Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет148/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Ц
Цитокинин ( гр. kytos – клетка, kynesis – қозғалу) – фитогормон, химиялық
тұрғыдан пурин туындылары, табиғи түрі зеатин, аналогтары: кинетин (6 –
фурфуриламинопурин), БАП (6 – бен зиламинопурин).
Цитоплазма – сұйық негізді зат – гиалоплазма мен онда орналасқан ядро
жəне əртүрлі органоидтар, қосындылардан тұратын жасушалық зат.
Цитопласт (ағ. cytoplast) – ядросы жоқ протопласт.
Ш
Шауқат флотациясы – қозғалғыштығы жақсы сперматозоидтармен
байытылған шауқат фракциясын алуға бағытталған əдістер жиынтығы.
Шəует қабылдағыш – қоңырау пішінді, ұш жағы пробиркаға ұқсап келген,
екі қабатты шыны əйнекшеден жасалынған ыдыс.
Шпигельмерлер – қалыпты D- формалы аптамерлердің дəл өзіне ұқсас, бірақ
кішкетай L- формалы көшірмесі.
Штамм (нем. Stamm – діңгек, негіз) – жасушаларды бірінші рет жаңа қоректік
ортаға көшіріп отырғызған соң түзілген жасушалар тізбегі. Олар бірнеше жасушалар
желісінен тұрады, барлығы да алғашқы өсірілген жасушалардан пайда болады.
Э
Экзогенді фактор – белгіге əсер ететін сыртқы жағдай.
Экзогормон – жануар ағзасына сырттан ендірілетін (бөтен) гормондар.
Экзон (ағ. expression - əйгілену) – құрылымдық геннің бөлігі, иРНҚ мен
ақуыздың полипептид тізбегінің құрамы туралы мəліметті сақтайды. Процессинг


270
кезінде лигаза ферменті экзондарды бір-бірімен жалғап, пісіп жетілген иРНҚ
түзіледі.
Эксплант (лат. ex – сыртында, тыс, plantare – ery, отырғызу, ағ. explant) –
мүшенің немесе ұлпаның бөлігі, оны жеке өсіруге немесе одан бастапқы каллус
алуға болады.
Экспрессия – транскрипция жəне трансляция арқылы жүзеге асатын, геннің
өзін байқатуы.
Экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) – гаметалардың ағзадан тыс жерде,
яғни зертханалық жағдайда ұрықтандырылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет