Процессордың регистрлік құрылымы Әрбір процессорда негізгі және аралық регистрлер жиыны болады.
Негізгі регистрлерге адрестік регистрлер А, скалярлық регистрлер S және
векторлық регистрлер V жатады. Жады және негізгі регистрлер арасындағы
аралық сақтаушы рӛлін атқаратын аралық В және Т регистрлері, сәйкесінше
А және S регистрлері үшін де қарастырылған. Барлық негізгі регистрлер
жадымен және функционалдық құрылғылармен байланысқан, ал А және S регистрлері сәйкес аралық регистрлермен қосымша байланыс түзейді.
Аралық регистрлер тек жадымен және негізгі регистрлермен байланысқан,
олардың функционалдық құрылғылармен тікелей байланысы жоқ. Айта кету
керек, бұл компьютерде дәстүрлі кэш-жады да қарастырылмаған.
Компьютер құрылымында 8 адрестік регистрлер, негізінен А
жиынында және 64 регистр аралық В жиынында қарастырылған. Адрестік
регистрлер адрестерді, ығысулар шамасын кӛрсету, цикл итерациялар санын
және т.б. есептеуге және сақтауға арналған. Осы топтағы барлық
регистрлерде 32 разрядтан бар.
Адрестік регистрлер жағдайындағы сияқты скалярлық регистрлердің S негізгі жиынында 8 регистр және аралық Т жиынында тағы 64 регистр бар.
Бұл регистрлер, скалярлық арифметика нәтижелерін және аргументтерін
сақтауға арналған, бірақ оларда векторлық командалар үшін операндалар
болуы мүмкін. Яғни, бұл дегеніміз, скалярлық регистрлер скалярлық та,
векторлық та командаларды орындау үшін пайдаланылады деген сӛз. Барлық
скалярлық регистрлер 64 разрядты.
Әрбір векторлық V регистр 128-ге дейін 64-разрядты сӛз сақтай алады.
Процессорда барлығы 8 векторлық регистр бар. Аралық регистрлер V жиыны
үшін қарастырылмаған. Векторлық регистрлер тек қана векторлық
командаларды орындау үшін пайдаланылады.
Векторлық командалардың орындалуына қолдау кӛрсету үшін екі
қосымша регистрлер және VM қарастырылған. Вектор ұзындығы регистрі VL векторлық регистрлерде сақталатын және векторлық операцияларға
қатысатын векторлардың нақты ұзындығын қамтиды. Бұл регистр 8
разрядты. Вектор маскасы регистрі VM, кірістік вектор элементтерімен
(бәрімен емес) векторлық операцияларды орындауға мүмкіндік бередіжәне
ол 128 разрядтан тұрады. Егер маска разряды 1-ге тең болса, онда сәйкес
элементтермен операция орындалады, кері жағдайда – орындалмайды. Бұл
77
мүмкіндік, шартты операторларды қамтитын фрагменттерді векторлау
кезінде аса пайдалы.