Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет119/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Апикальдік басымдылық (лат. apex – ұшы, dominans – үстемділік,
басымдылық) – бұтақтың жоғары жағында, ұшында орналасқан бүршіктің төменгі
жанама бүршіктердің өсуін тежеуі.
Апогамия (апогаметия) – (гр. apo - бір нəрсенің немесе құбылыстың
болмауы; gamos - неке) – апомиксистің бір түрі. Гаметалар түзілмейді, сондықтан
ұрық аналық синергидтерден пайда болады.
Апомиксис (гр. аpo – бір нəрсенің немесе құбылыстың болмауы; mixis –
араластыру, ағ. apomixis) – организмдердің жыныссыз жолмен пайда болған ұрықтар
арқылы көбеюі.
Аптамерлер – ағзада тұрақты түрде сақталатын жəне спецификалық нысана –
ақуыздарымен 
тіркесе 
байланысқан, өз 
ретімен 
орналасқан 
бірнеше
нуклеотидтерден ғана тұратын бір үзікті (цепьті) кішкене олигонуклеотидтер.
Асептика – жараға жанасатын барлық құрал-саймандарды арнайы тазалау
арқылы хирургиялық инфекцияларға жол бермеу тəсілі.
Асептикалық жағдай (гр. а – бір нəрсенің немесе құбылыстың болмауы;
septikos – шірік, ағ. aseptic conditions) – толық залалсыздандырылған жағдай (іріп-
шіру болмауын, шірімеуді қамтамасыз етеді).
Аталық – донор аналығын ұрықтандыруға арналған еркек жынысты ағза.
Аталық жұмыртқасы (енек) – енек дорбасында орналасқан, домалақ немесе
сопақша пішінді, сперматозоид жəне тестестерон бөліп шығаратын аталық жыныс
бездері


249
Ауксин (гр. auxo - өсіремін) – индол тобына жататын фитогормондар жəне
олардың туындылары: β-индолил-3-сірке қышқылы (ИСҚ), индолилмай қышқылы
(ИМҚ), нафтилсірке қышқылы (НСҚ), 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д),
жəне т. б.
Ауксотрофтық жасуша (гр. auxo - өсіремін, trophe – қоректену) – қалыпты
(прототрофтық) жасуша қажет етпейтін, өзінің бөлініп өсуі үшін сыртқы ортаның
қосымша бір факторын талап ететін жасушалар.
Ауткроссинг – генетикалық модификацияланған (ГМ) өсімдіктердегі
генетикалық өзгеріске (модификацияға) ұшыраған гендердің жақын маңда өсіп
тұрған жабайы туыстастарына немесе түр ішіндік топтары мен сұыптарына
спонтанды (бақылаусыз) түрде ауысып (миграция) кетуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет