18
Сонымен бірге виртуалды машиналар – бұл ерекше атау. Бұл жерде
шынайы қондырғыларды жаңадан қоспай–ақ және де реконфигурация
жасамай- ақ әр түрлі бағдарлама кешендерін тестілеуге, виртуалды жобалар
жасауға, статистика жинауға және ӛлшемдер жасауға болады. Жұмыс
орнындағы пайдаланушылар үшін қосымшалардың баптаулары және оларды
бірге пайдалану үшін келісу жеңілдейді, демек, мамандардың жүктемесі
азаяды және олардың кәсіби деңгейіне деген талап та тӛмендейді.
Виртуаландыру мәліметтер базасының, админстраторлардың да
жұмысына үлкен ықпал жасайды. Мәліметтерді орналастыруға арналған
сыртқы жады инфрақұрылымы виртуаландыруды пайдаланған кезде
админстраторландыру кезінде қарапайым және икемді болады, бұл уақытты
үнемдейді. Құрылғыларды жетілдіруге уақыт жұмсаудың орнына олар бір
орталықтан дискілерді белгілеп, оны алмастыра алады. Бұл мәліметтер
базасы операторларына уақытты үнемдеп қана қоймай, оларға басқа
мәселелерді шешуге кӛп уақыт қалдырумен бірге корпоративті шығындарды
да
азайтады.
Жұмыстағы
тұрақтылық
та
жақсарады,
себебі
виртуаландырылған кезде шешім белгілі бір торап үшін емес, бүкіл
ақпараттық жүйе үшін келісілген түрде қабылданады.
Виртуалдандыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпаратты қорғау
қызметіне де үлкен мүмкіндіктер береді. Олар осы арқылы АЖ ресурстарын
қалай пайдаланатындығын және олардың белгіленген ережелерді сақтауын
бақылайды. Виртуалды машинада тұтынушылардың сыртқы қондырғыларға
басқа жүйе байланыстарына енуінің мониторингіне жеңілдік берілген
бұйрықтардың шақыруын хаттама арқылы ұйымдастыруға болады.
Виртуалды машиналарда азғана ӛзгеріс болса, пайдалануышының әрекетін
шектейтін, техникалық жағынан ӛте күрделі қымбат тұратын, мәліметті
қорғау құралдарын пайдаланғандай әрекет алынады. Сонымен бірге,
пайдаланушы одан жақсы әсер алады. Сонымен бірге, пайдаланушыға
берілген виртуалды машиналарда қондырғы немесе порт болмауы мүмкін,
бұл машиналарда жұмыс орнында пайдалануға шектеу жасайды.
Жүйедегі пайдаланушы ғана виртуалдандыруға байланысты болған
инновациялық ӛзгерістерге қатыссыз қалады. Оны, жұмыс орны қандай
күрделі жүйемен жабдықталғаны онша қызықтырмайды. Шынайы ДК – дің
қосымшаларымен немесе виртуалды машинасы бар ДК – мен жұмыс істеуде
пайдаланушыдан арнаулы білімді талап етпейді. Оның жұмысын
технологиялар, регламенттер, қызметтік нұсқаулар ғана анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: