Абай Қҧнанбаев (1845-1904), ойшыл ақын, Қазақстан.
Поэтикалық шығармалары мен «Ғаклия» сӛздері педагогикалық ойпікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз ӛмір сүруді, ӛмір ақиқатын түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымының ақылмен, жан құмарымен алынатындығы, қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім-тәрбие алуға шақыруының педагогикалық кӛзқарасының дүниежүзілік педаггика классиктерінің ой-пікірлерімен терең қабасып жатқандығының айғағы.
Ахмет Байтҧрсынов (1873-1937),ағартушы-педагог, Қазақстан. Қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, мектеп ағртушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды. Ол ауыл мектебінде, семинарларда бала оқытты, оқу-тәрбие салаларында кӛп ізденді. Ауыл мектептерінде балалардың қазақша сауат ашуын, оқудың ана тілінде жүргізілу керектігін ұсынды.
Міржақып Дулатов (1885-1935),педагог, Қазақстан. Ы.Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытушы, оқутәрбие мәселелерін ғылыми тұрғыдан қараған, шәкірттердің жаңа бағдарлама арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән берген. «Есеп құралы» қазіргі кездегі математикадан оқӛу кітаптарын құрастырушылар үшін теңдесі жоқ үлгі деуге болады.
Жҥсіпбек Аймауытов (1889-1931),педагогика, психология саласында құнды ғылыми-зерттеу еңбектерімен қатар, ьірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы. Педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.
Мағжан Жҧмабаев (1893-1938),оның «Педагогика» атты еңбегі сол кзеңде ана тілінде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болып табылады.
Лектор сӛзі: Педагог мамандығының ерекшеліктері Әрбір адамның белгілі мамандыққа иелігі оның іс-әрекеті мен ойлау бағыты ерекшелігінен кӛрінеді. Е.А.Климов ұсынған жіктеу бойынша, педагогикалық мамандықтың пәні басқа адам болып табылатын мамандықтар тобына жатқызылады. Бірақ педагогикалық мамандықты басқа мамандықтардан оның ӛкілдерінің ойлау бағыты, борыш пен жауапкершілігін сезіну арқылы анықтайды. Осы сипаттарына байланысты педагогикалық мамандықты ерекшелейді. Оның басқа «адам-адам» құрылымды мамандықтардан айырмашылығы – ол ӛзгертушімен қатар, басқарушы сипатқа ие. Оның мақсаты тұлғаны қалыптастыру және ӛзгертумен қатар, педагог оның интеллектуалды, эмоционалды және дене даму процестерін басқаруы тиіс.
Педагогикалық мамандықтың басты мазмұны – басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу. Оның басты міндеті – қоғамдық мақсатты түсіну және басқа адамдардың күш-жігерін сол мақсатқа қол жеткізуге бағыттау.
Мұғалім мамандығында қарым-қатынас жасау іскерлігі кәсіби қажетті қасиет болып табылады.
Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның объектісі мен нәтижесінде. Объектісі – адам, ол жай адам емес, оның денелік мәні емес, дамып келе жатқан адамның рухани ішкі ӛмірі. Адам - табиғаттың қайталанбас құбылысы. Мұғалім мамандығының тағы бір ерекшілігі - оның балалармен әрдайым қатынаста болуы. Педагогикалық еңбектің құралдары да ерекше. Ол бірнеше компоненттерден құралады: еңбек (белгілі бір мақсатқа бағыттау әрекеті ретнде); еңбек құралы; еңбектің пәні. Педагогикалық еңбек жас ұрпақтың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық еңбек -бұл мәдениетті меңгерген адам және мәдениетті меңгеруші адамның арасындағы ӛзара әрекет.
Мұғалім білім беруші ғана емес, ол жоғары құлықты тұлға. Оның бойында ар, намыс, мейірім деген сияқты қасиеттері болуы тиіс.Кез келген педагогтар оқушылар үшін де, ата-аналар үшін үлгі ӛнеге болуы тиіс. Ӛткен ғасырдың кӛрнекті ғалымы, философ, педагогы Джон Локк мұғалім ӛнегесі жайында былай деп жазған׃ «Оның жүріс-тұрысы ӛзінің сӛздерімен сәйкес келуі тиіс».
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі – ол табиғатынан гуманистік, ұжымдық және шығармашылық сипатқа ие.