149
В) генотип банкін (геном библиотекасын) жасақтау.
2. Генетикалық трансформация – гендерді тасымалдауға негізделеді. Бұл
жұмыстардың негізгі міндеттеріне:
А) реципиентке
генді ендіру;
Б) трансфоранттарды іріктеу мен сараптау;
В) гендер интеграциясы мен экспрессиясы;
Г) бағалы заттарды продуценттеушілерді жəне трансгенді хайуандар жасау
жатады.
Мал шаруашылығындағы биотехнологиялық
жұмыстарының орындалу реті
жоғарыда аталған үш əдістердің (суперовуляция, қолдан ұрықтандыру мен эмбрион
тасымалдау) тығыз байланыстылығы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы,
малдардың генетикалық жағынан бағалы эмбриондарын алу үшін, көбейтуге
бағытталған биотехнологиялық əдістері (суперовуляция, ұрықтандыру мен
эмбрионды шайып алу) қолданылғаннан кейін, алынған эмбриондар сұрыптаудан
өткізіліп, кейіннен молекулярлық (трансгеноз) жəне жасушалық (клондау)
микроманипуляцияларына ұшыратылады. Кейіннен «құрастырылған» эмбриондарға
in vitro жағдайында «реанимациялық» жағдай туғызылып, сапалық белгілері
бойынша бағаланғаннан кейін (жасушалық селекция), соңғы кезеңі – генетикалық
бағалы ұрпақ алу үшін дайын эмбрионды реципиент аналығының жатырына
қондырылуымен (трансплантация) аяқталады.
Сонымен, молекулалық биотехнология, жасушалық
биотехнология мен көбею
биотехнологиялары, мал
шаруашылығында
малдардың
гаметаларында,
эмбриондары мен ағзаларында жинақталған биотехнологиялық қорларын анықтау
мен
пайдалануға
мүмкіндік
беретін
жаңа
ғылыми
бағыттарының –
эмбриоинженерия, эмбриокультура мен эмбриотрансплантацияларының пайда
болуына алып келді.
Эмбриоинженерияны – генетикалық жағынан «құрастырылған» жəне
экономикалық тұрғыдан тиімді организмдерді алу мақсатында, молекулалық жəне
жасушалық биотехнологияларының тəсілдерін қолдану арқылы мал организміндегі
генетикалық ресурстарын алудың мүмкіндіктері
мен жолдарын қарастыратын
биотехнологиялық əдіс деп қарауға болады.
Эмбриокультураны – малдардың гаметасы мен эмбриондарынан физиологиялық
қорларын (ресурс) алудың мүмкіндіктері мен жолдарын қарастыратын жəне
олардың тіршілігінің сақталып қалуы мен
in vitro жəне
in vivo кездерінде қолайлы
жағдайлар
тудыруға
бағытталған
мал
шаруашылығында
қолданылатын
биотехнологиялық əдісі деп айта аламыз.
Эмбриотасымалдау (трансплантация) – бағалы генотипті малдарды барынша
тез
көбейту мақсатында, жануарлардың репродуктивті жүйесінен физиологиялық
қорларын (ресурс) алудың мүмкіндіктері мен жолдарын қарастыруға бағытталған
мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық əдісі.