Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет57/121
Дата31.08.2022
өлшемі2,81 Mb.
#38343
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   121
Байланысты:
duisembiev-parallel-esep

http://www.gridforum.org және т.б. сайттардан табуға болады. 
Құрылатын ауқымды желінің шынай емес болып кӛрінуіне қарамастан, 
метакомпьютердің қолданылу саласы ӛте кең. Метакомпьютер аумағында ӛте 
кӛп есептеу ресурстары бірктіріледі. Сондықтан ол ертеректе шешілуі 
мүмкін еместей кӛрінетін кӛптеген есептердің шешімдерін табу 
мүмкіндіктерін бермек. Биоинженерия осындай облыстардың бірі. Бір 
заманауи жұмыс станциясына бір макромолекуланың кеңістік құрылымын 
анықтау үшін бірнеше күн қажет етіледі, ал әртүрлі байланыстар үшін 
қажетті сандық эксперименттердің жалпы саны жүздеген мың болуы мүмкін. 
Әрине, мұндай есептерді шешуге ешқандай дәстүрлі есептеу жүйелерінің 
қуаты жетпесі анық, ал метакомпьютердің қосынды ресурстары кӛмектесе 
алады.
Қолданылу саласының келесі бағыты – бір-бірімен әлсіз байланысқан 
немесе бір-біріне тәуелсіз есептердің үлкен ағынын ӛңдеудің жоғары 
жылдамдығын қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы есептердің типтік 
мысалдарына криптографияның дәстүрлі есептері немесе күрделі электронды 
қондырғыларды жобалаудың соңғы этаптарындағы ӛте кӛп есептеулерді 
жүргізу жатады [29].


104 
Қолданылу саласының аралас бағыты талап етілу (on-demand 
computing) бойынша есептеулер жүргізу. Кӛптеген ұйымдар үшін ӛздерінде 
жоғарыӛнімді компьютерлерді ұстау экономикалық жағынан тиімсіз, себебі 
үлкен есептеулер жүргізу сирек және эпизодты сипатта талап етіледі, ал 
мұндай қондырғыларды сатып алу және күтіп ұстау үлкен қаражатты қажет 
етеді.
Қазіргі уақытта нақты есептерді шешу үшін метакомпьютинг идеясын 
пайдалану мысалдарын кӛптеп келтіруге болады. Бірақ, бұл жұмыстардың 
бәрі бірегей және олар ӛте кӛп еңбек сіңіруді қажет ететіндіктен, олар 
кӛпшілік пайдалануға әлі ӛте алыс. Электр желісінің ұқсастығына сүйеніп, 
«қосыл және пайдалан, нәтижесін ал» деп айта салу әрине оңай. Тәжірибе 
жүзінде шынында да ӛте маңызды, салмақты мәселелер туындайды. 
Мәселелердің бір бӛлігі саяси және экономикалық сипаттағы сұрақтарға 
қатысты. Бүгінгі күні метакомпьютингке қатысты жұмыстар масштабы 
кеңейіп мемлекетаралық деңгейге шығуда. Сондықтан мұндай сұрақтарды 
міндетті түрде ескеру қажет. Метакомпьютерді құрастырушылар және оның 
жұмысын қолдайтын жүйелер алдында үлкен мәселелер жатқаны анық. Бұл 
түсінікті де: есеп ӛте күрделі, жаңа және әдеттен тыс дайын жұмыстардың 
аздығы және тәжірибенің айқын жетіспеушілігі.
Алайда пайдаланушылар алдында одан да кӛп мәселелер пайда болуда. 
Бүгінгі күні метакомпьютинг жүйесі үшін бағдарламаларды қалай құру керек 
екені әлі де түсініксіз болып қалуда. Пайдаланушыға бағдарламалаудың 
қандай моделіне бағытталуы керек? Метакомпьютер аумағында бүгінгі күні 
бар архитектураның барлығы да пайдаланылуы мүмкін. Бір тораптарда 
хабарламаны жіберудің айқын түрін пайдаланатын бағдарламалау жүйелері 
қолданылса, басқалары кӛпағынды ӛңдеуге негізделеді, үшіншілері ортақ 
жады түсінігіне сүйенсе, тӛртіншілерінде деректерді векторлық ӛңдеу 
пайдаланылады және т.б. Нақты бағдарламаның немесе алгоритмнің 
қасиеттеріне байланысты таратылған есептеу ресурстарын қалай дұрыс 
таңдауды қамтамасыз етуе болады? Параллель есептеулерге қатысты барлық 
сұрақтарды қамтитындықтан бұл есеп ӛте күрделі деп айта аламыз. 
Кӛпқайтара пайдаланылатын бағдарламалардың шағын класы үшін 
бүгінгі күні қолайлы шешім табылуда. Арнайы жобаланған құрылғылар 
кӛмегімен метакомпьютингтің қандай да бір жүйесі аумағында мамандармен 
алдын-ала дайындалған программаға Web-интерфейс дайындалады. 
Пайдаланушы бағдарламалаумен тікелей айналыспайды, бағдарламаның қай 
жерде қалай орындалатынына алаңдамай ол ӛзінің кіріс деректерін енгізеді 
және есепті жүктейді. Қандай да бір уақыттан кейін жүйе оған есептеу 
нәтижесін қайтарады. Қазір осыған ұқсас бірнеше жүйелер бар, мысалы, 
UNICOR жүйесі. Толық ақпаратты http://www.fz-juelich.de/unicore/ 
сайтынан табуға болады. 
Метакомпьютинг жүйелерін құрастыру және іске қосу жұмыстары 
кӛптеген бағыттар бойынша белсенді түрде жүргізілуде. Бірақ әлі де 


105 
шешілмеген мәселелер ӛте кӛп, олардың жақын болашақта шешілетіні әрине 
күмән тудырмауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет