187
Алайда, биоремидиация үдерісін арттыру мақсатында
жасалынатын бұл шара
барысында, ерітілген улы заттардың топырақ немесе табиғи су көздеріне өтіп кетпеу
мəселесі де қамтамасыз етілуі қажет болады. Бұл бағытта істелетін пайдалы шаралар
қатарында – оларды қыздыру, сурфактанттарды (беткейлі белсенді заттар)
пайдалану, реакциялы ортаның оптималды сулығын сақтап тұру мақсатында
ылғалды ауамен үрлеп тұру, қалпына келтіретін химиялық агенттерді пайдалану
жатқызылады. Мұнда анаэробты жағдайдың
in situ, немесе өңдеу кезіндегі сақталуы
маңызды. Өйткені анаэробты жағдай көптеген органикалық жəне бейорганикалық
ластағыштарының детоксикациялануына қолайлы орта тудырады.
Биоремидация ортаның ауыр металдармен
ластануы жағдайында да көп
пайдасын тигізе алады. Мысалы, табиғатта металдармен «қоректенетін»
бактериялар да кездеседі. Сіздер ауыр металдар қатарына мырыш, сурьма, кадьмий,
хром, қорғасын, сынап, темір, марганец, радий, никель, селен, күміс, талий,
жататынын білесіздер. Биоремидиация арқылы жер үсті жəне жер асты суларын,
топырақты тазарту, кен қойнауынан алынған топырақтардан əртүрлі металдарды алу
сияқты жұмыстарды атқаруға болады. Мұнда металдар мүлде жоғалып кетпей, тек
қана улылығы төмен күйге айналады.
Металмен қоректенетін белгілі бактериялар қатарында алты валентті хромды
үш валентті хромға айналдыратын анаэробты бактерияларын атай аламыз. Алты
валентті хром адамдарда ісік ауруын тудырса, үш валентті хромның мұндай əсер
жоқ. Сондықтан, көбінесе құрамында хромы бар топырақтарда, биореактордан
өткізілу арқылы, осындай микроорганизмдердің тіршілік
етуіне қолайлы жағдай
жасалынады.
Қоршаған ортаны ауыр металдардан тазарту мақсатында өсімдіктерді
пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу жұмыстары да белсенді түрде қолға алынуда. Бұл
бағыт –
фиторемидиация деп аталады .
Фиторемидиация деп – өсімдіктердің, бойында ауыр металдарды тұтып қалу
қабілетін, қоршаған ортаны тазалау мақсатында пайдаланылу айтылады. Көптеген
өсімдіктер өз бойында (жапырағы, сабағы) ауыр металдарды, оны қоршаған ортадан
(топырақ, ауа, су) ондаған есе, немесе кейбіреулері жүз еседей артық жинай алатын
қабілетке ие. Қазіргі кезде осындай «жасыл технологияның» бірнеше мүмкіндіктері
қарастырылуда:
1.
Фитоэкстракция – металдарды жердің үстіндегі бөліктеріне (жапырақ, сабақ)
жинау қабілетіне ие өсімдіктер, топырақтың құрамындағы улы заттарын өз
бойына жинақтаған соң, кейіннен жойылады.
2.
Фитодеградация – органикалық ластаушы
заттарды ыдырату мақсатында
өсімдіктер мен арнайы іріктелініп алынған микроорганизмдер штаммдарын
пайдалану.
3.
Фитофильтрация – топырақ суы құрамынан ауыр металдардың ертінділерін
сорып алу мақсатында өсімдік тамырын (ризофильтрация) жəне өскіндерді
(бластофильтрация) пайдалану.
4.
Фитоволитилизация – топырақтағы буланып ұшатын заттарды экстракциялау
мақсатында арнайы өсімдіктерді пайдалану.
5.
Фитостабилизация – арнайы өсімдіктерді пайдалану арқылы ластаушы заттарды
мейлінше қол жетпейтін дəрежеге (малодоступный) өткізу.
188
Біздің санамызда қоқыстардан арылуда қалыптасып қалған «көміп таста, өртей
сал, ағызып жібер» деген көзқарастан арылуға биоремидиация əдістері əсер ете ала
ма? Мұнда көптеген мəселе аталған технологияны
қоғамның дұрыс қабылдауына
байланысты өзгереді. Сондықтан, қоршаған ортаны қорғауда биотехнологиялық
əдістерді кеңінен қолдану – азаматтар тарапынан түсіністік пен белсенділікті қажет
етеді демекпіз.
Достарыңызбен бөлісу: