Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет61/158
Дата21.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31845
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   158
Анкеталау  –  ауқымды  материал  жинақтау  үшін  қолданылады.  Сұрақ 
жауаптары  жазба  күйінде  қабылданады.  Әңгімелесу  мен  сұхбат  алу  бетпе-
бет  әңгіме  құрумен  жүргізіледі,  ал  анкета  сырттай  орындалады.  Аталған 
әдістердің  нәтижелі  болуы  қойылатын  сұрақтардың  мазмұны  мен 
құрылымына тәуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер:  
1)  алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн;  
2)   сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет;  
3)  сауалнаманың  бірнеше  жоспары  түзіліп,  ол  алғашқы  тексеруден 
өткізілуі тиіс;  
4) 
сауалнама 
кемшіліктері 
түзетіліп, 
пайдалануға 
ақырғы 
редакциясының ұсынылуы дұрыс. 
  Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу 
әдісімен  де  алынады.  Олар:  шәкірттер  орындаған  жазба,  графикалық, 
шығармашылық  және  бақылау  жұмыстары.  Балалардың  суреттері, 


 
101 
сызбалары,  жасалған  қосалқы  бөлшектер,  кейбір  пән  дәптерлері.  Мұндай 
жұмыстар  оқушылардың  даралық  қабілеттерінен  дерек  береді,  олардың 
қандай  да  бір  саладағы  ептілік  және  дағды  жетістіктерінің  деңгейін 
көрсетеді.  Мектеп құжаттарымен танысу әдісін қолдана отырып, оқушының 
жеке  ісі,  дәрігерлік  карта,  күнделік,  жиналыс  не  отырыс  хаттамалары  және 
сол  секілді  мектеп  хат-қағаздармен  танысу  арқылы  зерттеуші  оқу-тәрбие, 
білім  игеру  үдерісін  ұйымдастыру  тәжірибесінде  нақты  қалыптасқан 
объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.   
    Мектеп  құжаттарын  зерттеу.  Оқу  және  тәрбие  жұмысындағы 
кейбір күдікті мәселелерді түрлі құжаттарға сүйеніп, зерттеуге болады. Бұл - 
мектеп  және  мектептен  тыс  тәрбие  мәселелеріндегі  құжаттар  мен  мұрағат 
материалдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   158




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет