңдау мәселелері; 
  зерттеу әдістерінің ерекшеліктері мен өзара байланыстылығы; 


39 
 
  сандық  және  сапалық  сипатының  мазмұндық  және  формалық 
әдістерінің арақатынасы; 
  зерттеудің эмпирикалық және теориялық деңгейі; 
  болжаудың әдіснамалық мәселелері. 
3.  Педагогикалық тәжірибе білімінің жүзеге асыру аймағы ретінде  
  тәрбие үрдісінің мәнін, заңдылық, заңдарын зерттеу; 
  тәрбиенің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын анықтау; 
  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  шарттарын  (факторларын)  зерттеу  және 
салыстыру; 
  тәрбие  үрдісінің  қағидаларын,  формасын,  әдістерін,  ұйымдастыру 
құралдарын жүзеге асыру әдістемесі. 
Кез-келген  педагогикалық  зерттеулерден  мынадай  әдіснамасының 
негізгі белгілерін бөліп көрсетуге болады: 
-  біріншіден,  ғылымның  даму  деңгейін  ескеріп,  тәжірибе  қажеттілігі, 
ғалымның  және  ғылыми  ұжымның  өзекті  және  шын  әлеуметтік 
мүмкіндіктерін зерттеу мақсатын анықтау; 
-  екіншіден,  зерттеудегі  барлық  ішкі  және  сыртқы,  даму  және  өзіндік 
даму үдерісін зерттеу. Мысалға, тәрбие – ол қоғам, мектеп, жанұя және бала 
психологиясы  мен  бірге  дамитын  құбылыс;  бала  –  ол  өзіндік  таным  мен 
дамуға  бейім,  өзіне  әсер  ететін  ішкі  және  сыртқы  жағдайларға  сай  өзгере 
алатын  дамушы  жүйе,  педагог  әрқашанда  өзгеретін,  дамитын  маман,  ол 
өзінің шығармашылыққа қойған мақсаттары арқылы өзгереді; 
-  үшіншіден,  барлық  білім  беру  және  тәрбиелеу  мәселелері  жалпы  адам 
туралы  барлық  ғылыми  негізде  талдау:  әлеуметтану,  психология, 
антропология,  физиология,  генетика  және  т.б.  яғни,  педагогика  –  барлық 
адамның  заманауи  білімдерін  біріктіретін  және  адам  туралы  барлық 
педагогикалық ғылыми ақпаратты жүйелеп жүзеге асыратын ғылым; 
Төртіншіден,  зерттеуде  жүйелілік,  қатынасқа  бейімделу  (құрылым, 
құбылыстар  мен  элементтер  байланысы,  даму  динамикасы,  тенденциялар, 
негізгі талаптары мен ерекшеліктері); 
- бесіншіден, ұжымның және жеке адамның дамуындағы, білім беру мен 
тәрбие үдерісіндегі қайшылықтарды көрсету және шешу; 
- алтыншыдан,  теория  мен  тәжірибе  байланысын  құру,  ойлар  және 
оларды  жүзеге  асыру,  педагогтардың  жаңа  ғылыми  концепцияларына 
бейімделуді, жаңа педагогикалық ойлар қалыптастыру. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет