11
программа-эмулятордың менюіндегі
Power On/off арнайы батырмасының
кӛмегімен іске асырылады) қалай BIOS «аппараттық бӛлігін» тестілеп
жатқанын кӛруге болады, және де физикалық компьютердегі сияқты Setup
бағдарламасына кіріп, BIOS орнатуларын (настройка) беруге
немесе
ӛзгертуге болады. Виртуалды компьютерге кез-келген операциялық жүйені
орнатуға және онымен әдеттегідей жұмыс істеуге болады.
ВМ жасаудың құралы (кейде оларды
виртуалды машиналар
қосымшасы (немесе
ВМҚ) деп те атайды) - бұл нақты операциялық жүйеге
орнатылған кез-келген басқа қосымшалар сияқты қарапайым қосымша. Бұл
нақты
ОЖ
«басты» немесе
хосттық
деп
аталады
(ағылшын
терминологиясынан алынған host - «басты», «базалық», «жетекші»).
Виртуалды машиналарды басқарудың барлық мәселелерін ВМ
қосымшасының құрамындағы арнаулы модуль -
виртуалды машинаның
мониторы (
ВММ) атқарады. Монитор виртуалды машиналар және базалық
қондырғы арасындағы барлық қарым –
қатынастарда делдалдық роль
атқарады, сонымен бірге бірыңғай аппараттық платформада жасалған барлық
ВМ орындалуын қолдап, олардың сенімді оқшаулануын (надежную
изоляцию) қамтамасыз етеді.
Пайдаланушының виртуалды машинаның мониторына тікелей
қатынауға мүмкіндігі болмайды. Бағдарламалық ӛнімдердің кӛбісінде
пайдаланушыға виртуалды машинаны жасауға және үйлестіруге арналған
графикалық интерфейс қана ұсынылады (5 сурет). Бұл интерфейс әдетте
виртуалды машиналардың консолі деп аталады.
5 сурет. ВМ консолынің мысалы
Пайдаланушы, виртуалды машинаның «ішіне» нақты компьютердегі
сияқты ӛзіне керекті операциялық жүйені орнатады. Осындай, нақты ВМ-ға
тиісті операциялық жүйе
қонақтық деп аталады (guest OS). Қолданылатын
қонақтық ОЖ тізімі - виртуалды машиналардың ең маңызды
сипаттамаларының бірі болып табылады. Бүгінгі күнгі заманауи виртуалды
машиналар Windows, Linux және MacOS операциялық жүйелері
ұрпақтарының бірнеше ондаған нұсқаларын қолдауды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: