Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет50/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   121
Байланысты:
duisembiev-parallel-esep

Сұрақтар мен тапсырмалар 
1. Бірдей процессорлар базасында құрастырылған екі жүйенің 
артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз: ортақ жадылы 16-
процессорлы жүйе және 16-процессорлы есептеу кластері. 
2. Ортақ жадылы 16-процессорлы HP Superdome компьютерінің 
шектік ӛнімділігі неге тең? 
3. РА-8700/750МГц процессорлары базасында құрастырылған 16-
процессорлы есептеу кластерінің шектік ӛнімділігі неге тең? 
4. Қазіргі заманғы SMP-серверлердің ортақ жадысына қатынасты 
ұйымдастыру әдістеріне ізденістер жүргізіңіз. 
5. Баға/ӛнімділік қатынасына қатысты не айта аласыз? 
6. Баға/ӛнімділік қатынасы жоғары болатын SMP-компьютерлерінде 
қанша процессор болуы мүмкін? Процессорлардың әртүрлі типі 
және жүйелер бойынша талдау жасаңыз. 
7. Қазіргі 
заманғы SMP-компьютерлері үшін арифметикалық 
операцияларды орындау жылдамдығы және негізгі жадымен алмасу 
жылдамдығы арасында қандай қатынас орындалады? 
8. Жадыға біртекті емес қатынас туралы не айтасыз? 
9. HP Superdome компьютерінде процессордың жадыға қатынасы 
кезіндегі бӛгелістерді талдаңыз. 
10. HP Superdome компьютерінің архитектурасы. 


89 
 
§1.3.4 Таратылған жадылы есептеу жҥйелері 
Таратылған жадылы есептеу жүйелерін құрастыру идеясы ӛте 
қарапайым. Есептеу тораптарының бірнешеуі алынып, олар бір-бірімен 
қандай да бір коммуникациялық ортада біріктіріледі. Мұндағы әрбір есептеу 
торабы бір немесе бірнеше процессорлардан және осы процессорларға 
бӛлінген ӛзінің жеке жергілікті жадысынан тұрады. Әрбір процессордың тек 
ӛз торабының жергілікті желісіне ғана қолжетімді болуын жадының 
таратылуы деп түсінеміз. Басқа тораптар жадыларындағы орналастырылған 
деректерге қатынас ұзағырақ орындалады және басқа күрделірек тәсілдермен 
жүзеге асырылады. Соңғы кездері тораптар ретінде ӛз сыртқы құрылғылары 
да болуы мүмкін толықфункционалды компьютерлер жиі пайдаланылуда. 
Коммуникациялық ортаға келетін болсақ, ол берілген есептеу жүйесі үшін 
арнайы жобалануы болмаса рыноктағы қолжетімді стандартты желі де болуы 
мүмкін.
Параллель компьютерлерді осылай ұйымдастыру схемасының 
артықшылықтары кӛп. Мысалы, сатып алушы ӛз қаражатының мӛлшеріне 
және қандай есептеу қуатының қажеттілігіне байланысты компьютер 
конфигурациясын дәл таңдай алады. Басқа класқа кіретін компьютерлермен 
салыстырғанда таратылған жадылы жүйелерде баға/өнімділік қатынасы кӛп 
тӛмен. Және бастысы, мұндай схема жүйедегі процессорлар санын шексіз 
кӛбейтуге және жүйенің ӛнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 
Процессорлар санының кӛп болуы осы класқа жататын жүйелер үшін арнайы 
атауды анықтап берді десе де болады: ол массивті-параллель компьютерлер.
Осы тектес компьютерлер ӛткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап кең 
тарала бастады. Олардың қатарына Intel Paragon, IBM SP1/SP2, Cray T3D/T3E 
және т.б. жатқызуға болады. Бұл компьютерлердің бір-бірінен айырмасы 
олардағы пайдаланылатын процессорлар және коммуникациялық ортаның 
ұйымдастырылуында. Intel Paragon компьютері, тӛртбұрышты екіӛлшемді 
тордың(решетка) түйіндерінде орналасқан Intel i860 процессорларының 
негізінде тұрғызылған. IBM SP компьютерлерінің есептеу тораптарында
олардың даму барысына қарай Power PC, P2SC және POWER3 сияқты 
процессорлардың бірнеше түрі пайдаланылды. Олардың ӛзара қатынасы 
жоғары ӛнімді коммутаторлардың иерархиялық жүйесі арқылы жүреді, ал ол 
ӛз кезегінде әрбір тораптың кезкелген басқа тораптармен қатынасу 
мүмкіндігін береді. Cray T3D/T3E компьютерлері DEC Alpha процессорлары 
және үшӛлшемді тор топологиясына негізделген. 
Бұл параграфты біз қызықты да және қосымша ерекшеліктерге ие Cray 
T3D/T3E компьютерлерінің архитектурасын сипаттаудан бастаймыз. Cray 
T3D/T3E компьютерлері – бұл таратылған жадылы, максималды 
конфигурацияда 2000-нан аса процессорларды біріктіретін массивті-
параллель компьютерлер. Осы класқа жататын кезкелген басқа 


90 
компьютерлер сияқты олар негізгі екі компонентті қамтиды: тораптар және 
коммуникациялық орта. Компьютердің балық тораптары үш топқа бӛлінеді. 
Пайдаланушы компьютерге қосылған кезде, ол басқарушы тораптарға келіп 
түседі. Бұл тораптар кӛппайдаланушы режимінде жұмыс істейді, осы 
тораптарда бірпроцессорлы бағдарламалар орындалады және командалық 
файлдар жұмыс істейді. Операциялық жүйенің тораптары пайдаланушыға 
тікелей қолжетімді емес. Бұл тораптар операциялық жүйенің кӛптеген 
жүйелік сервистік функцияларының орындалуын қамтамасыз етеді, дербес 
жағдайда файлдық жүйемен жұмыс істейді. Компьютердің есептеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет