Шарттары: мектепте оқылатын ғылыми білімдердің керектігін қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы дәлелдеу. Білім алушы оқу тіршілікке керек екенін түсінетіндей етіп оқыту; «Білім - ӛмір» байланысы, ӛмірден алынған мысалдарды талдау. Ӛлкетіну мәліметтерін қолдану; білім алушыларға қазіргі жаңа технологиялар, ӛндірістік қатынастар, еңбектің жақсы әдістері туралы әңгімелеу және тікелей таныстыру; білім алушыларды ӛз білімдерін қолдануға және тексеруге үйрету. Қоршаған ӛмірден білім алып, оны қолдану; білім алушының әрбір сабақта ӛз жұмысының маңызын түсінуі. мектептің ӛндіріспен байланысын қолдану. «Оқу пәні ӛндіріс» байланысына бағыт беру, бақылау; білім алушылармен бірге ӛмірден алынған есептер мен жаттығуларды орындау, оқулықтың мәліметтерін ӛмірден алынған мәліметтермен толықтыру; аймақтың сұранысына қарай кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу; Мәселелік-ізденіс, зерттеу жұмыстары теория мен тәжірибені байланыстырудың басты құралы; еңбекке саналы қатынасты тәрбиелеу, Педагогтің еңбектегі үлгі-ӛнегесі; қоғамдық пайдалы және ӛнімді еңбекті білім алушылардың бақылауларымен, ой-толғаныстарымен ұштастыруу, сұрақтар қою, кӛп білуге, мәселелерді анықтауға ұмтылдыру; қоғамдық пайдалы еңбектің оқу және тәрбие мақсаттарына сай жүргізілуі. Қоғамдық пайдалы жұмыс - оқытудың ӛмірмен байланысын жүзеге асырудық маңызды жолдарының бірі; еңбекті ғылыми ұйымдастыруды оқу процесіне енгізу; білім алушылардың бір жұмыстағы табыстарын мадақтау, басқа жұмыстар беру; білім алушыларды жақсы жұмыс істеуге үйрету, бір-бірімен жарысып жұмыс істеуге баулу; білім алушылардың бастамашылығын мақұлдау, егер мүмкіндік болса «Жас ӛнертапқыштар» сайысын ӛткізу; әр білім алушыны оған ұнайтын ғылым, техника, ӛнер салаларынан ӛз бетімен білім алуға ынталандыру; ақыл-ой, ісәрекетін тәжірибе мен байланыстырып, білімнің 80-85% тәжірибе арқылы меңгерілетінін есте сақтау.
Кӛрнекілік принципі. Бұл ертеден қолданылып келе жатқан принцип. Оның негізіне мынадай ғылыми заңдылық жатады: сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы - кӛру мүшелері; Олар арқылы миға енетін ақпараттар білім алушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау кӛрнекіліксіз мүмкін емес.
Шарттары: білім алушылардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау; оқытудың алтын ережесі: кӛрініп тұрғандарды кӛрсету, еститінді естірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып кӛретінді дәмін таттыру; кӛрнекілік - оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы; білім алушы ұғымдар және абстрактілік принциптерді түсіну үшін нақты фактілер, мысалдар келтіру; кӛрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану; кӛрнекі құралдық оқылатын зат және құбылыс туралы анық және дұрыс түсінік алуға кӛмектесуі; білім алушылардың бақылауын жүйелеп, құбылыстардың себептерін, салдарын анықтату; кӛрнекілікті білім алушылармен бірге алдымен түгел қарау, негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу; кӛрнекіліктің алуан түрін қолдану, біраң кӛп кӛрнекілік қолданбау, ӛйткені білім алушылардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады; кӛрнекілікті қолданып білім алушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсініктерге сүйеніп, меңгерілетін ұғымды нақтылау; білім алушылармен бірге кӛрнекілік жасау, білім алушылардың ӛздері жасаған кӛрнекіліктердің де әсері мол; қазіргі кӛрнекі құралдарды, атап айтсақ: оқу теледидарларын, бейнежазбілім алушырды, кодослайдтарды, жартылай әкранды проекцияларды т.б. қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу; кӛрнекі құралдарды қолданып білім алушылардың зейінін, бай-қампаздығын, ақыл-ой мәдениетін, жобілім алушый білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу; кӛрнекілік арқылы ӛмірмен байланыс орнату; білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай заттьщ кӛрнекілікті азайтып, таңбалық кӛрнекіліктерді қолдану; нақты заттар мен құбылыстарды кӛрсету, мүмкіндік болмаған жағдайда символдың кӛрнекі құралдарды қолдану.
Кӛрнекілік тҥрлері:
табиғи кӛрнекілік білім алушыларды нақты объектілермен (ӛсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді;