Бірінші бағыты – коллегиалдық бағаны қалыптастыру, мысалы, МЕК.
Екінші бағыты – техникалық бақылаудың стандартты тест бағдарламаларын қолдану. Оны кафедра, ЖОО, әдістемелік лаборатория, арнайы ұйымдар ӛткізуі мүмкін.
ЖОО-ның оқытушысы бақылауда объективтіліктің барлық жақтарын есепке алуы тиіс:
Объективтіліктің эстетикалық жағы – моральдық реттеу. Кӛшірі алу және сыбырлап айтуды оқу тәртібін бұзу деп саналмаған жағдайда қабылдауға болады. Оқытушының жақсы кӛретін және жақсы кӛрмейтін студенттері болмауы және соған сәйкес баға қоймауы керек.
Бағлаудың құндылықты критерийі бағаның әділдігі жӛнінде сұрақ тудырады. Студент санасында объективті емес қойылған баға әділдіксіз қойылған бағамен ассоциация тудырады. Оқытушының пікірі дәйекті және дәлелді болған жағдайда ғана бағаның әділдігі қабылданады. Студенттерді оқытушының шешімі дұрыс екендігіне сендіру қажет. Олардың түсінігі бойынша оқытушылар мейірімді және қатал болып бӛлінеді. Себебі әрбір оқытушы бағалаудың жеке ӛзіндік критерийлерін жетекшілікке алатын болғандықтан оның объективтілігі педагогикалық тәжірибесі мен жеке тұлғалық сапаларына тәуелді.
Объективтіліктің психологиялық жағы – баға қою шешіміне студенттің пәнге, оқытушыға деген қарым-қатынасы, сабаққа қатысуы, берілетін сұрақтардың сипаты мен саны оқытушы санасында студенттің «бейнесін» қалыптастырады.
Сондықтан кӛп жағдайларда оқытушы неліктен сол бағаны қойғанды жӛнінде түсінік беріп отыруы тиіс.
Педагогикалық бақылауды ҧйымдастыру принциптері Негізгі үш принцип ажыратылады:
Тәрбиелеу принципі – студенттің оқуға деген шығармашылық және саналы қарым-қатынасын белсендендіреді, танымдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарының ӛсуіне жағдай жасайды, оқу әрекеті мен тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Студент тұлғасына нұқсан келтіретін бақылау ЖОО-да қолданылмайды.
Жҥйелілік – жүйелі бақылау оқыту процесін реттейді, мотивацияны ынталандырады, қажетті шамада баға жинақтауға мүмкіндік береді.
Жан-жақтылық – бақылауға және бағалауға енгізілетін сұрақтар аясы пәннің барлық тараулары мен бӛлімдерін қамтуы тиіс. Тұлғаны бағалауда іскерлік, моральдық сапаларды, құндылықты бағдарларды, қоғамдық жұмысты, оқу жетістіктері есепке алу керек.