Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет29/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

Арнайы қҧзыреттілік біліктіліктен және пәнінінің, оқытуды жүргізілетін мамандық саласындағы ӛндірістік қызмет тәжирибесінен: нақты ӛндіріспен байланысты техникалық, шыгармашылық міндеттерді шеше білуден тұрады. Әдістемелік құзыреттілік оқытудың әр алуан әдістерін игеруден, дидактикалық әдістерін білуден және оны оқу үрдісінде қолдана білу, психологиялық механизмдерді біліп, оқу үрдісінде білім мен дағдыны меңгеруден құралған.
Психолого-педагогикалық қҧзыреттілік педагогикалық диагностиканы игеруден, оқушылармен педагогикалық мақсатты қарым-қатынас құра білуден, педагогикалык диагностика нәтижелері негізінде жеке жұмыстарды жүзеге асыру: жасерекшелік психологиясын, тұлға аралық және педагогикалық қарым-қатынас психологиясын білу, оқушылардың таңдаған кәсіптеріне, беретін пәндеріне деген қызығушылықтарын оята білуден құралған.
Дифференциальды-психологиялық қҧзыреттілік жеке ерекшеліктерді анықтай білуден, оқушылардың бағытталуынан, адамдардың эмоциялық жай-күйін анықтаудан, жетекшілермен, әріптестер және оқушылармен сауатты ӛзара қарым-қатынас орната білуден тұрады. Аутопсихологиялық құзыреттілік ӛзіндік қызмет деңгейін, ӛзіндік қабілеттерді тани білуден: кәсіби ӛзін-ӛзі жетілдіру тәсілдері жӛнінде білуден: ӛз жұмысындағы, ӛзіндегі кемшіліктердің себеп-салдарын кӛре білуден, ӛзін-ӛзі жетілдіру ниетінен тұрады.
Кәсіби құзыреттілік ӛз құрылымында: қабілеттер (кәсіби қызметке жалпы және жеке); тұлға сапасы (жеке тұлғалық және кәсіби-педагогикалық); қызметке дайын болу, психофизиологиялық дайындық және білім, білік және дағды (пәндік, психологопедагогикалық, басқарушылық) секілді тәжірибе компоненттері білім ретінде карастырылады. Ӛзін кәсіби маман және тұлға ретінде тану манызды компонент болып табылады. Кәсіби құзыреттілік маманның біліктілігін кӛтеру үрдісінің жүйе қалыптастыру категориясы және ӛзін-ӛзі дамытуы ретінде кӛрінеді.
Кәсіби құзыреттілік түсіндірмесіне ықпалдардың әр түрлілігі, аталмыш ұғым анықтамасының динамикалы және кӛптармақтылығымен түсіндіріледі. Бұл ұғымның мағынасы қоғамда, білімде, ғылымда болып жатқан ӛзгерістерге сәйкес әртүрлі кӛзқарастар шеңберінде қарастырылады.
Болашақ педагогтің кәсіби құзыреттілігі педагогикалық процесс барысында қалыпьасады. Педагогикалық процесс барлық оқу орындарында іс-әрекеттің негізгі ӛзегі болып табылады. Жоғары оқу орындағы педагогикалық процестің құрылымды компоненттері: ішкі ӛзгерістерге, біліктілікке, тәрбиелікке, құлықтық, интеллектуалды, эмоционалды және болашақ педагогтің ӛз кәсібилігін кӛтеру.
Жоғары мектеп педагогикасының нақты қызметіне бағытталып барлық компоненттері ӛзгеріп отырады. Педагогикалық үрдіс келесі қызмет атқарады:

  • білімділік – студенттің білімділігін кӛтеру;

  • тәрбиелеушілік – құндылықтар, идеалдар, тұлғалық қасиеттерінің дамытылуы;

  • дамытушылық – тұлғаның түрлі сферасының дамуы: эмоционалды-ерікті, сенсорлы-интеллектуалды;

  • әдістемелік – форманың, әдістің, құралдың таңдалуы студент пен оқытушы арасындағы іс-әрекетті, педагогикалық үрдісті қалыптастырады;

  • талдау-нәтижелік – жаңа міндеттерді ӛндеу, қорытынды шығару, педагогикалық үрдіс ӛнімділігін талдау;

  • кәсібилік – барлық педагогикалық үрдіс компанентін біріктіру, болашақ мұғалімнің, маманның кәсіби білімін кӛтеру;

Педагогикалық ӛзара әрекеттесу Ю.К.Бабанскийдің, З.И.Васильевтің, Т.И. Мальковскийдің, В.А.Сластенин тұжырымы бойынша ӛзара белсенділікті білдіреді:

  • педагогикалық әсер;

  • педагогикалық әсерін белсенді қабылдау;

  • ақпаратты ұғыну;

  • студенттің ӛзінің белсенділігі және оның ӛз-ӛзіне және оқытушыға әсері.

Педагогикалық ӛзара әрекет кезінде субъект арасында түрлі байланыс орнатылады, ақпараттың коммуникативті, психологиялық, методологиялық, ұйымдастырушылық және басқарушылық, ӛзін-ӛзі басқарушылық. Ӛзара әрекет педагогикалық процесте жүзеге асырылады. Сондықтанда педагогикалық процесті талдау оның кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді:
Бірінші кезең – жоспарлау. Педагогикалық мақсат, міндетке байланысты. Жоспарлау бейімділігімен, жоспарлармен, бағдарламасымен, басқа да құжаттардың негізін есепке алу.
Екінші кезең – дайындық. Оқу бағдарламасына, құжаттың жоспарына сүйеніп бӛліктерді моделдеу. Жоғары оқу орынын диагностикалау оқу тәрбие әдістемелік жұмыстың негізі, эстетикалық гигиеналық, құлықтық пен психологиялық шарттар педагогикалық үрдісті толықтырады.
Ҥшінші кезең – ұйымдастыру. Прогрессивті-педагогикалық технология мен әдістемелерді негізге алып , бағдарлама, жоспар, тұжырымдаманы жүзеге асыру.
Тӛртінші кезең – түзету. Оқу-тәрбие процесінің компаненттерін түзету. ЖОО оқу-тәрбие үрдісіне, ұйымдастыру бӛліміне ӛзгерістер енгізу.
Бесінші кезең – қорытынды шығару. Педагогикалық процестің нәтижелі-талдау қызметін, жетістікті диагностикалау, міндеттердің ауытқуын, табыс пен сәтсіздіктің себебін анықтауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық процестің барлық кезеңінде байланыс орнатылса аяқталғандықты білдіреді. Оқу орнының типіне байланысты педагогикалық процестің ӛзіндік ерекшеліктері болады:

  • ЖОО педагогикалық үрдістің жалпы білім беретін мектептен айырмашылығы келесідей:

  • ЖОО нақты мақсатқа байланысты мамандарды кәсіптік дайындауда жүзеге асырады.

  • ЖОО педагогикалық үрдістің субъектілерінің ӛзара әсерлесуін қалыптастырады.

  • ЖОО педагогикалық үрдісі студенттер мен оқытушыларды ғылыми зерттеумен тығыз байланысты.

  • ЖОО-да студенттердің ӛздік жұмысы кӛбейіп, оқу-тәрбие үрдістерінің жүйелі құрастырылуын талап етеді.

Педагогикалық сараман жас мамандардың толықтай кәсіби қалыптасуына мүмкіндік береді. Ол студенттерді оқыту үрдісінде, болашақ педагогтің кәсіби дайындық міндетін шешуге кӛмектеседі.
Сонымен, білім беру – қазіргі қоғам ӛмірінің барлық салаларының дамуының, адамзаттың жаһандық ӛркениеттік міндеттерін шешудің, модернизацияның және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды интегралды факторларының бірі. Бұл мемлекеттің қазіргі әлемде экономикалық табысқа және бәсекеге қабілеттілікке жетудегі, оның азаматтарының ӛмір сапасының артуындағы басты құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет