Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет77/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

Болашақ педагогтарды даярлаудағы курстың маңызы
Болашақ мұғалімдердің жоғары оқу орнындағы дайындықтың мазмұны, құрылымы және әдістері, біріншіден, қоғамның даму бағыттарымен, екінщіден, педагогика ғылымының дамуымен, үшіншіден, педагог мамандығының ерекшеліктерімен белгіленеді. Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің құрамдас бӛліктері:

  • жоғары педагогикалық білім беру мемлекеттік білім беру стандарты және білім беру бағдарламалары;

  • мемлекеттік лицензияға ие жоғары оқу орындары;

  • ғылыми зерттеулер жүргізілетін ғылыми, жобалаушы, мәдениағартушы орындар, ұйымдар;

  • педагогикалық білім беруді басқару органдары.

Педагогикалық білімге ие болу белгілі бағдарламаларды меңгеру жағдайында қол жеткізілетін түрлі деңгейлі кәсіби квалификациялы маман ретінде тұрақтанумен байланысты.
Үздіксіз педагогикалық білім беру – нақты педагогикалық ісәрекетке дайындау мақсатында педагогикалық білім беру орындарынан бірізділікпен ӛту, тұлғаның білім алу қажеттіліктерін ӛтеу мақсатында жеке білім алу жолдарын жүзеге асыру.
Педагогикалық білім беру орындар жүйесі педагогикалық сыныптардан (лицейлік) басталады. Олар педагогикалық, яғни гуманитарлық бағыттағы ересек мектеп болып табылады және кәсіби педагогикалық дайындыққа дейінгі міндеттерді шешуге бағытталған.
Кәсіби дайындыққа дейінгі педагогикалық орындардың түрлі формалары қалыптасқан:

  • арнайы бағдарлама негізінде жұмыс жасайтын мектептегі педагогикалық сыныптар;

  • гимназияның 10-11 сыныптарында педагогикалық профиль;

  • педагогикалық лицейлер және лицеисттер сыныптары;

  • педагогикалық жоғары оқу орындарының жүйесіне енетін жоғары оқу орындарына дейінгі дайындық факультеттері.

Кәсіпке дейінгі дайындық – бұл үздіксіз білім беру жүйесіндегі алғашқы кезең және негізгі мектептік білімге қосымша болып табылады.
Келесі дайындық деңгейі педагогикалық оқу орындарында жүзеге асырылады. Бұнда когнитивті (білімділік) және тұлғалық сипаттамалар қалыптасады, педагогикалық қызметті орындауға қажетті дағдылар меңгеріледі.
Педагогикалық білімнің негізін 1-ші және 2-ші деңгейлі білімділік-кәсіби бағдарламалары жүзеге асыратын базалық жоғары білім құрайды. Олар адам және қоғам, тарих және мәдениет жайындағы білім жүйесін меңгеруге, базалық фундаментальды ғылыми дайындық пен кәсіптік педагогикалық білім негіздерін алуға мүмкіндік береді.
1-ші деңгей – жалпы жоғары білім. Оған екі жыл ішінде 1-ші деңгейлі білім беру жүреді. Ол кәсіптік бағдарламаларды меңгеру жолымен жүзеге асырылады. Ол базалық жоғары педагогикалық білім деңгейінде 2-ші деңгейлі білімді меңгеруге жол ашады.
Базалық жоғары педагогикалық білімнің 2-ші деңгейі екі жылға есептелген және бір пәндік бағыт бойынша білімділік-кәсіптік бағдарламаны жүзеге асырады. Мемлекеттік емтиханнан ӛтіп, базалық жоғары педагогикалық білімге ие болған студентке таңдалған пән бойынша білім бакалаврының дипломы беріледі.
Толық жоғары педагогикалық білім базалық жоғары білімге негізделеді. Мамандану бағытына сәйкес кәсіптік және білімділік бағдарламаларының дамуы мен саралануы байқалады. Бұл деңгейдің басты мақсаты – педагог-зерттеушіні дайындау. Бұл деңгейдегі оқу мерзімі 4 жылдық базалық жоғары педагогикалық білім негізінде – 2 жыл. Толық жоғары педагогикалық білім алғандарға білім магистрі дипломы беріледі. Ол ғылымның нақты саласында жұмыстануға кез-келген білім беру орындарында кәсіптік іс-әрекетті жүзеге асыру құқығын береді. Бұл деңгейдегі бағдарламалар негізінен дараланған және ғылыми педагогикалық зерттеулерді дұрыс жүргізуді үйретуге бағытталған. Олар университет типтес оқу орындарында ұйымдастырылады.
Педагогикалық білімнің ең жоғарғы деңгейі ғылыми квалификацияны жетілдіру. Ол магистратурада жүреді.
Педагог маманына қойылатын жалпы талаптардың мазмұны тӛмендегідей:

  1. табиғат, қоғам және сананың басты заңдылықтарын білу;

  2. адам жайында, оны жеке тұлға ретінде тану білімі; 3. тарихи және қазіргі болмысты меңгеру тәсілдерін білуі.

  1. ақпаратты жинақтау, ӛңдеу және қолданудың соңғы технологияларын меңгеруі .

  2. педагогикалық қызметті басқару мәселесін шешуі.

Қазіргі кезде мектепке қажет мұғалім тұлғасы жайында пікірталас тууда. Ең алдымен қазіргі мұғалімнің бойында гуманистік бағытталу, жалпы адамзаттық құндылықтарға сүйену, кәсіби қабілеттілік, шығармашылдық қабілеті, психологиялық дайындығы және әдістемені меңгеру қасиеттері белгіленеді. Мұғалімнің дайындығында жалпы педагогикалық дайындық ерекше орын алады. Оның мақсаты педагогикалық теориямен қатар оқыту мен тәрибелеудің практикада қолданылатын іскерлігі мен дағдысын меңгерген мұғалімдерді қалыптастыру.
Кәсіби дайындыққа қойылатын талаптар:

  • ӛз мамандығының тұлғалық және әлеуметтік мәнділігін сезіну;

  • мәдениеттің берілуін қамтамасыз ететін білім беру жайында тұтас түсінікті меңгеруі;

  • ғылыми-гуманистік кӛзқарасты меңгеруі;

  • табиғат пен қоғам дамуының негізгі даму заңдылықтарын білуі;

  • адамның рухани сипаты, тұлғасы және даралығы жайындағы білім мен түсініктер жүйесін меңгеруі;

  • Қазақстан Республикасының конституциясын, этикалық және құқықтық нормаларды білуі;

  • білім беру процесінің заңдылықтары мен принциптері жайындағы білім мен түсініктер жүйесін меңгеруі;

  • ғылыми танымның формалары мен әдістерін білуі, таным тәсілдерін меңгеруі;

  • пәндік білімін кәсіби тілмен жеткізе білуі;

  • экологиялық білімнің концептуальды негіздері мен

принциптерін білуі;

  • ақпаратты іздеу, ӛңдеу, қолданудың соңғы әдістерін меңгеруі;

  • қарым-қатынас орнату іскерлігі;

  • ойлау мәдениетін, сӛйлеу мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі;

  • жұмысқа психологиялық және әдістемелік дайындығы.

Мұғалімді дайындау жүйесінде жалпыпедагогикалық дайындыққа ерекше кӛңіл бӛлінеді. Оның мақсаты – педагогикалық теория мен практиканы меңгерген мұғалімді қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет