Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет31/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   121
Операцияның бағасы деп оның іске асырылу уақытын, ал жұмыс 
бағасы деп барлық орындалған операциялардың бағаларының қосындысын 
атайық. Берілген уақыт аралығындағы құрылғының жүктелуі (р) деп, нақты 
орындалған жұмыс бағасының, максималды мүмкін бағасына қатынасын 
айтамыз. Жүктелу р әрқашанда 0 

р 

1 шартты қанағаттандыратыны мәлім.
Сонымен қатар келесі айқын бекітілім орынды
Бекітілім 2.3.1 
Т уақыт аралығында орындап шығуға болатын жұмыстың 
максималды бағасы, жай ФҚ үшін Т, ал ұзындығы n конвейерлік ФҚ 
үшін nT.
Құрылғылар жүйесінің нақты өнімділігі деп бірлік уақытта орташа 
нақты орындалған операциялар санын айтамыз. Шекті өнімділік деп ФҚ - 
лар арасында байланыс болмаған жағдайдағы бірлік уақыт ішінде сол жүйеде 
орындалуы мүмкін максималды операциялар санын айтамыз. Анықтамадан
жүйенің нақты және шекті ӛнімділіктері, құрылғылар жүйесінің барлық 
құрамының сәйкесінше нақты және шекті ӛнімділіктерінің қосындысы екені 
шығады.
Бекітілім 2.3.2 
Жалпы жағдайда қарапайым немесе конвейерлік құрылғылардан 
құралған жүйе s құрылғыдан тұрсын,. Егер құрылғылардың шекті 
өнімділігі сәйкесінше π
1
,… π
s
болса және р
1
, ... ,p
s
жүктелулерімен 
жұмыс істесе, онда жүйенің нақты өнімділігі r мына формуламен 
өрнектеледі. 
=
i
s
i
i
p



1
(2.3.1)
Жүйенің нақты ӛнімділігі, барлық ФҚ - дың нақты ӛнімділіктерінің 
қосындысына тең болғандықтан, бұл бекітілімді бір құрылғы үшін дәлелдесе 
жеткілікті. Бір операцияны орындау үшін ФҚ - ға τ уақыт керек болсын және 
Т уақытта N операция орындалсын. Құрылғы типінің қандай екеніне тәуелсіз 
орындалған жұмыстың бағасы - ға тең. Егер құрылғы қарапайым болса, 
онда 2.3 1 бекітіліміне сәйкес жұмыстың максималды бағасы Т тең. 
Сондықтан құрылғының жүктелуі Nτ/Т тең. Анықтама бойынша ФҚ-ның 
нақты ӛнімділігі N/Т, ал оның шекті ӛнімділігі – 1/τ. Енді конвейерлі 
құрылғының ұзындығы n тең деп алайық. Алдыңғы бекітілімге сәйкес бұл 
жағдайда максималды жұмыс бағасы тең. Сол себептен құрылғының 
жүктелуі Nτ/nТ, нақты ӛнімділігі N/Т, ал шекті ӛнімділік n/τ тең. Тағы да 2.3.1 
тендігі айқын.


56 
Егер r, 

, p бір құрылғының, сәйкесінше, нақты ӛнімділігі, шекті 
ӛнімділігі және жүктелуі болса, онда r=p

теңдігі орын алады. Бұдан 
кӛретініміз, құрылғының барынша жоғары нақты ӛнімділігіне қол жеткізу 
үшін, оның барынша кӛп жүктелуін қамтамасыз ету керек. Тәжірибелік 
мақсат үшін ӛнімділік ұғымының маңыздылығы жоғары, ӛйткені тек сол ғана 
құрылғының қаншалықты тиімді пайдалы жұмыс істейтінін кӛрсетеді. 
Ӛнімділікке қатысты жүктелу ұғымы кӛмекші болып табылады. Оның 
пайдалы жағы, анықталған іс-әрекеттер арқылы ӛнімділікті жоғарылату 
жолын сілтейді. Құрылғылар жүйесі үшін де аналогты рӛл атқаратын 
жүктелу ұғымын енгізу абзал болар еді. Оны әртүрлі жолмен анықтауға 
болады. Мысалы, бір ФҚ үшін сияқты, ФҚ жүйесінің жүктелуін, нақты 
орындалған жұмыс бағасының максималды мүмкін құнына қатысы деп 
есептеуге болар еді. Мұндай анықтама бізге бірнеше пайдалы қорытулар 
жасауға мүмкіндік туғызады. Бірақ қалыс қалулар да жоқ емес. Бұл 
анықтамада баяу және тез құрылғылар тең дәрежеде қалады және егер 
жүйенің жүктелуін кӛтеру қажет болса, онда оны бізге қай ФҚ-ның есебінен 
істегеніміз дұрыс екені бірден кӛрінбейді. Сонымен қатар, осы жағдайда 
жүйе сипаттамасына сәйкес r=p

теңдігі әрқашанда орындала бермейді. 
Жүйе жүктелуі ұғымының дұрыс енгізу жолын (2.3.1) қатынасы береді.
Жалпы жағдайда қарапайым немесе конвейерлік құрылғылардан 
құралған жүйе s құрылғыдан тұрсын. Егер құрылғылардың шекті ӛнімділігі,
сәйкесінше, π


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет