таңдамалы компонент – ЖОО ұсынатын және ӛзi таңдаған
оқу пәндерiнiң тiзiмi мен тӛменгi кредит мӛлшерi; силлабус – оқылатын пәннiң сипаттамасы, мақсат-мiндеттерi, қысқаша мазмұны, тақырыбы және әрбiр сабақтың кӛлемi, ӛздiк жұмыс тапсырмалары, консулüтация ӛткiзу уақыты, оқытушының талабы, бағалау ӛлшемдерi аралық бақылау кестесi, әдебиеттер тiзiмi кӛрсетiлген пәннiң оқу жоспары;
Бiлiктiлiгi мен қызметiнiң тiзiмiПедагогика және психология бакалавры, педагог-психолог.
«050103- Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврдың бiлiктiлiк сипаттамасы 6.1 Кәсіби қызметінің саласы
Кәсiптiк iс-әрекетiнiң шеңберi: бiлiм беру жүйесi.
6.2 Кәсiби қызметінің объектiсi
Бiтiрушiлердiң кәсiптiк қызмет объектiсi болып жалпы бiлiм беретiн орта мектеп, мектепке дейiнгi бiлiм және тәрбие жүйесi, бастапқы және орта кәсіптік білім беру ұйымдары, педагогикалық колледж бола алады.
6.3 Кәсiби қызмет пәнi
Кәсiптiк қызмет пәндерi болып мыналар есептеледi: оқыту мен тәрбиелеудiң мақсаты, мiндеттерi, мазмұны, ұйымдастыру формалары, нәтижелерi, Қазақстан Республикасының бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасы талаптарын жүзеге асыру жолдары; потенциалды мүмкiндiктерiн дамыту мақсатымен психиканың тұлғалық және когнитивтiк аумақтарын зерттеу; жекелiк және дифференциалды қатынасты даралы-бағдарлы бiлiм беру арқылы жүзеге асыру.
6.4 Кәсiптiк қызмет түрлерi
050103 - ―педагогика және психология‖ мамандығы бойынша бакалаврлар тӛмендегiдей кәсiптiк қызмет түрлерiн атқара алады:
ұйымдастырушылық - технологиялық (педагогикалық технология негiзiнде оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру);
жобалау (бастауыш мектептегi бiлiм берудi моделüдеу);
ғылыми-зерттеу (түрлi ғылыми-зерттеу мекемелердегi ғылыми зерттеу жобаларын моделüдеу және жүзеге асыру, озық педагогикалық тәжiрибенi ғылыми негiзде зерттеу, жинақтау,
тарату);
бiлiм берушiлiк (психология және педагогика пәндерiнiң оқытушысы, бiлiм беру жүйесiнiң педагог-психологы, мамандарды дайындау және қайта дайындау);
Кәсiптiк iс-әрекетiнiң қызметi оқушылардың субъекттiк iсәрекеттерiн ұйымдастыру және тұлғаның қалыптасу мен даму процесiн басқару.
Кәсiптiк iс-әрекетерi мiндеттерiнiң түрлерi
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерiн қалыптастыру мен дамытуда қоғамның әлеуметтiк тапсырысын орындау; Отандық және әлемдiк стандарттардың талаптарына сәйкес бiлiм берудiң сапалық деңгейiн кӛтеру, озық педагогикалық технологияны меңгеру және оны тәжiрибелiк iс-әрекетке ендiру.
Кәсіби қызметінің бағыттары
Кәсіби қызметінің негізгі бағыттары: сынып ұжымын ұйымдастыру; оқушыларды оқыту және тәрбиелеу; ата-аналар жұртшылығымен байланыс орнату; Білім беру тұжырымдамасының талаптарын жүзеге асыру; ғылыми теориялық білімдері мен кәсіптік біліктілігін кӛтеру; түрлі конференцияларға қатысу, озық педагогикалық және ӛзіндік тәжірибені зерттеу, жинақтау; жаңа педагогикалық технологияларды зерттеу және ендіру.
Кәсiби қызметтің мазмұны
Педагог-психологтың кәсiби қызметінің мазмұны педагогикалық ғылым мен тәжірибенің талаптарына сәйкес психологиялық-педагогикалық үрдiстi ұйымдастыру, оқушыларының ата-аналарымен жұмысты, мектептен тыс тәрбие мекемелерiмен байланысты әрiптестерiмен ғылыми және әдiстемелiк қарым-қатынасты, бiлiм берудi дамытудың тұжырымдамасының мақсаттары мен мiндеттерiн жүзеге асыруды қамтиды.
050103-―Педагогика және психология‖ мамандығы бойынша бакалаврдың түйінді құзіреттеріне қойылатын талаптар:
педагогикалық процестің даму заңдылықтарын ойша елестете білуі керек;
білім берудің жалпы заңдылықтары мен ӛзіне тән ерекшеліктерін, оқыту, тәрбие және дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін, педагогиканың және психологияның ұғымдық
концептуалды аппаратын білуі керек;
теориялық білімдерді тәжірибелік кәсіптік іс-әрекетінде ұйымдастыру біліктілігі болуы керек;
педагогикалық және психологиялық іс-әрекетте оқу-тәрбие шараларының жоспарларын, жобаларын, бағдарламаларын жасап жүзеге асыру және оларды ЖОО, колледж, мектеп жұмысында психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету дағдысы болуы керек;
білім беру сапасының тиімділігін жақсарту мен арттыруды; педагогикалық-психологиялық мәселелерді қою және шеше білуді жетік білуі керек.