28
сияқты арифметикалық операциялар да разрядтытүрде орындалып, мысалға,
32 разрядты екі санды қосу үшін 32 машиналық такт қажет етілді. Бұл,
есептеу машинасы тарихындағы разрядтытізбектелген жады және
разрядтытізбектелген арифметика уақыты болды.
Деректерді ерікті таңдауға мүмкіндік беретін есте сақтау
құрылғыларының пайдалануға беріле бастауы, разрядтыпараллель жады
және разрядтыпараллель арифметиканы енгізуге мүмкіндік берді. Мұнда сӛз
разрядтары жадыдан бір мезгілде оқылып, арифметикалық-логикалық
құрылғының (АЛҚ) операцияларды орындау барысына қатысады. Осындай
принципке негізделген бірінші коммерциялық IBM 701 ЭЕМ-ы 1953-ші
жылы пайдалануға берілді. Осы класқа жататын 1955 жылы шығарылған
IBM 704 ЭЕМ-ның 150 экземпляры сатылып, ол сол уақыттағы
коммерциялық үлкен жетістік деп есептелді.
Сол уақыттағы IBM 704, я болмаса, басқа есептеу машиналары болсын,
барлық енгізу/шығару операциялары арифметикалық-логикалық құрылғы
арқылы орындалды. Пайдаланудағы аздаған сыртқы құрылғылардың ішіндегі
ең жылдамы – таспалы құрылғысы секундына шамамен 15000 символ
жылдамдықпен жұмыс істеді. Әрине, бұл процессордың деректерді ӛңдеу
жылдамдығынан кӛп тӛмен. Есептеу машиналарын осылайша ұйымдастыру,
ақпаратты енгізу және шығару кезінде ӛнімділік дәрежесінің тӛмендеуіне
әкеліп соқтырды. Осы мәселенің алғашқы шешімдерінің бірі болып,
Достарыңызбен бөлісу: