Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет31/153
Дата04.11.2022
өлшемі482,43 Kb.
#47461
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   153
Байланысты:
педагогика сту

Оқытудың бірізділігі және жҥйелілігі принципі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: білім алушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және білім алушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бӛліктерден тұратын оқыту процесі білім алушылардың білімді меңгеруіне кӛмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, білім алушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.
Шарттары: білім алушыларға білімді меңгерту үшін сызбілім алушырды қолдану. Оқу материалын бӛліктерге бӛліп, оларды ретретімен түсіндіру; оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау; пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану; білім алушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету; бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру; ӛткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру; материалға ойпікірлерді жасанды түрде енгізбеу; білім алушылардың ӛз ойларын қалай айтатынын қадағалау; білім алушыны ӛздігінен жұмыс істеуге үйрету, кӛмектесу; білім алушылардың білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын айтқызу. Әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу; жүйелі білім қисынды, сезімді талап ету; бар күш-жігеріңізбен, шабытпен оқытып, ӛмірден, әдебиеттен айшықты мысалдар келтіру; пәнді, бӛлімді оқып болғаннан кейін міндетті түрде қорытынды-жүйелеу сабақтарын ӛткізу; білім алушылардың қателерін әдеппен түзету; білім алушыны ӛз қатесін талдауға үйрету; білім алушылардың даму заңдылықтарын, ақыл-ой белсенділігін кӛтеру жолдарын білу; білім алушының жасы мен қабылдауын ескеріп, тапсырмалар беру; жүйелі білім есте жақсы сақталады.
Саналылық және белсенділік принципі. Ӛз бетімен меңгерілген білім санаға жақсы сіңеді. Білімді саналы меңгеруге оқу желісі, ӛз бетімен жұмыс, белсенділік, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, білім алушының танымдық іс-әрекетін басқару, Педагогтің әдісқұралдары кӛмектеседі. Білім алушының ӛзінің танымдық белсенділігі оқытуда аса қажет жағдай және оқу материалын терең және берік түсінуге орасан зор ықпал етеді.
Шарттары: жұмыстың нақты мақсаты мен міндеттерін білу; түсінікті етіп оқыту; танымдық іс-әрекеттің барлық түрлерін қолдану; талдау, жинақтау, индукция, дедукция, салыстыру әдістерін қолдану; аналогияны жиі қолдану; бастауыш сыныпта оқытуды индукциядан бастау; білім алушыларға әр сӛздің, сӛйлемнің, ұғымның мағынасын түсіндіру; білім алушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйену; білім алушылардың бірін-бірі оқытуы. Дұрыс жауапты бәрі бірігіп табуы, себебі білім алушы ӛз жолдасының айтқанын жақсы түсінеді. Сондықтан жақсы оқитын білім алушыларға сабақ бергізу; белгілі мәліметтерді белгісіздерімен байланыстыру; ең бастысы, сіз оқытатын пән емес, пән бойынша атқарылатын жұмыстар; білім алушы факті мен білім арасындағы айырмашылықты кӛретіндей етіп оқыту; әрбір ережеге мысал келтіру; негізгіні түсіндіруге назар аудару, қолданылатын мысалдардың санын анықтап алу; тек қана беделмен оқыту жеткіліксіз; сезімге, ақылға әсер ететін дәлелдермен оқыту; білім алушыға оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін үйрету; әрбір ережеге мысал келтіру; негізгіні түсіндіруге назар аудару; білім алушыларды сабақтан алаңдататын жағдайларға жол бермеу; «Неге?» деген сұрақты кӛп ӛойып, білім алушыны дамыту; дәйекті дәлелдермен оқыту; дұрыс оқыту баяндап беру емес, білімді тәжірибеде қолдану; білім алушылардың қызығушылықтарын зерттеу, дамыту; білім-сенімге айналып, іске басшылық ететіндей етіп оқыту; білім алушыны ӛз бетімен ойлауға, жұмыс істеуге үйрету; түрлі мәселелерді талдату арқылы шығармашылықты дамытып, танымдық міндеттерді бірнеше тәсілдермен орындату. Шығармашылық тапсырмаларды жиі беру; білім алушыларға сұрақ қойып, жауаптарын мұқият тыңдау; зат құбылыстарды, білім алушыларға бақылатып, оларды ӛз бетмен меңгерулеріне жағдай жасау; дидактикалық ойын, пікір талас, ұжымдық шығармашылық істі қолдану.
Теория мен практиканың байланыс принципі. Бұл принцип классикалық философияның ӛмір, тәжірибе таным кӛзі деген ережесіне сүйенеді. Ӛмір және практика білім алушыларға дұрыс бағыт береді, белсенді іс-әрекетке ӛзірлейді. Еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны қалыптастырады. Оқытудың ӛмірмен, теорияның тәжірибемен байланысының жақсы болуы білім мазмұнына, оқутәрбие процесін ұйымдастыруға, оқыту нысандары мен әдістеріне, еңбекке және поли-техникалық әзірлікке берілген уақытқа, білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет