Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет122/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Будан ядролық (нағыз будан) ( ағ. hibrid nuclear (hibrid true) – аталық жəне
аналық ретінде қосылысқан жасушалардың екеуінің де тек қана ядролық гендерін
(геномдарын) қабылдаған будан жасушаның ядросы.
В
Вегетативтік жасуша (лат. vegetativus - өсімдік) – жаңадан өсіп келе жатқан
тозаңның ішіндегі үш жасушаның бірі, ол тозаң түтігін түзеді, бірақ ұрықтану
үдерісіне өзі тікелей қатыспайды.
Вектор – (лат. vector – алып жүруші) белгілі организмде дербес
репликацияланушылық қабілеті бар, сонымен бірге оған бөгде ДНҚ-ның енуіне
кедергі келтірмейтін, ДНҚ-ның шағын молекуласы (мысалы фаг, плазмидалар мен
вирустар). ДНҚ молекуласын векторсыз, мысалы, бактериялық жасушаға енгізсе,
онда оларды бактериялық ферменттер ыдыратып жібереді. Транспозоны бар фагтар
мен плазмидалар реципиенттік жасушаларға кіре алады.
Виварий – зертханалық хайуандар ұсталатын жай.
Вируленттік (лат. virulentus – улы, ағ. virulent) – микроорганизмдердің ауру
тудырғығыштық қабілеті.


251
Вирусты айқындаушы өсімдіктер (ағ. indicator plant) – вируспен
зақымданған өсімдіктен алынған шырынды жапырақ бетіне тамызғанда, сол
шырында вирустар бар екендігі туралы арнайы сезімталдық реакция арқылы белгі
беретін өсімдіктер (жұққан вирусқа тəн морфологиялық өзгерістер тез арада айқын
көрінеді).
Витальды əдіс – репродуктивті жасушаларға немесе эмбриондарға зиян
келтірмей зерттеу тəсілдері.
Витрификация (лат. vitrum – шыны, facere – істеу, жасау) - өсімдіктерді
жасанды ортада (in vitro) өсіргенде болатын қолайсыз құбылыс, өсімдіктер өте мол
суланады да əйнек (шыны) тəрізді болып көрінеді.
Г
Гаметалар мен эмбриондарды бағалау – микроскоп арқылы аталған
құрылымдардың биологиялық толыққұндылығын анықтау.
Гаметалардың ұрықтану мүмкіндігі – гаметалардың ұрықтану мүмкіндігі
бар уақыттың ұзақтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет