Байланысты: О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт
2. Көмір өндірісінде қолданылуы Биогеотехнологиялық əдіспен көмір құрамын күкіртті заттардан тазарту үшін
тионды бактериялар көптеп қолданыла бастады. Қоңыр жəне тас көмірлері
құрамында бірталай мөлшерде күкірт болуы мүмкін. Бұлардың құрамындағы
күкірттің жалпы көлемі 10-12%-ға дейін жете алады. Осындай көмірлерді жаққан
кезде олардың құрамындағы күкірттер – күкіртті газға айналып, ауаға тарайды да,
ондағы сутегілерімен қосылып, күкірт қышқылына айналады. Атмосферадағы
күкірт қышқылы кейіннен «қышқыл жауын» дейтін атпен белгілі жаңбыр ретінде
жерге жауады.
Алынған мəліметтерге қарағанда кейбір Батыс Европа елдерінде жылына 1
гектар жерге, жаңбырмен бірге, 300 кг-ға дейін күкірт қышқылы түседі екен.
Мұндай мəліметтерден күкірт қышқылы жаңбыры адамдардың денсаулығына, оның
шаруашылығына жəне жалпы қоршаған ортаға қандай зиян келтіретінін айтпасада
түсінуге болады. Бұдан басқа, құрамында күкірті мол көмірлер нашар кокстелетіні
себепті, оларды түсті металлургияда пайдалануға жарамайды. Сондықтан,
мамандардың пікірі бойынша, көмір құрамынан күкіртті заттарды микробтар
арқылы тазарту экономикалық жағынан тиімді болғандықтан, болашақта «қышқыл
жауын» мəселесін шешуде оған басты маңыз беріледі.
Көмір құрамынан микроорганизмдерді пайдаланып күкірттерден тазарту
бағытындағы алғашқы жұмыстарды 1959 жылы орыс ғалымдары 3. М. Зарубин, Н.
Н. Ляликова жəне Е. И. Шмук жасаған болатын. Олардың Th. ferrooxidans бактерияларын пайдаланып 30 күн бойына жүргізген тəжірибелері нəтижесінде
көмір құрамындағы күкірттердің 23-30%-ы тазартылған болатын. Сəл кейінірек,
көмірлерді микробиологиялық жолмен күкірттерден тазарту жөніндегі бірнеше
жұмыс нəтижелерін америкалық зерттеушілер де жариялаған еді. Олар, өз
жұмыстарында тионды бактерияларды қолдана отырып, төрт тəулік ішінде тас көмір
құрамындағы пиритті күкіртін 50%-ға азайта алған. Бұл əдіс көмір құрамында
кездесетін түрлі металдарды сілтісіздендірумен ұштасып отырады. Көмір
құрамында əжептеуір мөлшерлерде германий, никель, бериллий, ванадий, алтын,
мыс, кадьмий, қорғасын, мырыш, марганец элементтері болады. Сондықтан, көмірді
сулфиттерден тазарту барысында одан ілеспе өнім ретінде бағалы металдарды алу,
қосымша табыс көзі болып табылады жəне осы саланың экономикалық тиімділігін
арттырады.
Қазіргі таңда көмір құрамындағы пиритті күкіртін микробиологиялық жолмен
тазарту мəселесімен көптеген елдердің ғалымдары айналысуда. Соңғы мəліметтерге
қарағанда, зертханаларда жүргізілген тəжірибелер нəтижесінде, микробиологиялық
жолмен сілтісіздендіру əдісімен 5 тəулікте көмір құрамындағы күкірттерден 100%
тазартуға қол жеткізілген. Сондықтан микробиологиялық сулфидсіздендіру əдісінің
болашағы зор деп саналады.