91
30 сурет. Cray T3E компьютерінің коммуникациялық торы
Бұл әрбір тораптың алты тікелей кӛршілері бар дегенді білдіреді және де
тораптардың қайда орналасқанына байланыссыз:
параллелепипед ішінде,
қабырғасында, қырында немесе тӛбесінде.
Коммуникациялық желіні мұндай тәсілмен ұйымдастырудың кӛп
артықшылықтары бар, олардың ішінен екеуін атап кетелік. Біріншіден, бұл
бұзылған байланыстарды айналып ӛту үшін альтернативті маршрут таңдау
мүмкіндігі. Екіншіден, әртүрлі ПЭ ӛзара
қатынасы кезінде шекаралық
тораптардың жылдам байланысы және тордағы орын ауыстырулардың
кішігірім орта саны.
Екі торап арасындағы әрбір элементарлық байланыс – бұл деректерді
берудің екі бірбағытталған каналдары, ол
қарама-қарсы бағыттарда
деректерді бір мезгілде алмастыруға мүмкіндік туғызады. Cray T3E-1200Е
моделінде тораптар арасындағы деректерді жіберудің максимал жылдамдығы
480 Мбайт/с, аппараура деңгейіндегі латенттігі 1 мкс кӛп емес.
Коммуникациялық желі Х, У, Z бағыттарындағы тораптардың желілік
маршрутизаторларын жалғастыратын үшӛлшемді торды құрайды. Екі А және
В
тораптары арасындағы деректермен алмасу үшін маршрут таңдау келесі
түрде жүргізіледі. А тӛбесінен шыға отырып кезектегі транзиттік торап пен В
тӛбесінің координатасы Х ӛлшемі бойынша қашан теңескенше, желілік
мапшрутизаторлар алғашында Х ӛлшемі бойынша ығысуды орындайды.
Онан кейін осындай процедура У бойынша, соңында Z бойынша орындалады
(32 сурет). Ығысу оң да
теріс те бола алатындықтан, бұл механизм желі
бойынша орын ауыстырулар санын минимумдауға және бұзылған
байланыстарды айналып ӛтуге кӛмектеседі. Желілік маршрутизаторлар әрбір
үш ӛлшем Х, У, Z бойынша деректерді бір мезгілде параллель тасымалдауға
болатындай етіп жобаланған.
Компьютер архитектурасындағы қызықты ерекшеліктердің бірі
Достарыңызбен бөлісу: