Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет58/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   158
Әңгіме әдісі. 
Әңгіме  –  1.  тұлғаның  жеке  ерекшеліктерін  анықтау  мақсатымен 
(мотивациялық 
және 
эмоционалдық 
аясын, 
білімін, 
сенімін, 
қызығушылығын,  артықшылығын,  ұстанымын,  ортаға,  ұжымға  қатынасын 
т.б)  ұйымдастыралытн  психологиялық-педагогикалық  зерттеу  әдісі.  2. 
Мұғалімнің  мұқият  ойластырылған  сұрақтар  жүйесін  қою  жолымен 
оқушыларды  жаңа  материалды  түсінуге  әкелетін  немесе  енді  оқып 
үйренгенді меңгергенін бақылайтын оқытудағы әдіс. 
      Сұрақ-жауап  тұрғысындағы  әңгіме  және  осының  кез-келген  үлгісі 
алдын-ала  жоспарланған  мәселелер  бойынша,  белгілі  бір  мақсатпен 
өткізіліп,  мұнда  барлығы  да  тіркеледі:  жауапты  нысаны,  әңгімеге  көзқарас, 
мінез-құлық және т.с.с. 
Әңгіме  әдісін  дұрыс  қолдану  үшін  арнайы  жоспар  жасап,  онда  негізгі 
сұрақтар мен жанама  сұрақтардың әңгіме жасаудың әдістері мен  тәсілдерін 
нақты көрсеткен жөн. 
     Педагогикалық  құбылыстарды  анықтау  үшін  әңгіме  мұғалімдер  мен 
ата-аналар  және  басқа  қажетті  адамдармен  жүргізіледі.  Әңгіме  барысында 
зерттеуші  жеке  адамдардың  дербес  ерекшеліктерін  еске  алады.  Әңгімені 
жасөспірімдермен  өткізгенде  өте  жоғары  шеберлікті  қажет  етеді.  Әсіресе 
бастауыш  сынып  оқушыларымен  әңгіме  өткізу  өте  күрделі.  Мұны  тек 
бастауыш  сынып  оқытушылары  ғана  жүргізе  алады.  Себебі  олар  осы 
жастағы балалардың жас ерекшелектерін жақсы біледі. 
Әңгіменің  келесі  түрі  көбінесе  жоғары  сынып  оқушыларымен 
мәселелені талқылау барысындағы әңгімелесу.  
 Әңгімелесу  еркіндік  негізде  жүргізіледі,  анықталған  мәселеге 
байланысты  сұрақтар  дайындалады.  Оқушы  көзінше  жазба  жұмысы 
жүргізілмейді. 
Сұрақ-жауап  тұрғысындағы  әңгіме  және  осының  кез-келген  үлгісі 
алдын-ала  жоспарланған  мәселелер  бойынша,  белгілі  бір  мақсатпен 
өткізіліп, мұнда барлығы да тіркеледі: жауаптың нысаны, әңгіме көзқарасы, 
мінез-құлық және т.с.с. 
Бұл  әдістің  артықшылығы:  оқушыларды  ширатып,  жады  мен  сөйлеуін 
дамытады,  оқушылардың  білімін  жария  етеді,  елеулі  тәрбиелік 
мүмкіндіктері бар. 


 
99 
Әңгімелесушілердің  түрлері  –  ауызша  қарым-қатынас  үдерісінде 
педагогке  тәрбиеленушілермен  өзара  әрекетте  тактика  таңдауда  ескеруге 
пайдалы адамның әр түрлі жеке сипаттарының көрінуі. 
Басым 
ойлы 
әңгімелесушімен 
(қайсар, 
шешім 
қабылдап, 
жауапкершілікті өзіне ала алатын) әңгімені текке үзіп жібермеуге тырысып, 
сабырлы болу тиімді, бірақ өзіңнің көзқарасыңды оған батыл, шешімді түрде 
айту керек; басым ойы жоқ әңгімелесушіні  (сыпайы, жұмсақ, тез абыржып 
қалатын) 
жиі 
жігерлендіріп, 
қызығушылықпен 
тыңдап, 
дұрыс 
қорытындыларын қолдау пайдалы. Қарым-қатынаста ұтқыр тәрбиеленушіні 
(еті  тірі,  тақырыптан  тақырыпқа  жеңіл  ауысатын)  әңгіме  тақырыбына 
оралып,  сыпайы  сөйлесіп отыру  ләзім.  Ригидтіні  (тақырып  ауысуына  ілесе 
алмайтын  шабанды)  асықтырмай,  оған  ақырына  дейін  сөйлеуге  мүмкіндік 
берілуі  тиіс.  Экстраверт  (төтенше)  көпшіл,  белсенді,  көбінесе 
әңгімелесушіге  бағытталған.  Онымен,  әдетте,  қарым-қатынас  жасау  жеңіл. 
Интраверт  әңгімеге  онша  құлқы  жоқ,  егер  алдыңғысы  аяқталмаса, 
тақырыптан  тақырыпқа  қиын  ауысады.  Оны  шыдамды,  ойлы  түрде  тыңдау 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет