103
бастап, Тор500 тізіміне кіретін ӛте қуатты суперкомпьютерлерге
дейін, яғни әртүрлі архитектуралы есептеу жүйелері кіруі мүмкін.
Метакомпьютер түрлі ұйымдардың ресурстарын біріктіреді. Нақты
ресурстарды пайдалану және оларға қолжетемдік саясаты олардың
қандай ұйымға тиесілі екеніне байланысты қатты ӛзгеруі мүмкін.
Метакомпьютер ешкімге де тиесілі емес, сондықтан оны
администрациялау саясаты жалпы түрде ғана анықталуы мүмкін.
Сонымен қатар, метакомпьютердің ӛте кӛп құрамдас бӛліктерінің
жұмысын үйлестіру үшін, оның барлық қызметтері мен сервистерін
міндетті түрде стандарттау ұйғарылған.
Метакомпьютерлер туралы айта отырып, оның тек аппаратты бӛлігі
туралы ғана емес, инфраструктурасы туралы да айтылатынын ескереміз.
Кешенді түрде келесі сұрақтар қарастырылуы керек: бағдарламалау
құралдары және модельдері, тапсырманың таратылуы және диспетчерленуі,
метакомпьютерге қолжетімділікті ұйымдастыру технологиясы, пайдаланушы
интерфейсі, қауіпсіздік, сенімділік, администрациялау саясаты, деректерді
таратылған жағдайда сақтау технологиялары және қатынас құралдары,
метакомпьютердің әртүрлі ішкі жүйелерінің жағдайының мониторингі және
кӛптеген басқа да сұрақтар. Енді кӛзге елестетіп кӛрелік, ұзақ уақыт бойы он
мыңдаған
пайдаланушылардың
тапсырмаларын
орындау
үшін,
метакомпьютерді құрайтын бірнеше миллиондаған әртүрлі электронды
құрылғыларды үйлесімді жұмыс істеуге қалай мәжбүр етуге болады? Ӛте
күрделі есеп, масштабты шешімі мұндаға дейін мүмкін болмады.
Қазіргі уақытта метакомпьютер құрудың әртүрлі стратегияларына
белсенді түрде талдаулар жүргізілуде. Осы жұмыстар туралы және олардың
ағымдағы жағдайы туралы қажетті ақпараттарды
http://www.globus.org,
Достарыңызбен бөлісу: