Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет41/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   121
Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Практика 
жүзінде 
компьютерлерді 
оның 
бағасы 
бойынша 
классификациялау пайдалы болуы мүмкін бе? Егер пайдасы болса, онда 
пайдаланушылардың қандай класына жатады? 
2. Практика жүзінде компьютерлерді оның шектік ӛнімділігі бойынша 
классификациялау пайдалы болуы мүмкін бе? Егер пайдасы болса, онда 
пайдаланушылардың қандай класына жатады? 
3. Флин классификациясы бойынша, бүгінгі күнгі ортақ жадылы 
компьютерлерді қай класқа жатқызуға болады, мысалы, HP Superdome? 


72 
4. Флин классификациясы бойынша, суперскалярлық және VLIW- 
процессорларын қай класқа жатқызуға болады? 
5. SISD класы туралы не айта аласыз? 
6. SIMD класына жататын соңғы компьютерлерге мысалдар келтіріңіз. 
7. MIMD класына жататын соңғы компьютерлерге мысалдар келтіріңіз. 
8. Таратылған жадылы MIMD машиналары туралы не айта аласыз? 
9. Р.Хокни классификациясының негізгі идеясы неде? 
10. Флин және Хокни классификацияларының арасындағы айырмашылық? 
11. Флин 
және 
Хендлер 
классификацияларының 
арасындағы 
айырмашылық? 
12. Осы 
параграфта келтірілген және сілтеме жасалған әртүрлі 
классификациялар арасындағы ӛзара байланысты табыңыз. 
13. Тиімді 
бағдарлама құрастыру үшін пайдаланушыға параллель 
компьютер архитектурасының қандай параметрлерін білу қажет? 
§1.3.2
Векторлы-конвейерлік компьютелер 
 
Алғашқы Cray-1 компьютері 1976 жылы құрастырылып пайдалануға 
берілгеннен кейін векторлы-конвейерлік компьютерлердің тарихы басталды 
десе 
болады. 
Бұл 
суперкомпьютердің 
архитектурасы 
ӛте 
сәтті 
шыққандықтан, артынша, бірнеше ӛте ұқсас суперкомпьютерлер жасалынып, 
оның атауы ӛте қуатты есептеу техникаларының белгісі ретінде қабылданды.
Ӛткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан бастап, векторлық 
компьютерлер ӛз орындарын таратылған жадылы массивті-параллель 
компьютерлерге бере бастағаны байқалды. Бұл түсінікті де еді. Ерекше 
дайындалған есептеу жүйелері үшін баға/өнімділік ара-қатынасы жаппай 
ӛндірілетін ӛнімдермен конкуренцияға түсе алмайтыны белгілі, ал осы 
параметр кӛп жағдайда шешуші болып табылатыны анық. Сол себепті 
векторлы-конвейерлік компьютерлердің дамуы осымен аяқталуға жақын 
деген сӛздер де шыға бастады. Алайда, 2002 жылы NEC корпорациясы 
негізін векторлық процессорлар құрайтын «the Earth Simulator» параллель 
есептеу жүйесін құрудың негізгі жұмыстары аяқталды деп хабарлады. Бұл 
жүйе 640 есептеу торабынан тұрды, әр торапқа 8 векторлық процессордан 
жинақталып, жүйе барлығы 5120 процессорды қамтыды. Әрбір 
процессордың шектік ӛнімділігі 8 Гфлопс құрағандықтан, тұтас компьютер 
үшін бұл шама 40 Тфлопс-тан асып түсті. LINPACK тестіндегі ӛнімділігі 35,6 
Тфлопс құрады, яғни шектік ӛнімділігінің 89 % - әрине бұл ӛте керемет 
кӛрсеткіш. Бұдан шығатын қорытынды, параллель есептеу техникасы 
дамуының векторлы-конвейерлік бағыты перспективті бағыттардың бірі 
болып қала берері анық.
Енді, осы бағытта құрастырылған есептеу жүйелерімен толығырақ 
танысу үшін, осы класқа жататын компьютерлерге тиісті ерекшеліктердің 
бәрі архитектурасында бар Cray C90 компьютерін қарастырайық [9]. Оның 


73 
ізін басушы Cray Т90 компьютерінің құрылымы да осы сияқты, ол тек 
жекелеген сандық сипаттамаларымен ғана ерекшеленеді.
Сонымен, Cray C90 – ӛткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында 
ӛмірге келген векторлы-конвейерлік компьютер. Компьютердің максималды 
конфигурациясына, ортақ жадымен жұмыс істейтін, бірдей 16 процессор 
енгізілген. Компьютердің такті уақыты 4,1 нс, ол шамамен 250 МГц тактілік 
жиілігіне сәйкес келеді. 24-ші суретте Cray C90 компьютерінің жалпы 
сүлбесі және ондағы бір процессордың құрылымы толық келтірілген.
Cray C90 компьютеріндегі процессорлар бірдей және олар ондағы 
барлық бӛлінетін ресурстарға қатысты тең құқылы: жады, енгізу/шығару 
секциясы және процессор аралық ӛзара қатынас секциясы. Олардың 
ерекшеліктерін қарастырайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет