Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет66/152
Дата29.09.2022
өлшемі4,09 Mb.
#40782
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   152
4.4 Гендегі мутацияларды анықтау
Болашақта генердің орналасу тəртібін анықтаудың жаңа əдістерінің ашылуы,
ағзада кездесетін мутантты гендерді анықтауға жағдай жасайды. Бұл əдістер арқылы
қатерлі ісік ауруларын алдын ала диагностикалау мүмкіндігі туылады. Қалыпты
жасушаларда осы жасушалардың өсуін қадағалайтын ақуыздардың кодтарына жауап
беретін арнайы гендер болады. Қатерлі ісік ауруларында бұл гендер өте жоғары
дəрежеде мутациялық өзгерістерге ие болады. Қалыпты гендер ісік ауруларының
дамуын басу ерекшеліктеріне (ісіктердің супрессорлық гендері) ие екендіктері
белгілі. Егерде осындай қалыпты гендер мутациялық өзгерістерге ұшыраса, олар
онкогенді немесе ісіктердің өсуін шақыратын гендер бола бастайды, өйткені ісік


118
жасушаларының үздіксіз өсіп-көбеюін қадағалап, басқара алмайтын болады.
Арнайы бағытталған гендердегі мутациялық өзгерістерді анықтау, генетикалық
материалдардағы болатын өзгерістердің табиғатын танып, ісік ауруына алып келу
себептерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Құрылымы өзгеріске ұшыраған гендерді
тез тауып алу əдістемелерін меңгеру, адам популяцияларына скрининг (зерттеу,
сараптау) жүргізу барысында, ісікке бейім тұрған ұлпаларды алдын ала анықтап,
профилактикалық шаралар қолдануға мүмкіндік тудырады.
4.5 Бактериялар, вирустар мен саңырауқұлақтар ДНҚ-ын анықтау
ДНҚ- сараптамасы əртүрлі патогендерді анықтаудың өте сезімтал əдістесмесі
болып табылады. Бұл əдісті қолдану келесі негізгі жағдайларға байланысты:
1. Патогенннің геномын білу.
2. Өте аз көлемдегі генетикалық материалдарды ПТР-да амплификациялау
технологиясын меңгеру.
Белгілі бір патогенге лайықты антидене қажет ететін ELISA сияқты əдістермен
салыстырғанда, ДНҚ сараптамасы пациент жасушасындағы патогеннің өзіндік ДНҚ
-ын дəл анықтауға мүмкіндік береді. Бұл əдіс бойынша, пациент ДНҚ-ы ПТР
реакциясы арқылы амплификацияланып болған соң, оны патогенді ДНҚ реттілігімен
салыстыру мақсатында сынамаларға қосады (сурет-22).
22-сурет. Патогендердің ДНҚ анықтау
Патоген ДНҚ мен байланысу үшін жасалған сынамаларға флуоресценттік
немесе радиоактивті белгілер сіңіріледі. Бұл əдісті, əсіресе, арнайы өсіру өте қиын
немесе тіпті мүмкін емес патогендерді анықтау үшін қолдануға жақсы.
Сараптаманың осындай түрін пайдалану ғасыр дертіне айналған адамдардың
иммундық жетіспеушілігі (АИЧ немесе орысшасы ВИЧ), Лайма ауруы, өкпе құрты


119
(туберкулез), хламидиоз, вирусты минингит, вирусты сары ауруы (вирусный
гепатит), цитомегалии вирусы сияқты басқа да көптеген кеселдерді емдеуде жақсы
нəтиже береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет