3. Педагогикалық пәндердің ықпалдастырылуы, олардың тҥрлері мен нҧсқалары. Педагогикадағы оқытуды қарқындату ҥрдісі. Қазiргi кезде ғылыми бiлiмнiң басты тармақтарының бiрлiгiн нығайту шешiмi қоғамдық дамудың қажеттiлiгiнен күн тәртiбiне қойылып отырған проблемалардың кешендiк сипатымен қамтамасыз етiлген. Ғылымдардың үйлесiмдi дамуының ӛзара әсерi нығаймайынша, қазiргi адамзат алдында тұрған әлеуметтiкэкономикалық мiндеттердi шешу мүмкiн емес деуге болады.
Ғылымдар саласы арасында қалыптасқан кедергiлердi жою зерттелетiн объектiлерге жан-жақты бiртұтас кӛзқарасты қалыптастыру үшiн, ойлаудың диалектикалық тәсiлiнiң объективтiк шындықтың құбылыстары мен процестерiнiң жалпы байланысына бағытталуы үшiн, объектiлер жӛнiнде синтетикалық бiлiмдер алу және пәндер арасында қалыптасып қалған шекараларды жоятын кӛлемдi теориялық қорытынды жасау үшiн қажет болады.
Әдiснамалық тұрғыдан ғылымдардың ықпалдастыру үрдісiнiң түсiнiгiн дұрыс бермеу, оқытуды тұтасымен жолға қоюда ӛз әсерiн тигiзедi. Бұл жағдай кейбiр шетелдердiң педагогикалық практикасында байқалуда. Оларда мынадай пiкiр қалыптасқан, «интеграция» үрдісiнiң жүзеге асырылуының нәтижесiнде қазiрдiң ӛзiнде оқу пәндерiнiң жеке ғылым негiзi ретiндегi сапалық ӛзгешелiгi де жойылып кетуi керек деп есептейдi.
Қазiргi ғылымдағы интеграция формасын жiктеуде едәуiр алшақтықтың болуына қарамастан, кӛптеген авторлар ғылыми танымның пәнаралықтығы ең маңызды және болашағы бар деген бiрыңғай пiкiрдi қолдайды.
Ғылымның пайда болуының ӛзi танымның дамуындағы интеграциялық процестермен тiкелей байланыста, былайша айтқанда, ғылым – интеграцияның жемiсi. Ал даму мен интеграцияның қозғаушы күшi болып табылатын қоғамдық ӛзгерiстер интеграцияны қажет ететiн факторлар.
Ғылыми бiлiмнiң бүкiл эволюциясы бойына ғылым дифференциация және интеграция процестерiнiң бiрлiгiнде дамып отырды. Әрине, бұл процестердiң арақатынасы мен маңыздылығы ғылым дамуының әртүрлi кезеңдерiнде мәндi ӛзгерiстерге ұшырап отырды, соңғысының қоғамдық ӛндiрiстiк практикамен, техниканың және дүниетанымның дамуымен, дiни және идеологиялық институттармен, сол сияқты, ең бастысы ғылымның ӛзiнiң дамуының iшкi логикасымен, ӛз арақатынасымен айқындалып отырды.
Интеграция осы жағынан зор мүмкiндiктердi ашады, себебi қосымша мүмкiншiлiктердi алу арқылы жаңа қорытындылар алынады, ғылымдардың ӛзара байланысынан жаңа сапалық ӛзгерiстер ашылады. Ғылымдар интеграциясы мен ғылыми бiлiмдердiң синтезi жаңа қорытындыларға әкеледi. Жаңа компоненттер ашылады, және осының бәрi барлық жүйенiң экстенсивтi дамуынсыз жүзеге асырылады. «Ғылыми бiлiм дифференциациясы мен интеграциясының бiлiм беруде, оның мазмұндық және қызметтiк үрдiсiнде кӛрiнiс табады. Білім беру мекемелеріндегі бiлiм негiздерiнiң пәнге бӛлiнуi – дифференциацияның салдары. Бiлiм беруде интеграцияның қолданылуымен байланысты интегративтiк тақырыптар, курстар, интегративтi сабақтары пайда болды».
Интеграция мен дифференциация – бiлiмнiң тиiмдiлiгiн арттырудың әртүрлi әдiстерi. Сондықтан интеграциялық үрдiстердi бiлiм беру, тәрбиелеу, оқу процестерiндегi құнды заңдылық болып табылады. Бұл ой қорытындысын «бiлiм – адамдардың қоғамдағы материалдық және рухани iс- әрекеттерiнiң ӛнiмi; дүниенiң нысана қасиеттерi мен байланысының, табиғилық пен адамилықтың таңбалық түрде идеал бейнеленуi» деген анықтамадан да кӛремiз. Басқаша айтқанда, бiлiм –ойдың жиынтығы, адамның дүниеге қатынасы. Танымдық жүйенiң элементтерiн анықтай отырып, сана олардың арасындағы байланысты да табады. Таным үрдiсiнде танылушы нысананы бӛлу ғана емес, синтездеу де iске асады. Интеграция бiлiмнiң жинақталуы мен толығуына жеткiзедi.
Жинақтау дегенiмiз философияда жекеден жалпыға, жартылай жалпылықтан толық жалпылыққа ӛтудiң логикалық үрдiсi деп анықталады. Жинақталған бiлiм алу – дүниенi барынша терең бейнелеудi бiлдiредi. Жинақтау процесс ретiнде интеграциямен барабар, бiрақ интеграция қашанда жаңа сапаның пайда болуын талап етедi. Осыған байланысты интеграция ғылыми бiлiмдi үнемдi беруге, тез қабылдауға, сақтауға, тарату мен iс жүзiнде пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Негiзiнен барлық зерттеушiлер мына пiкiрге келедi: интеграция да, дифферернциация да бiртұтас таным процесiнiң екi жағы сияқты объективтiк категориялар және оларды ӛзара байланыста қарастыру керек; бiр жағын дамыта отырып, екiншiсi де қозғалыста, дамуда болатындығын ұмытпау керек.
Қазiргi интегративтiк ғылымдарды жинақтау мен құрудың негiзiнде объектiлердiң материалдық табиғатының ұқсастығы ғана емес, олардың кейбiр қасиеттерiнiң ұқсастығы бойынша анықталатын iшкi қызметi және сыртқы құрылымының ұқсастығы жатыр. Қазiргi барынша жалпы интегративтiк ғылым – педагогика – ол қандай оқу орны екендігіне қарамастан тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, оқыту, дамыту, әлеуметтендіру процестерiне тән заңдылықтар жӛнiндегi ғылым.
Интеграция – қандай да бiр жекелеген элементтердiң бiр тұтас болып бiрiгуi, қандай да бiр бiрлiктiң қайта құрылуы. Интеграция принципi бiлiм берудегi интеграция ұғымымен берiледi.
Интеграция ұғымы iс-әрекет принципiн, шын мәнiндегi бiлiм беру процесiн бейнелейдi.
Сонымен, интеграция – бiрiгу, ортақ ойлау бағытын табу және оны мазмұны жағынан толықтыру. Интеграцияның нысанасы дүниенi тануға тұтастық беретiн дүниеге ортақ кӛзқарас. Оқу процесiнiң тұтастығы адамның дүниеге қарым-қатынасын анықтайды. Бұл мәселенi жоғарғы оқу орнының оқыту процесiнде есепке алу қажет екендiгi белгiлi.
Ғылыми әдебиеттерде осы күнге дейiн «интеграция» ұғымы туралы түсiнiк болмаған едi. Интеграция терминi әдебиеттерде ХIХ ғ. бастап кездеседi және анықтамалық әдебиеттерде бiрiгу, қайта құрылу, толығу ретiнде түсiндiрiледi. Оның осылайша түсiндiрiлуi, бұл терминнiң адамзат бiлiмiнiң басқа да әртүрлi аймақтарында барынша кең қолданыс табуын кӛздейдi. Тек, 1993 ж. ЮНЕСКО сессиясында интеграция ұғымының жұмыстық анықтамасы берiлдi. Интеграция ұғымын «ӛзара органикалық байланыстағы бiлiмдердiң бiр-бiрiмен кiрiгуi, білім алушының ғылымды бiртҧтас тҥсiнуiне қол жаткiзу», - деп кӛрсетедi.
Едәуір кең кӛлемді ӛзгерістер интеграция дәуірін кешіп жатқан Еуропа елдерінде жүргізілуде, бұл Еуропалық Одақ құруға әкелді. Интеграция оған кіретін мемлекеттердің экономикасы мен саясатының барлық саласына енгізілуде. Білім беру саласындағы интеграцияны ынталандыру үшін 1976 жылы ЕО мүше-
мемлекеттердің білім беру комитеті құрылды, оның міндетіне батыс еуропалық елдердің білім беру жүйесін үйлесімді ету мақсатында ынтымақтастық стратегиясын құру кірді.
Бұл терминнiң пайда болуы, оның дамуы, адамдардың iсәрекетiндегi диалектикалық процестердiң қажеттiлiгiнен туатын дүниедегi болып жатқан объективтiк процестермен байланысты.
Интеграцияның педагогикалық қырын қарастыратын ғылыми зерттеулерге тоқталатын болсақ, мысалы Г.Д.Гачев интеграцияны рухани мәдениеттің бірлігін сақтауға, тұтастық бейнесін беруге қабілетті маңызды фактор деп есептейді.
П.Н.Федосеев «жаңа адамды» қалыптастыру процесіндегі ғылымдардың ӛзара әсер етуінің жағымды рӛлі туралы пікірді негіздейді. Ал интеграцияның тәрбие процесіндегі зор мәні жӛнінде В.П.Кузьмин мазмұнындағы, соның ішіндегі кәсіби білім берудегі интегративтік құбылысты есепке алудың қажеттілігін кӛрсетеді.
Қазіргі ғылымдардың даму аймағында іргелі даярлық алған мамандарды талап етеді соған байланысты мамандар даярлауда ғылымдар синтезін есепке алудың қажеттілігі туындап отыр. Осыған байланысты ерекше маңызды мынадай қарама-қайшылық байқалады: бүкіл білім берудің мазмұны түгелімен және толықтай ғылымдардың функционалдығы мен бӛлінуі принципіне құрылған, бірақ сол мезгілде ғылыми білім құрылымының дамуында оның интеграциялану тенденциясы басты болып табылады.
Интеграцияның педагогикалық қыры И.П.Яковлевтің еңбектерінде кӛрініс тапқан. Ол жоғары мектеп және қоғамның дамуына ортақ интеграциялық тенденцияларды анықтай отырып, сонымен қатар жоғары оқу орнындағы интеграциялық процестердің пайда болу ерекшеліктерін қарастырады. Онда оқу процесіндегі кейбір сапалық ӛзгерістерді жобалауға деген ұмтылыс бар.
И.П.Яковлев интеграцияны қоғамның, ғылым мен білімнің дамуындағы жетекші тенденция ретінде қарастыра отырып, білім берудегі интеграцияның барынша жетістікпен жүруіне қажетті шарттарды анықтаудың зор маңызын, оның жоғары мектептегі мамандарды даярлаудың сапасын арттыруға тигізетін әсерін кӛрсетеді. Автор жоғары мектептегі интеграциялық процестердің ӛзіндік ерекшелігін айта келіп, ал «білімнің синтезі мен кооперациясының жоғары мектеп жағдайы үшін жоғары мектептің мамандар даярлауы мен ғылыми зерттеулерін жетілдірудің маңызды факторы ретінде негіздеуді, теориялық талдаудың қажеттілігі туындайды» деп кӛрсетеді. Ол тҧлғаны жан-жақты және ҥйлесімді дамыту тҧжырымдамасы дегеніміз тұлғаның интеграциясы теориясы деп жариялай отырып, «оның тұлғалық және қоғамдық қызығушылығының бірлігі тұрғысынан да, әрі оның барлық қырлары мен қасиеттерінің бірлігі мен ӛзара тәуелділігі, яғни тұтастығы тұрғысынан да деп кӛрсетеді.
Интеграциялық процестердің рӛлін кӛтеру жоғары мектептің тұтастығының ӛсуімен тікелей байланыстырылады. Бұл ӛсудің негізгі бағыттары жоғары мектеп қызметінің кӛптүрлілігімен: кәсіптік, әлеуметтік-саяси, қоғамдық және жүйелілікпен байланысты. Жүйелілік қызметті интегралдық деп қарастыратын болсақ жоғары мектеп бүкіл әрекетінің қоғамның басты міндеті жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру міндетін шешуге жинақтайды және бағыттайды.
И.П.Яковлев «Тұтас тұлға» ұғымын аша отырып, барлық әрекет түрлерінде жоғары белсенділікті және олар арасындағы үйлесімді қатынастағы тұлға деп есептейді. Ол әрекеттің барлық түрлерінің сәйкес келу, толықтыру және олардың бірлігі принципі негізінде қалыптасады. Тұлғаны қалыптастыру процесінде сыртқы ортаға оның барлық құраушыларының ӛзара әсерлесуіне, оның адаммен ӛзара қарым-қатынасына ерекше кӛңіл бӛлінеді.
И.П.Яковлев ӛзінің әмбебаптық және үйлесімділіктің органикалық бірлігіне сүйенетін тұтас адам тұжырымдамасы негізінде «интегралдық бейінді» маман моделін – тұлғаның кәсіби қалыптасу негізін жасады. Мұндай маманға әмбебап-синтетикалық білімдер және әмбебап-қызметтік іс-әрекеттерді игеру тән. «Интегралдық бейіндікті» меңгерген маманды қалыптастыруға кӛшу тӛмендегі процестермен байланысты:
біріншіден технологияның әмбебаптануы,
екіншіден ӛндірістің ғылыммен интеграциясы,
үшіншіден зерттеушілік, ұйымдастырушылық, педагогикалық сияқты әртүрлі қызметтердің мамандық мазмұнында орын алынуында.
Автор сонымен қатар ӛз еңбектерінде жоғары мектептің ғылыммен және ӛнеркәсіппен интеграциясы проблемасын қарастырды. Негізінен ұйымдастыру жағына кӛп кӛңіл бӛледі. Ол нақты процесс тұлғаға «қызмет» ету үшін ӛндірістің, ғылымның, білім беру, басқарудың барлық құралдарын біріктіру, интеграциялау талап етіледі деп дәлелдейді. Ол еңбектерде жоғары оқу орны ішілік кооперация және интеграция мәселелері қарастырылып ӛз шешімін табады. Сонымен қатар, жоғары оқу орнының ғылыми мекемелермен интеграциясының ерекшеліктері кӛрсетіліп, «оқу-ғылыми-ӛндірістік» кешендердің жіктемесі беріліп, «білім беру-ғылым-ӛндіріс» жүйесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық және технологиялық-әдіснамалық негіздері сипатталады.
Жоғары мектептегі интеграциялық процестерді технологиялық қамтамасыз етудің арнайы мәселесіне тоқталатын болсақ, мамандар даярлаудағы интеграция ӛз кезеңінде оқу процесіндегі әдістер, формалар мен құралдардың белгілі-бір ӛзгерісіне алып келетіндігін кӛрсетеді. Бұл ӛзгерістердің мәні оқыту мен тәрбиенің бір-бірімен нашар байланысқан формалары мен әдістерінен мамандардың білім мен әрекетінің синтезі мен әмбебаптылығы міндеттеріне сәйкес келетін кең кӛлемдегі ӛзара байланысты кешеніне кӛшу одан әрі олардың органикалық жүйеге интеграциялануы ретінде кӛрсетуге болады.
Дизинтеграциялық оқыту технологияларына мысал ретінде лекциялық және практикалық сабақтар бір-бірінен алшақ екендігі, лекцияда теориялық проблемалардың абстрактілік-кеңейтілген жағы басым да, ал практикалық сабақтар – міндеттік оқуға бейімделген. Бұл студенттердің жалпығылыми және практикалық білімдері арасындағы алшақтық туғызады.
Тәрбие мен оқытудың әртүрлі тәсілдері, әдістері, жолдарын біріктіру және қолдану мәселесі, алдымен мазмұндық интеграцияға қатысты, яғни интеграцияланған курстар, пәндерді интеграциялау («білім беру»), олардың құраушылары – білімді, іскерліктерді және т.б. яғни білімнің интеграция мазмұнымен байланысты болып келеді.
Шетелдік педагогикалық әдебиеттерде мазмұндық интеграция мәселесіне де кӛп орын беріледі. А.Блюм оқыту мазмұны интеграциясының әртүрлі дәрежелерін қарастыра келіп, координацияланған процесс және бағдарламалар бойынша бір аймақтан алынған білім басқа аймақтан алынған білімге негіздеп құрады. Бұл тұрғыда әртүрлі сипаттағы аралас бағдарламалар тиімді болып келеді: а) кеңейтілген пәнаралық бағдарлама, ә) «байланыстырушы бағдарлама», б) бірізді бағдарлама. Мұның алғашқысы – бірнеше пәннің бір пәнге құрастырудың нәтижесі. Оған мысал ретінде «Әлеуметтік пәндер» пәнін алуға болады. Оған тарих, география, экономика, социология, құқықтану, антропология кіреді. «Байланыстырушы бағдарлама» бірнеше пәннің бір пәнге қосылуын кӛздейді, бірақ бір жүйе құраушы пән негізінде құрылады.
Бағдарлама бойынша логикалық тұрғыдан келу басым: онда бір тақырып бірінен кейін екіншісі бірізді беріледі. Мысалы қала тарихын ӛту процесінде алдымен экономикалық мәселелер туындайды. Одан соң – географиялық, экологиялық және т.б. «Бірізді бағдарламаны» жүзеге асыру формасының бір түрі – интегративті оқу күні деп аталады. Шетелде «іріблоктық» құрастырылған бағдарламалар пәнаралық тақырыптар негізінде жасалады.
Интеграцияның амальгамдық бағдарламалары жоғары дәрежеде қолданыс тапқан. Оларда білім салаларының координациясы немесе құрастырылуы емес, нақты ӛмір жағдайларын барынша жақындатылған жобалар негізге алынған. Мысалы: ойын алаңының жобасы, азаматтық қоғамды дамыту т.б. жобалары. Жобаға идея сапасында қазіргі ӛмірдің оң мағыналы әлеуметтік проблемасы ретінде – жатсыну алынуы мүмкін. Бұл жағдайда оны екі есептік нүктеден, яғни баспа беттерінде жазылатын әлеуметтік құндылықтар және кӛркем әдебиетте ұсынылатын кӛзқарастарды салыстыру тұрғысынан қарастыру маңызды.
Аталған бағдарламалардың түрлері ғылымның, техниканың, мәдениеттің, әртүрлі аймақтарының ӛзара бір-біріне енуінің тереңдігін сипаттайтын интеграция дәрежесін кӛрсетеді. Интеграциялық бағдарламаларында тӛмендегілерді біріктіру кӛзделген.
қиылысатын пәндерді: химия және физиканы физикалық химияға; тіл мен тарихты тіл тарихына т.б.
әртүрлі жаратылыс ғылымдарын;
іргелі және қоғамдық ғылымдарды;
жаратылыс ғылымдары мен философия; 5) жаратылыс және қоғамдық ғылымдар; 6) шет тілдері және олардың мәдени ортасы.
Олай болса интеграцияның шегі жоқ екен. Оған шет елдердегі интегративтік курстар, жобалар интеграциялық курсы жобасында, ӛз «ӛзегіне» физика, жаратылыс ғылымдарын ала отырып тарихпен, философиямен, ӛнер және әдебиетпен интеграцияланады. Сондайақ университеттің ғылыми жобасы астрономия, физика, химия, биология, геологияны біріктіреді және осы пәндер үшін ортақ (жалпы) категорияларды әртүрлі позициялар қарастырылатын категорияларды меңгеру мақсатын қояды. Бір қызығы, аталған курс дедуктивтік интеграция аталған пәндердің мәліметтерін ӛзіне біріктіретін, жалпы тақырыптардан тұратын, құрастырушы тәсілмен қалыптасады.
Ал, екінші бӛліміне негізінен жүйелеу тән, яғни олардың әрқайсысының ерекшелігіне кӛңіл бӛлудің қажеттілігін дәлелдейді. Бірақ кӛрсетілген айырмашылықтар жалпы міндеттерді орындауға кеселдік келтірмейді. Ол міндеттер: а) қоршаған дүниенің белгілі бір құбылыстарын бӛліп алып кӛрсету іскерлігі және оған ғылыми түсінік беруге үйрету; ә) білім алушылар құбылыстарды ӛз бетімен талдауға мүмкіндік беретін жалпы ұғымдар жүйесіне үйрету; в) дүниені эксперименттік тану әдістерін және проблемаларды ӛз бетімен шешу жолдарын іздестіруге; ғылыми дүниетанымның мәдени құндылықтарын түсінуге үйрету. Интеграцияның мүмкіндіктерін жеке пәндердің басқа пәндермен интеграциясынан да кӛруге болады.
Батыс елдеріндегі қазіргі интегративтік-педагогикалық идеяларының бірі – кооперативті оқыту приницпі болып табылады. Оның негізінде білім алушылардың ойлау әрекетінің ұжымдық ұйымдастыру алынады. Мұнда «ынтымақтастық миссияға», «оқыту үрдісінде» ӛзара қолдау және ӛзара түсіністікке ерекше кӛңіл бӛлінуі бұл тұжырымдаманың ізгіліктік бағдарының айқын куәсі.
Шетелдік педагогтар білім берудегі интеграцияның тікелей технологиялық қырларын да қарастыра отырып интеграциялық әдістердің, жобалау-интеграция құралдарын қолданудың формалары мәселелері шешімін тапқан. Бұған оқу процесіндегі ынтымақтастық әдістері, интегративтік семинарлар т.б. Бұл мысалы, АҚШ колледждеріндегі құрастырылған курстар мен интегративтік семинарлар, американдық мектептер мен елдің іскерлік әлемінің серіктестік интегративті формалары; оқу процесіндегі бірлескен шығармашылық әдістері т.б.
Студенттердің құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында олардың білімін интеграциялау қабілетін дамыту күні ӛзекті мәселеге айналып отыр. Интеграциялық қабілет құзыреттілік тұрғыдан келуде адамның жетістікті әрекетінің қажетті шарты болып табылады. Білімді интеграциялау, синтездеу және талдауды студенттердің білім мазмұнын меңгеру процесіндегі ең маңызды мәселелердің бірі. Бірнеше кәсіптерді меңгерген адамның жаңа білімді интеграциялауы, бұрын алған білімдері мен жаңа білімдер арасында байланыс орнатуы, кәсіби әрекетте интеграцияланған білімдерін қолдану мүмкіндігі пайда болады.