Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет119/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

Слайд 2. Оқыту ӛзіне үш функцияны енгізеді: білім берушілік /білімдерді меңгеру процесі, оқу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру/, дамытушылық /оқушыларды психикалық және денелік дамыту/, тәрбиелеушілік /оқу іс-әрекеті оқушыны тәрбиелейді, онда патриоттық, адамгершілік сапалар, кӛзқарастар, сенімдер, мұраттар, эстетикалық сезім, тәртіптілік, еңбексүйгіштік т.б./.
Оқытудың білім берушілік, дамытушылық және тәриеленушілік функцияларын жүзеге асыру оқушының тұлғасын қалыптастыру процесіне кешенді тұрғыны қамтамасыз етеді.
Слайд 3. Қазіргі мектепте оқытудың 3 түрі қолданылады: түсіндірмелі – иллюстративтік /ТИ/, кейде оны дәстүрлі оқыту деп атайды; проблемалық /Пбо/; бағдарламаланған /программированное/ /БО/ және оның негізінде дамыған компьютерлік оқыту /КО/.
Тҥсіндірмелі – иллюстративтік оқыту. Мұндай оқытудың негізгі әдісі – түсіндіруді кӛрнекілікпен ұштастыру. Оқушылардың іс-әрекетінің жетекші түрлері – тыңдау және еске сақтау. Басты талап және тиімділігінің кӛрсеткіші – оқығанды қатесіз қайталап айту. Түсіндірмелі – иллюстративтік оқытудың он жақтары: уақыт үнемдейді; оқушылардың күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді; оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Кемшіліктері: «даяр» білімдерді беруі, оқыту процесін жекелеп және саралап жүргізуге толық жағдай жоқ.
Проблемалық оқыту эвристикалық әдістерді қолдануға негізделген оқытудың бір түрі. Мақсаты – практикалық және теориялық – танымдық сипаттағы проблемдік жағдайларды шешу процесінде эвристикалық іскерліктерді дамыту. Іздеушілік процеске оқушылардың білімдері және талдау іскерліктері қатыстырылып, олар онан әрі белсенділік сипатқа ие болады. Оқу проблемасы күрделі болғанымен оқушылардың оларға әлі жететін болу керек. Проблеманы шешудің кезеңдері: оқу проблемасына кірістіру және оны ұғыну; осы сұрақ бойынша бар білімді талдау, олардың жеткіліксіздігін анықтау, жетіспейтін ақпаратты іздеуге қатыстыру; мәселені шешу үшін әртүрлі тәсілдермен білімді табу; алынған нәтижені тексеру. Проблемалық оқытудың оң жақтары: ӛзіндік шығармашылық іс-әрекет арқылы дербес түрде білімге ие болуы, оқу әрекетіне жоғары қызығушылық, ӛнімді ойлауды дамыту, оқытудың берік және әрекетті нәтижесі. Кемшіліктері: оқушылардың танымдық әрекетін басқарудың қиындығы, әлсіздігі, қойылған мақсатты орындау үшін кӛп уақыт кетеді.
Бағдарламаланған /программалық/ оқыту - әрекеттердің /операциялардың/ бірізділікті жүйесі, оларды орындау алдын-ала жоспарланған нәтижеге әкеледі. Бағдарламалап оқытудың негізгі мақсаты – оқыту процесін басқаруды жақсарту. ПО ерекшеліктері: оқу материалы бӛлек-бӛлек порцияларға бӛлінеді: оқыту процесі бірізділікті қадамдардан тұрады, онда білімнің порциясы және оларды меңгеретін ойлау операциялары бар; әрбір қадам тексерумен аяқталады /сұрақ, тапсырма, т.б./; егерде оқушы қадағалаушы тапсырманы дұрыс орындаса материалдың жаңа порциясын алады да оқытудың келесі қадамын орындайды; оқушы дұрыс емес жауап берсе кӛмек және қосымша кеңес алады; әрбір оқушы дербес жұмыс істейді және әлі келетін қарқынды оқу материалын меңгереді; бүкіл қадағалаушы тапсырмалардың орындалуы есепке алынады және олар оқушының ӛзіне /ішкі кері байланыс/ және мұғалімге /сыртқы кері байланыс/ белгілі болады; педагог оқытуды ұйымдастырушы және оқушы қиындық кӛргенде кеңес беруші рӛлінде болады; оқыту процесінде БО құралдары кеңінен пайдаланады: программаланған оқу құралдары, тренажерлер, қадағалайтын жабдықтар, оқыту машиналары.
Жеке электрондық-есептеу машиналарының қарқынды дамуы компьютерлік оқытудың жаңа технологиясын дүниеге әкелді.
Қазіргі кезде оларды қолданудың жолдарын іздестіру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет