1-ШІ БӚЛІМ: ВИРТУАЛДЫ ЖӘНЕ ПАРАЛЛЕЛЬ
ЕСЕПТЕУ МАШИНАЛАРЫ
1-ШІ ТАРАУ. ВИРТУАЛДЫ МАШИНАЛАР
§1.1.1 Параллель виртуалды машиналар
Виртуалды машиналардың қысқаша тарихы
Виртуалдандыру технологиясын пайдалану туралы жоба ХХ ғасырдың
20 жылдарында іске аса бастады.
Виртуалды машиналар жүйесінің алғашқы жобасы 7044Х - 7044М
болды. Ал IBM System/370 – жүйесі негізінде VM/370 жобасын толықтай
аяқтап, ол пайдаланушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Виртуалды
машиналардың бұл жүйесінде ӛзгерістер аз болмады. Мысалы VM/SP,
VМ/ХА, VN/ЕSА нұсқалары компьютер индустриясында кең таралған
жүйелер болып табылады (1 сурет).
1 сурет. VM/SP, VМ/ХА, VN/ЕSА машиналары
VM/370 операциялық жүйесінде пайдаланушы толық ӛлшемді және
толық функционалды виртуалды машинаға ие болды. Олай дейтініміз ол ӛзі
қалаған операциялық жүйені және қолданбалы программалық жабдығын
орната алады. Компьютер виртуалды машина болуы үшін оперативті жады,
процессор ресурстары, ӛзіндік виртуалды сыртқы аппараттық құрылғылары
қажет болады. Былайша айтқанда, бұл машиналар қарапайым компьютерге
ұқсас, бірақ та құрылғыларының түрлері виртуалды құрылғылар. Қызмет
кӛрсететін виртуалды машиналардың саны лицензиясымен, пайдаланылатын
жады ресурстарымен, диск, орталық процессор және т.б. анықталады.
VM/370 операциялық жүйесі алғашқы виртуалды машиналар жүйесінің
(ВМЖ) жетілдірілген, толықтырылған түрі болып саналады. ВМЖ 1-
нұсқасын ең бірінші болып 1982 жылы "Роботрон" комбинаты шығарды. Ал,
Минск НИИЭЕМ компаниясы 1983 жылы 2.2 ВМЖ версиясының VM/370
негізінде базаланған түрін жарыққа шығарды (2 сурет).
8
2 сурет. Виртуалды машина жүйесі
Бұл компанияда ВМЖ-ін үздіксіз жетілдірудің нәтижесінде 90-шы
жылдардың басында VM/ВМЖ операциялық жүйесі құрылды.
ІВМ компаниясы негізінде құрылған ІВА атты Минскілік компания
МПО ЕТ және НИИЭЕМ базасында қазіргі күнге дейін IВМ мэйнфреймдері
үшін VM/ВМЖ-нің жаңа түрлерін шығаруда еңбек етуде.
ІВМ корпарациясының инженерлері алғашында ӛз процессорларының
архитектурасына
виртуалдандырудың
мүмкіндіктерін
қосты.
ВМ
операциялық жүйесін құрушылар спецификалық аппараттық проблемаларға
үнемі кезігіп, оны қайта болдырмауға әрекет жасап отырды. Бірақ Intel х86
процессорынан ІВМ-ның процессоры архитектурасы жағынан ӛзгеше болды.
«Виртуалдандыру» қарапайым әдіспен орындалмайды. Мұнда операциялық
жүйе платформасында жұмыс істейтін ядроға, процессор ресурстарының
барлығы тиімді болып саналады. Сондықтан да, процессор және виртуалды
құрылғылардан операциялық жүйені бӛлек алып қарастыру теориялық
тұрғыдан қарағанда дұрыс емес болып есептеледі. Яғни, бір компьютерде екі
операциялық жүйе орнатылса қателіктер жиі болып тұрады.
Intelх86 платформасында виртуалды машина технологиясын жасаушы
компания VMware. Оны Стэндфорд университеті базасында профессор
Мендель Розенблюм және оның әйелі Диана Грин 1998 жылы құрастырған
болатын. Компания IA-32 виртуалдандыру жүйесі үшін Virtual Platform
технологиясын құрастырды, ал 1999 жылы ең алғашқы Linux операциялық
жүйесі үшін VMware Workstation (3 сурет) виртуалды машинасын жарыққа
шығарды. Осыдан бастап Linux қоғамдастығы мәңгілік абыройға ие болды
десе те болады.
3 сурет. VMware терезесі
Intelх86
процессорын
виртуалдандыру
мәселесімен
Connectix
компаниясы да айналысты. Компания 1997 жылы Мас үшін Virtual PC
эмуляторын шығарды, ол арқылы Макинтошта DOS және Windows
операциялық жүйелерін іске қосуға болатын. Ал 1999 жылы Windows үшін
Virtual PC шықты, мұнда Windows NT/9х негізінде түрлі операциялық
жүйелерді іске қосуға болды.
|