Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет120/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

3. Жаттығу «Тҥртіп алу»
Дәрістің 3-4 сұрақтарын түсіну үшін «Түртіп алу» стратегиясын орындау тапсырылады. Әр студен бұл бӛлікті жұппен орындайды. + жаңалық,
V білемін, ? түсінбедім,

  • келіспеймін.

  • Сұрақ-жауап әдісін қолдану арқылы тапсырма талқыланады.

Ҥлестірмелі материал:
3. Оқушылардың танымдық іс-әрекеінің ерекшеліктері.
Оқыту процесінің методологиялық және философиялық негізі диалектикалық материализмнің таным теориясы болып табылады, онда таным процесінің диалектикасы, ойдың бір кезеңнен екінші кезеңге қозғалысы ашып кӛрсетіледі.
Адамның танып білуі бірнеше кезеңнен ӛтеді:

  1. Ең алдымен сезімдік тану болады, ол арқылы бала ӛзін қоршаған табиғи және әлеуметтік құбылыстары, оқиғалар, заттар туралы түрлі елес алады. Осы сезімдік образдар барынша жүйеленсе және жалпыланса, балаға мектепте оқу жеңіл болады. Бірақта сезімдік тану жүйесінде бала қоршаған дүниенің заңдылықтарын кӛрсете, айыра алмайды.

  2. Дерексіз /абстракталық/ танып білу, ұғымдар жүйесін меңгеруі. Мұнда мектептік оқыту қажет. Оқушының танымдық ісәрекеті бір жақты болады. Ол қоршаған дүниенің белгілі бір жақтарын оқу пәндерінің мазмұны арқылы зерттеп біледі. Оқушының танымдық іс-әрекетіндегі нақтылық және дерексіздік қарама-қайшылықты күш ретінде болып, оның ақыл-ой дамуында әр түрлі үрдістерді құрастырады.

  3. Танып білудің жоғары кезеңі, яғни жоғары дамыған абстрактылық ойлаудың негізінде қоршаған дүние туралы жалпыланған елес қалыптасып, ал ол ӛз кезегінде кӛзқарастарды, сенімдерді, дүниеге кӛзқарастарды қалыптастырады.

Мектептегі оқу баланы ғылыми білімдер, ұғымдар, заңдылықтар дүниесіне енгізеді. Оқушы аз уақыттың ішінде адамзат ғасыр бойы танып білген, жинақтаған білімді меңгеріп алады.

4. Оқыту процесінің құрылымы, негізгі сатылары


Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекетін басқаруға үйрену үшін, олардың білімді меңгеруінің кезеңдерін жақсы білу керек. Негізгі кезеңдері: қабылдау, оқу материалын ұғынуы, бекіту, практикалық іс-әрекетте білімді қолдануы.

  1. кезең – қабылдау. Психологияда қабылдауды мақсатты бағытталған танымдық процесс ретінде қарастырады. Ол таңдаушылық сипатта болады. Сондықтан оқушыларға ең алдымен тақырыпты хабарлау керек, яғни олар нені оқитынын білуге тиіс. Міндет қойылып, ол түсіндірілуге тиісті. Егерде оқушылар оқу міндетін ұғынбаса материалмен таныстыра бастауға болмайды.

Сосын мұғалімнің жетекшілігімен оқушылар даярлық жұмыстарды орындайды. Оқу материалымен бастапқы танысу жүзеге асырылады. Онда шынайы немесе суреттелген заттармен, құбылыстармен, жағдайлармен жұмыс жүргізіліп, таныстырылады, тәжірибелерді жүргізу іске асырылады.
Бірінші кезеңде оқушылар қандай құбылыстарды, уақиғаларды, заттарды т.б. оқитын туралы ұғымдары болады және оқу міндетін түсінеді.

  1. кезең – оқу материалын ҧғыну. Оның мәні: білімдегі теориялық астарларды бӛлу және талдау. Басты ойды тауып, ұғымдарды бӛліп шығарып, олардың белгілерін негіздеу, түсіндіретін материалдың сипатын ұғыну, мысалдардың жиынтығын және түсіндіретін фактілерді танып білу. Мұнда оқушының білімінде жүйе қажет, онда ол басты екінші қатардағы қосымшаны түсіндіретін элементтерді кӛріп отырғаны абзал. Оқып жатқанды екі түрде негіздей дәлелдей алатын болуы керек, яғни репродуктивтік түрде: мұғалімнің түсіндіру логикасын қайталайтындай және шығармашылық түрде: сӛйлеуінде ӛзінің мысалдарын, фактілерін, шешу тәсілдерін қосуы.

Бұл кезеңді орындалды деуге болады, егерде оқушылар оқу міндетінің шешу тәсілдерін түсінсе және білімдегі жүйені ұғынса.

  1. кезең – еске сақтау немесе бекіту. Мұндағы міндет ұзақ уақытқа алған білімді сақтау. Осы кезеңде танымдық іс-әрекет жаттығу, дербес репродуктивтік және шығармашылық жұмыс түрінде кӛбірек сипат алады. Теориялық материал, ұғымдар, ережелер, дәлелдеулер әр түрлі жаттығуларда қайталанады. Ұғымдардың белгілері берік бекітіледі,ережелер, теоремалар, заңдар жақсырақ есте қалады.

Мұғалім оқушылардың жаттығуларды саналы орындағанын қадағалап отыру керек. Мұғалім еске сақтаудың әр түрлі тәсілдерін оқушыларға үйретіп отырады.
Үшінші кезеңнің қорытындысында оқушылар теориялық материалды білулері қажет және оны жаттығуларды орындағанда, есептерді шығарғанда, теореманы дәлелдегенде және т.б. қолдана білуі керек. Оларда оқу іскерліктері және дағдылары қалыптасқан.

  1. кезеңде оқушылар алған білімді, іскерлікті және дағдыны практикалық іс-әрекетте қолдана білу қажет.

Бұл қатынаста сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстан үлкен мүмкіншіліктері бар. Балалардың жас техниктер, жас натуралистер үйірмелеріне, спорттық, кӛркемӛнер секциясына т.б. шараларға қатысуы оқу іскерліктері мен дағдыларын практикалық іс-әрекеттің әр түрлерімен байланыстыруға кӛмектеседі.
Оқытуды оқушылардың практикалық іс-әрекетімен байланыстыру оларда моральдық сапаларды қалыптастыруға, қызығушылықтарын және ынталарын, оқудың он мотивациясын тәрбиелеуге септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет