Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет21/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

Білім мазмҧнын қалыптастырудың ҧстанымдары: бүкіл элементтерінің және бүкіл деңгейлерінде қоғамның сұранысына сәйкестігі, оқытудың мазмұндық және процессуалдық жақтарының бірлігі, ақырында оқыту процесінде оны жүзеге асырудың нақты формаларында жалпыдан жекелікке қозғалысында білім мазмұнының әр түрлі деңгейде қалыптасуында құрылымдық бірлігі.
Білім мазмұнының қайнар кӛзі – материалдық және рухани мәдениетте бекітілген адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Әлеуметтік тәжірибе 4 элементті енгізеді: білім /олардың түрлерінің жиынтығы индивидте қоршаған шындық туралы жалпы түсінік және қажетті іс-әрекетте бағытталғандығын анықтайды/; ісәрекеттің тәсілдерін жҥзеге асыру тәжірибесі /оны меңгеру барысында іскерліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың қызметі жинақталған мәдениетті қайта жасап сақтап және дамыту болады, сол арқылы қоғамның репродуктивтік іс-әрекеті қамтамасыз етіледі/, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі /оның функциясы – мәдениетті әрі қарай дамыту/; шындыққа, ӛз ісәрекетіне, ӛз-ӛзіне деген эмоционалдық-қҧндылықтық қатынастың тәжірибесі.
Адамның және адамзаттың ақиқат шындықты тануының нәтижесi бiлiм болып табылады және оның ақиқатпен сәйкес келуi- бiлiмнiң шындығымен сипатталады. Әрбiр жаңа бiлiм, адамның қоршаған дүниенi тануын тереңдетедi, кеңейтедi және ақиқат шындыққа неғұрлым саналы қарауға мүмкiндiк бередi. Ол - рухани ӛнiмнiң ерекше формасы болып табылатын ғылымитеориялық қызмет. Оның нәтижесi - ғылыми бiлiмнiң ерекше парадигмалық тұжырымдамасын құру, ал одан да жоғарырақ құрылымдық бiрлiгi болып табылатын адамға күнделiктi санасында берiлетiн дүние бейнесiнен ӛзгеше және дәуiрдiң ең мәндi жаратылыс-ғылыми кӛзқарастарын бiрiктiретiн - дүниенiң ғылыми бейнесi.
«Білім» педагогикада кең және тар мағынада қарастырылады. Қандай да бір адамның терең білімі бар екендігі туралы айтқанда, теориялық және тәжірибелік білім мен оларды қолдана білу іскерліктерінің кешені жӛнінде сӛз болады. Ал, қандай да бір жеке пәнді оқып-үйренуде оқушының меңгеретін білім қоры мен оған сәйкес іскерлік пен дағдылар туралы айтқанда, білім тар шеңберде қолданылады. Тар шеңбердегі білім - оқу материалының ұғымдықдеректік құраушысы, оған нақты ӛзара байланысты деректер, теориялық материалдар, терминдер, әрекет тәсілдері туралы білім жатады. Бiлiм - шындықты ӛзгертудiң маңызды құралы бола отырып, ӛсуi жағынан қазiргi уақытта кез-келген басқа жүйенiң ӛсуiн басып озатын, динамикалық жүйе.
«Білім беру» ұғымын зерттеуге әр түрлi кӛзқарастар қалыптасқан. Кейбiр ғалымдар білім беруді екi жақты үдеріс – сабақ беру және оқу үдерісі, яғни оқытушы мен білім алушының бiрлескен әрекетi ретiнде анықтайды. Ол оқытушының басшылығымен ғылыми бiлiмдер, дағдылар, iскерлiктердiң белгiлi бiр жүйесiн меңгеруге бағытталған. Білім беру үдерісi бiлiм, iскерлiк және дағды жүйесiн саналы, берiк меңгеруге бағытталған және педагог кӛмегiмен басқарылатын білім алушылардың дәйектi амал-әрекеттерiнiң жиынтығын бередi. Оның барысында танымдық күштерi дамиды, ақыл- ой және дене еңбегi мәдениетiнiң элементтерiн игередi. Оқытушы мен білім алушының, әлеуметтiк тәжiрибе мазмұнының қандай да бiр бӛлiгiн білім алушының меңгеруi мақсатындағы ӛзара әсерлесуi.
Жалпы білім берудің келесі мазмҧндық қырларын бӛліп кӛрсетуге болады:

  • білім беру қҧндылық ретінде;

  • білім беру әлеуметтік- мәдени қҧбылыс ретінде,

  • білім беру жҥйе ретінде;

  • білім беру ҥрдіс және нәтиже ретінде.

Адам - қоғамның ең жоғары қҧндылығы және қоғамдық дамудың мақсаты ретінде алынады. Құндылықтар (ӛмір, денсаулық, махаббат, білім, еңбек ету, бейбітшік, әдемілік, шығармашылық) адамдарды қай кезеңде де алаңдатты және олар тұрақты. Жалпы адамзаттық құндылықтар мазмұны гуманистік бастамалар, адам тұлғасының ӛзіндік құндылығын бекіту, оның құқығын, еркіндігін құрметтеуді қоғамдық ӛмірге сырттан енгізуге болмайды. Оны кейін қалдыруға да болмайды. Әлеуметтік даму процесі, осы бастамалардың даму процесі.
Ал, адам санасындағы құндылыққа – қоғамдық ой, мақсат, баға беру, түрлі нормалар жатады.

  1. Жалпы адамзаттық құндылықтар: адам ӛмірі, бостандық, отбасы, адам бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, табыс, ынтымақтастық, белсенділік, мәдениет, денсаулық, заңдылық.

  2. Рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтар: мәдениет, әдебиет, тарих, тіл, дін, діл, ар, ұят, намыс, абырой, дәстүр, әдетғұрып, салт, ұлттық дүниетаным, туыстық қатынастар, Отан, Ана, Жер т.б.

Сондықтан, педагогика «құндылық» ұғымын адамның жанжақты жетілуіне ең керекті, маңызды, қажетті, бағалы қасиеттердің жиынтығын құрайтын педагогикалық категория ретінде қарастырады. Себебі, тәрбие қызметі ең маңызды, ең қажетті сапаларды тұлға бойында қалыптастыруды кӛздейді. Құндылықтың адам үшін маңыздылығы мен қажеттілігін ұғыну үшін оның мәнін жан-жақты деңгейде қарастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет