Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет36/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   121
Байланысты:
duisembiev-parallel-esep

Салдар (Амдалдың ҥшінші заңы) 
 
Жүйе қарапайым бірдей әмбебап құрылғылардан құралсын делік. Кез-
келген жұмыс режимінде оның жеделдігі тізбекті есептеулер еншісінің кері 
шамасынан асып түсе алмайды.
Соңғы салдардан байқайтынымыз келесі ғана, егер n операция 
тізбектеліп орындалса, онда алгоритмнің кезкелген параллель үлгісінің 
ярустар саны n-нен кіші болмайды. 2.3.5 бекітілімінің белгілеулерінің шарты 
бойынша m
n

дегенді білдіреді.
Жүргізілген зерттеулерде операцияның мазмұны жайында анық 
айтылған жоқ. Жалпы жағдайда, олар қосу және кӛбейту сияқты 


63 
элементарлық немесе күрделі есептерді шешуге арналған үлкен алгоритмдер 
болуы мүмкін. 
Жаңа заманғы есептеуіш жүйелер мыңдаған, он мыңдаған, жүз 
мыңдаған процессорлардан құралады. Процессорлар саны кӛп жүйелер 
жеткілікті түрде толығымен жүктелуі керек. Кері жағдайда оларды құрудың 
еш мәні жоқ. Осындай жүйелерде іске асырылатын алгоритмдердегі тізбекті 
операциялардың еншісі пайыздың оннан бір немесе жүзден бір бӛліктерін 
ғана құрау керек. Алгоритмдерді құрастыру мәселелеріне келесі бӛлімде 
тоқталатын боламыз. 
Қорыта келе келесілерді атап ӛтейік. Параллельді процестер және 
параллель есептеу жүйелеріне арналған жан-жақты әдебиеттерде, ӛнімділік, 
жеделдік, тиімділік және т.с.с қатысты кӛптеген әртүрлі анықтамалар мен 
заңдылықтарды кездестіруге болады. Әдетте, жаңа анықтамалар мен заңдар, 
олардың ескі нұсқалары зерттеушілерді қандай да бір себептермен 
қанағаттандырмаған жағдайларда туады. Бірақ мұндай «жаңашылдыққа» ӛте 
сақтықпен қарау керек екенін естен шығармаған абзал.
Амдал формуласын негізінен жеделдету мүмкіндігін болжау үшін 
қолданған жӛн. Берілген жағдайда, 

шамасын программаны паралельді 
есептеу жүйесінде жібермей ақ есептеуге болады. Густавсон–Барсис 
формуласын программаны бір процессорлы компьютерлерде жібермей ақ қол 
жеткізілген жеделдікті бағалау үшін қолдануға болады [5]. Мұнда 

шамасы есепті шешу процесінде ӛлшенбейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет