Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен


Педагогика курсы мазмҧнының жалпы сипаты



бет19/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

3. Педагогика курсы мазмҧнының жалпы сипаты
Білім беру мазмҧны – жас ұрпаққа нені оқыту керек деген сұраққа нақты жауап болып табылады. Білім беру мазмҧнын белгілі типті оқу мекемесінде арнайы оқытуға таңдалып алынған білім, біліктілік және дағдылардың нақты жҥйесі деген түсінік қалыптасып келді. Бұл жүйеге білім алушылардың белгілі интеллектуалдық, әлеуметтік және рухани дамуын қамтамасыз ететін қоршаған орта, қазіргі заман ӛндірістері, мәдениет және ӛнер туралы білім; білім алудың интеллектуалдық және практикалық біліктіліктері мен оларды қолдану тәсілдері; танымдық іс-әрекет, теориялық және практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешу дағдыларын меңгеру кіреді.
Білім беру мазмұны кез-келген оқу орны ұмтылатын соңғы нәтижесі болып табылады. Білім беру мазмұны келесі талаптардың тізімін құрайды. Олар:

  • тұлғаның ӛзін-ӛзі анықтауды қамтамасыз етуге бағытталған болу керек, оның жүзеге асу жайттарын құру; қоғамның дамуы;

  • әлемдік деңгейге сай қоғамның жалпы және кәсіби мәдениетіне сәйкес; білім алушылардың білімнің қазіргі деңгейі мен білім беру бағдарламаларының деңгейіне сәйкес, тұлғаның ұлттық және әлемдік мәдениетке интеграциясына сәйкес дүниеге кӛзқарасын қалыптастыру;

  • қазіргі қоғамның жағдайына бейімделген және сол қоғамды жетілдіруді кӛздеген адамды және азаматты қалыптастыру;

  • жастардың мамандық және соған сәйкес біліктілік алуға бағытталуы;

  • нәсілдік, ұлттық, діни және әлеуметтік жтқызылуына тәуелсіз адамдар арасындағы халықтар арасындағы ӛзара түсіністік пен ынтымақтастыққа, түрлі дүниетанымдық ыңғайларды ескеруге, білім алушылардың ой мен пікірін еркін таңдауға құқығын жүзеге асыру мүмкіндігіне ықпал етеді.

Білім беру мазмұны категориясы адамдарға белгілі табиғат, адам, қоғам туралы білімдері, белгілі іс-әрекет тәсілдерін орындаудағы адамға тән біліктіліктер туралы алынған білімдері; қоғам алдында туындайтын жаңа мәселелерді шешу тәжірибесі; ӛмір, табиғат, қоршаған орта тағы басқалар туралы ойлары кӛрсетілген әлеуметтік тәжірибені бейнелейді. Кейде адамзаттың әлеуметтік тәжірибесін жалпы адамзат мәдениеті деп атайды. Сан мыңдаған даму тарихында адамзат ӛте кӛп білім жинақтады.
Білім беру мазмұнының мәселесі ғасырлар бойы ӛткір теориялық, идеялық саяси күрестің пәні болып келді, оның шешілуінен халықтың мәдени деңгейі, оның ӛмір сүру деңгейі, жастардың ӛзбетті ӛмірге, еңбекке даярлығы байланысты болды. Бұл мәселе бүгінгі күнде барлық әлемде ерекше кӛкейтесті, білім беруде дағдарысы жалғасып жатқанда, бірқатар қарама қайшылықтар айқындалуда:

  • Қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттіліктері мен түлектердің жаңа жағдайда сәйкес орынды алуға даярлығы;

  • Бәсекелі экономикаға оқушы тұлғасының қатысуы мен оған деген қажетті сапалардың бойында болмауы арасында;

  • әлеуметтік экономикалық және қоғамдық ӛмірдегі кӛбейіп отыратын ақпарат пен білім алушының осы үрдіске даярланбағандығы арасында т.б.

Жалпы қоғамдағы үдерістердің инновациялық сипат алуы және ӛзгерістердің басты ресурстары ретінде адам капиталы белгіленуі білім беру жүйелеріндегі барлық салаларды жаңаша ҧйымдастыру талаптарын қоюда. Қазіргі педагогикалық жүйелерді дамыту бағыттарын кӛрсететін бірнеше маңызды факторларды атауға болады. Олар:

  • Жаңа білімді «туындату», немесе жаңа білім түзілімдерін құрастыруға (бұрын тек мұғалім ғана жаңа білім кӛзі бола алатын) кӛптеген адамдардың, ұжымдардың қатысуына байланысты педагогтардың ролінің, сонымен қатар, білім беру мазмҧнының

ӛзгеруі;

  • Педагогтардың бойында ӛз әрекетін интеллектуалдық тұрғыдан қамтамасыз ететін жаңа қҧзыреттіліктерін дамыту қажеттігі;

  • Қазіргі заманда ӛмір сүру барысында кез келген адамның қҧзыреттік сапаларын бірнеше рет жаңартып отыру қажеттігін

түсіну;

  • Бүгінгі білім берудің жекеленуге бағытталуы, яғни, әрбір білім алушы педагогтар мен тьюторлардың кӛмегімен, ӛзіндік білім алу траекториясын құрастыра алуы талап етілуі;

  • Педагогикалық жүйелерді басқарушылардың қатарында жаңа проблемаларды шеше алатын, ойлау мен инновациялық әрекет етудің жаңаша ҥлгілерін жасай алатын адамдар болуын қажет етуі;

  • Ғылыми білімнің мектептегі сабақ–сыныптық, университеттердегі дәрістік–семинарлық формада жаттанды тҥрде берілуін ӛзгерту қажеттігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет