23
Параллель ӛңдеу мысалдарын біздің күнделікті ӛмірімізде де кӛптеп
кездестіруге болады: супермаркеттегі кассалық аппараттар, кӛп қатарлы
автотрассадағы машиналар қозғалысы, май құю станцияларындағы бірнеше
бензин колонкалары т.б. Параллель ӛңдеу мәселесінің алғашқы
пионерлерінің бірі ретінде, академик А. А. Самарскийді атауға болады. Ол
ӛткен ғасырдың 50-ші жылдарының басында ядролық жарылыстардың
моделін жасау үшін қажетті есептеулер орындаған болатын және де бұл
есепті қолдарына арифмометр беріп, бірнеше ондаған қыздарды столдарға
жайғастыра отырып шешті. Қыздар мәліметтерді бір-біріне сӛзбен жеткізе
отырып, қажетті цифрларды арифмометрге енгізіп отырды. Осындай
қарапайым «параллель есептеу жүйесінің» кӛмегімен А. А. Самарский
ядролық жарылыс толқынының эволюциясын есептеп шығарды.
7 сурет. Бір операцияны бес тактіде орындайтын тізбекті құрылғының
көмегімен С=А+В қосындысын есептеу
Достарыңызбен бөлісу: