Мақсаты: педагог мамандығының ерекшеліктерін анықтау, оның пайда болу тарихымен таныстыру, даму бағыттарын белгілеу.
Кҥтілетін нәтижелер: Студенттер дәрістің соңында:
Педагог мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы тарихымен танысады;
Педагог мамандығының ерекшеліктерін біледі;
Педагогикалық мамандықтың даму перспективасын анықтай білу қабілеттері дамиды. Ӛткізу әдістері:
студенттермен диалог, талдаушылық және мәселелік түсіндіру тәсілі;
интерактивті оқыту әдісі. Дәрістің мазмҧны:
Педагог мамандығының пайда болуы мен қалыптасуы.
Педагог мамандығының ерекшеліктері.
Педагогикалық мамандықтың даму перспективасы.
1 КЕЗЕҢ – ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ 1. Жаттығу «Екі жақты кҥнделік» (Презентацияның 2 слайды)
Тапрсыма: Студенттерге педагогика мамандығының пайда болуы мен тарихы туралы мәлімет беріліп, білімге, пәнге деген қызығушылықтарын оятып, «Екі жақты күнделік» әдісі арқылы даму тарихын күнделіктің бірінші бӛлігіне жазуы сұралады.
«Екі жақты кҥнделік»
Тарихы (мектептер)
Түсініктеме
Педагог мамандығының пайда болуы мен калыптасуы Ең алғашқы мектептер Ежелгі Шығыс (Египет, Ассирия, Вавилон, Финикия) елдерінде құл иеленушілік қоғамында пайда болған. Мектеп туралы мәліметтерді б.э.д. 2500 жыл бұрын египеттік жазба ескерткіштерінен кездестіреміз. Бұл патшаның балаларына арналған сарай мектебі еді.
Ежелгі Грецияда алғашында грамматистер мен кифаристер мектебі пайда болған. Бұнда 7-14 жасқа дейінгі ер балалар ғана оқытылған. Қыз балалар жанұяда тәрбиеленген. Грамматистер мектебінде балаларды оқуға және жазуға, санауға үйретсе, киифаристер мектебінде музыкаға, ән айтуға, мәнерлеп оқуға үйреткен. «Иллиада» және «Одиссея» шығармаларымен танысқан. Бұл мектептердегі мұғалімдерді дидаскал деп атаған. (грек сӛзі «дидаско» – үйретемін), ал мектептерге баланы алып келіп, сабақтан соң алып кететін құлды педагог атаған. Педагог – грек сӛзі «пайдос» - бала, «гогос» - жетектеу дегенді береді. Ежелгі Грецияда 13 жастағы балаларды грамматистер және кифаристер мектептрінен кейін палестраға ауыстырған. Палестра -күрес мектебі деген мағынаны білдіреді. Мұнда 2-3 жыл бойы балалар гимнастикамен шұғылданған. Ондағы мұғалімдерді педотриба деп атаған. Педотрибалар күресуге, секіруге, жүгіруге, диск пен найзаны лақтыруға, жүзуге үйреткен. Cпартада мемлекеттік тәрбие жетекшілерін педоном деп атаған. Педономдар тек ақсүйектердің арасынан сайланған. Міндеті - тәрбиешілердің құлықтық ісәрекетін, дене жаттығуларын бақылау және оларды жазалау.
Ежелгі Римде риторлық мектептер ашылды. Бұл мектептерде 13-19 жас аралығындағы ер балалар оқытылды. Бұнда жалпы гумманистік білім беріліп, кӛрнекті тарихшылардың, шешендердің, ақындардың шығармаларымен, философия, құқық пәндерімен таныстырған. Осы кезеңде мектептің 3 түрі болған: монастырь, собор мектептері, приход мектептері. Бұнда монахтар мұғалімдік қызметін атқарған.
Сауда мен қолӛнердің дамуына байланысты бұрынғы шіркеулік мектептердің орнына қолӛнерщілердің цехтік мектептері, саудагерлердің гильдийлік мектептері пайда болды.
Капитализм дәуірінде оқыту мен тәрбиені дворяндар мен буржуйлар жанұяларында гувернерлер оқыту мен тәрбие ісін жүргізген.
Тек ХYІІ ғасырдан бастап мұғалім мамандығы мемлекет тарапынан танылып оған белгілі бір талаптар қойыла бастады. Мұғалімнің міндеттері мен құқықтары заң түрінде белгіленді.
1917 ж Қазан тӛңкерісінен соң білім берудің жаңа жүйесі қарастырылды. Кәсіптік педагогикалық оқу орындарының жаңа түрлері пайда болды.
ХІХ ғасырдың 90 жылдарында Қазақстанның қоғамдық ӛмірінде, білім беруде ӛзгерістер байқалды. Педагогикалық институттар педагогикалық университеттерге айналдырылды. Жалпы білім беретін мектептердің жаңа түрлері пайда болып, практикаға енгізіледі.
Жҧмысты талқылау:
Педагогиканың даму тарихы немесе мектептер?
Бұл мектептердің пайда болуына үлес қосқан педагогтар әселелерде не ортақ және әртүрлі?