118
жасушаларының үздіксіз өсіп-көбеюін қадағалап, басқара алмайтын болады.
Арнайы бағытталған гендердегі мутациялық
өзгерістерді анықтау, генетикалық
материалдардағы болатын өзгерістердің табиғатын танып, ісік ауруына алып келу
себептерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Құрылымы өзгеріске ұшыраған гендерді
тез тауып алу əдістемелерін меңгеру, адам популяцияларына скрининг (зерттеу,
сараптау) жүргізу
барысында, ісікке бейім тұрған ұлпаларды алдын ала анықтап,
профилактикалық шаралар қолдануға мүмкіндік тудырады.
4.5 Бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар ДНҚ-ын анықтау
ДНҚ- сараптамасы əртүрлі патогендерді анықтаудың өте сезімтал əдістесмесі
болып табылады. Бұл əдісті қолдану келесі негізгі жағдайларға байланысты:
1. Патогенннің геномын білу.
2. Өте аз көлемдегі генетикалық материалдарды
ПТР-да амплификациялау
технологиясын меңгеру.
Белгілі бір патогенге лайықты антидене қажет ететін ELISA сияқты əдістермен
салыстырғанда, ДНҚ сараптамасы пациент жасушасындағы патогеннің өзіндік ДНҚ
-ын дəл анықтауға мүмкіндік береді. Бұл əдіс бойынша, пациент ДНҚ-ы ПТР
реакциясы арқылы амплификацияланып болған соң, оны
патогенді ДНҚ реттілігімен
салыстыру мақсатында сынамаларға қосады (сурет-22).
22-сурет. Патогендердің ДНҚ анықтау
Патоген ДНҚ мен байланысу үшін жасалған сынамаларға флуоресценттік
немесе радиоактивті белгілер сіңіріледі. Бұл əдісті, əсіресе, арнайы
өсіру өте қиын
немесе тіпті мүмкін емес патогендерді анықтау үшін қолдануға жақсы.
Сараптаманың осындай түрін пайдалану ғасыр дертіне айналған адамдардың
иммундық жетіспеушілігі (АИЧ немесе орысшасы ВИЧ), Лайма ауруы, өкпе құрты
119
(туберкулез), хламидиоз, вирусты минингит, вирусты сары ауруы (вирусный
гепатит), цитомегалии вирусы сияқты басқа да көптеген
кеселдерді емдеуде жақсы
нəтиже береді.
Достарыңызбен бөлісу: